ЖҰӨ-ді есептеудің екі әдісі бар: «шығындар бойынша», «табыс бойынша».
Шығындар бойыншаЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:
жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;
кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.
тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.
таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.