Жалпыішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо
Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:
ТҰӨ = ЖҰӨ - А,
мұнда, А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бір компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.
ҰТ = ТҰӨ - ж.с.
мұнда, ж.с. – жанама салықтар.
Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.
ЖТ = ҰТ – С+Т
мұнда, С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;
Т - трансферттік төлемдер.
Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс- тұрғындардың билігінде болатын табыс.
3.Ұлттық есеп жүйесі
Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу ұлттық есеп жүргізу жүйесі (ҰЕЖ) арқылы жүргізіледі.
ҰЕЖ – бір жағынан бар ресурстар, екінші жағынан оны қолдану көрсетілген арнайы таблица мен баланстар.
Ұлттық есеп жүргізудің негізгі мақсаты - олардың пайда болуы, бөлінуі және қолдануы туралы сандық ақпарат беру. Осы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) ұсынысына қатысты есептер жүйесі құрылады.
Есептердің қандай түрлері болатынын түсіну үшін экономикалық қызметтердің түрлерін атап шығу керек.
Қызметтердің осы түрлері тиісті есептерде көрінеді:
өндіріс есебі;
кірістер есебі;
мүліктік жағдайының есебі;
несие есебі;
қаржы есебі.
Халық шаруашылығындағы әрбір шаруашылық бірлікті мейлі кәсіпорын болсын, мейлі үй шаруашылығы болсын, не мемлекет болсын өздерінің келісімдерін тіркеуді есеп арқылы жүргізеді.
Өндірістік есепте, мысалы, белгілі бір кезеңдегі қоғамдық өндірістің шығындары мен нәтижелері есепке алынады.