Меншік — қоғамдық қатынастар жүйесінің негізі болады. Ол формасын эволюциялық, революциялық екі жолмен өзгертеді және әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын анықтайды. Меншіктің барлық формалары өзара байланысты болады және ол тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.
Меншік — қоғамдық қатынастар жүйесінің негізі болады. Ол формасын эволюциялық, революциялық екі жолмен өзгертеді және әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын анықтайды. Меншіктің барлық формалары өзара байланысты болады және ол тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.
Өткен дәуірдегі ойшылдар экономикалық меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадам жасады. Физиократгар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.) “Экономикалық кесте” (1758) деген еңбегінде меншікті көбейту процессінде еңбек өнімділігі ролінің басымдығын керсеткен. Әуелден физиократ болған ол, еңбекшінің егін шаруашылығында басымдығын қолдап, оны барлық байлық пен әл-ахуалдың қайнар көзі деп санаған.
Меншіктің пайда болу табиғатына зор үлес қосқан классикалық экономикалық ғылым өкілдері: Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит болды. Олар алғашқы рет қоғамның топқа бөлінуін көрсетті (жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші).
Батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері американдық экономистер - Рональд Коуз (1910 ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) меншік теориясына үлкен үлес қосты. Бүл теория кейінірек Й. Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты.
2. Меншік және оның мазмұны, түрлері және формалары
Меншік - өндірістер, ресурстар, өндірілген материалдар және рухани игіліктердің жағдайларын меншіктеу қатынасын білдіреді.
Меншік заңды және экономикалық категория болып табылады. “Меншік” термині екі мағынада қолданылады:
а) құқық мағынасындағы меншік немесе заң жүзінде, құқық бойьшша;
ә) экономикалық мағынадағы меншік немесе іс жүзінде, нақты;
Меншікті заңды тұрғыдан қарастырғанда ол формальды және нақты құқықпен байланысты. Формальды құқық немесе меншік титулы - ресми, заңды түрде рәсімдеу және меншікті мойындау. Нақты құқық - шаруашылықпен айналысатын субъектілердің өзара іс-әрекеттерімен, барлық шектеулерімен болатын шын мәнінде нақты өмірде бар қатынастарды білдіреді.
Экономикалық мағынада меншіктің құрамына келесі элементтер кіреді:
а) материалдық игіліктерді меншіктеу (өндіріс құралдарын және өндіріс нәтижелерін);
ә) мүлікті шаруашылықта қолдану;
б) экономикалық табыс алу.
Меншіктің заңды құкығы Римдік кұқықтың дәстүрлі терминдерімен анықталады:
Иемдену - заңға негізделіп өз шаруашылығында нақты бір мүлікке ие болу мүмкіндігі;
Пайдалану - берілген мүлікті заңға негізделіп тұтыну мүмкіндігі;
Басқару - заңға негізделіп мүліктің тағдырын анықтау мүмкіндігі.
Меншікті экономикалық тұрғыдан қарастырғанда иемдену категориясымен байланысты.
Иемдену - адамның оны қоршаған ортамен жалпыға ортақ әмбебап байланысы, адамның мүлікпен кез-келген өзара әрекеттесу қатынасы. Иелену - мүліктен ұзақ уақыт аралығында пайдалы қасиеттердің жиынтығын алумен сипатталады (меншік объектісін жою немесе айыруға жол берілмейді). Иеленуші шын мәнінде меншік объектісін қолданудағы меншік иесінің дәнекершісі больш табылады. Кейбір уақытта өндіріс құралдарын иемденушілер құру, жасау қызметтерімен өздері айналыспайды: олар басқа іскер адамдарға өздерінің мүліктерін шаруашьшық мақсаттарында белгілі шарттармен қолдануға мүмкіндік береді. Бұл кезде меншік иесі мен кәсіпкердің арасында мүлікті шаруашылық мақсатында қолдану қатынастары орнатылады.
Кәсіпкер басқа адамның меншігіндегі затты уақытша иелену мен пайдалануға нақты мүмкіндік алады. Басқа адамдардың меншігін шаруашылықта пайдаланудағы қатынастарға мысал келтірсек: жалға беруді айтуға болады. Жалға беру - бір адамның мүлігін екінші адамға белгіленген ақымен уақытша пайдалануға беру туралы келісім.
Меншіктеудің жоғарғы формасы билік ету болып есептеледі. Бұл жерде еңбекші мен меншік иесі бір тұлға больш есептеледі. Меншік иесі барлық құқыққа ие болады, соның ішінде иеліктен шығаруға да құқығы бар.
Тарихта өндіріс құралдарына меншіктің алуан түрлі типтері мен түрлері белгілі.
Меншіктің екі түрін ерекшелейді: жеке және мемлекеттік, және олардың әрқайсысының бірнеше формалары бар. Жеке меншікте мүлік немесе ресурс иесі бір тұлға немесе жанұя болады. Қор жинақтау сипаты бойынша жеке меншік екіге бөлінеді: еңбек және еңбектік емес. Еңбек меншігі кәсіпкерліктен түскен пайдадан, жалақыдан қалыптасады. Еңбектік емес меншігі мұрагерліктен қалған мүліктен, бағалы қағаздардан, депозиттерден және т.б. түскен пайдадан құрылады. Жеке меншік формасы ұжымдық меншік болып табылады. Ұжымдық меншікке кооперативтік мысал бола алады: кооператив мүшелерінің бірлесіп қызмет жасау мақсатында қаражаттары мен еңбектерін біріктіру негізінде құрылады. Сол сияқты, бұған акциялар сату негізінде құрылған акционерлік ұжымдар да мысал бола алады.
Мемлекеттік меншікте меншік субъектісі мемлекет болып табылады. Басқару мен билеуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншікті ең басты ерекшелігі оның бөлінбестігі.
Мемлекетсіздендіру (мемлекет меншігінен алу) деген ұғымды былайша түсінуге болады, кәсіпорындарды басқаруда мемлекеттік органдардың функдияларын қысқарту, шешім қабылдауда кәсіпорындардың құқықтарын кеңейту процесі. Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің кез-келген басқа мемлекеттік емес меншік түріне ауысу процесі. Мемлекетсіздендіру (мемлекет меншігінен алу) және жекешелендіру келесі формаларға іске асуы мүмкін:
-мемлекеттік мүлікті келешекте сатьш алу мақсатымен жалға беру;
-мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға айналуы;
-мемлекеттік кәсіпорындарды конкурс бойынша немесе аукционда сату;
—мүлікті еңбек ұжымдарына немесе жеке тұлғаларға қайтарымсыз беру.
Әлемдік тәжірибе жеке меншіктің мемлекеттік меншіктен гөрі тиімді екенін көрсетті. Сондықтан ХХ-ғасырдың 90-шы жылдарында Қазақстанда экономикалық реформаның жүру барысында мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру больш өтті. Бұл процесс жекешелендіру деген атауға ие болды. Жекешелендірудің нәтижесінде Қазақстанда меншіктің көптеген түрлері қалыптасты.