Меншік - қоғамдық қатынастар жүйесінің негізі ретінде
Меншік және оның мазмұны, түрлері және формалары
Экономикалық жүйе түсінігі және түрлері
1.Меншік - қоғамдық қатынастар жүйесінің негізі ретінде
Меншік-өте күрделі және көп қырлы құрылым. “Меншік” ұғымы - әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен, қоғаммен бірге пайда болады, ал алғашқыда бұл ұғым жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге, жерге емес, оның табиғи және өндіріс жағдайларына қатынасын байқатады. Мұнда адам өндіруші ретінде және өндіріс кұрал-жабдығын иеленуші ретінде көрсетіледі (жер - қоғамдық өндірістің басты құралы). Материалдық игіліктерді өндіру нәтижесінің арқасында адамдарға өндіріс нәтижесін иелену мүмкіндігі ашылды.