1991 ж. ҚР Конституциясы алғаш рет жеке меншік құқығын анықтады, осы уақыттан бастап жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру мәселелерінде алғаш қадамдар жасалды. «Меншік туралы», «Мемлекетсіздендіру және жекешелендіру туралы» Заңдар жекешелендірудің заңды негізі болып табылады.
1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.
1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.
3.Экономикалық жүйе түсінігі және түрлері
Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды. Экономикалық жүйе - бұл қоғамның белгілі бір тұтастығын, экономикалық құрылымын құрайтын өзара байланысты экономикалық элементтердің жиынтығы; экономикалық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процессіндегі қатынастардың бірлігі.
Қоғамның экономикалық жүйесі шағын экономикалық жүйелерден түрады: үй шаруашылықтары мен кәсіпорындар.
Үй шаруашылықтары дегеніміз отбасы шеңберіндегі ресурстар иелері мен тұтынушыларды көрсететін шағын жүйе.
Фирма (кәсіпорын) дегеніміз шеңберінде қажетті ресурстарды пайдаланып, экономикалық игіліктер мен қызметтерді өндіретін шағын жүйе.
Кез-келген экономикалық жүйеге өзінің ұлттық қызмет атқару механизмі тән болады. Ол «шаруашылық механизмі» деген түсінікпен айтылады және өндірісті ұйымдастыру түрлері мен оны басқару құрылымынан тұрады. Шаруашылық механизмінің сипаты мен қүрылымы өндірістің шеңбері мен салаларының және қоғамдық өндіріс құрылымының ерекшеліктеріне байланысты болады.
Қоғамдық-экономикалық формацияны экономикалық іргетас пен қондыргы құрайды және ол бес түрлі кезеңдерден тұрады:
1. алғашқы қауымдық;
2. құл иеленушілік;
3. феодалдық;
4. капиталистік;
5. коммунистік.
Әр түрлі экономикалық жүйелер негізгі экономикалық сұрақтарды өздігінше шешеді. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
1.Меншік түрлері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру түрлері бойынша.
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйелерді төмендегідей түрлерге бөледі:
а) дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік-әміршілдік экономика;
б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика;
в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.
Экономикалық жүйені мынадай түрлерге бөледі:
-ескі технологияға негізделген, қол еңбегі кең тараған, көп экономиканың тәртіпті және ғасырлық салт-дәстүрлері қалыптасқан, әлсіз дамыған елдерде кең тараған дәстүрлік жүйе. Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа тарап нені, қалай, кім үшін өндірілетіні солармен анықталады. Уақытпен белгіленген және арнаулы рәсімдермен қолданылатын дәстүр өндірісті, айырбастауды, бөлуді және табысты тұтынуды анықтайды;
Әміршіл – бұл экономикалық жүйеде өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну туралы барлық шешімді мемлекет қабылдайды. Мемлекет диктаторлық болып табылады, оның жеке меншігі өндірістің барлығына және жерге тараған, қабылданған экономикалық шешімдер орталықтанған міндетті жоспарлауға негізделеді;
-нарықтық экономикада шаруашылық шешімдерін әрбір экономикалық агент өз бетімен қабылдайды. Ол еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке және жеке меншікке негізделген. Нені өндіру қажет, ол, мына немесе басқа тауарға сұраныс беретін тұтынушымен анықталады. Қалай өндіру қажет, оны өндірістің ұстанымы мен табыстың жоғары болуын есептейтін өндіруші шешеді. Кім үшін шығарылуы қажет, кімнің ақшасы бар, соның пайдасына өндіруші шешеді;
-аралас экономика - негізгі экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл ойнайтын мемлекет пен жеке сектордың экономикалық жүйесімен бірге жұмыс істейді. Сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекет рөліне байланысты, аралас экономиканың моделі бөліп көрсетіледі.
Д.Белл - америкалық әлеуметтанушы, ол өзінің теориясында қогамның үш құрауышын бөліп көрсетеді:
әлеуметтік құрылым;
мемлекеттік құрылым;
мәдениет.
Д.Белл теориясы қоғам дамуының үш негізгі кезеңін анықтайды: индустриалдыққа дейінгі қоғам, индустриалдық қоғам, постиндустриалдық қоғам.