Жоспар Кірісп


"Тәрбие басы — тал бесік" атты музыкалы-драмалық қойлым



бет6/6
Дата22.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#12126
1   2   3   4   5   6

2.2 "Тәрбие басы — тал бесік" атты музыкалы-драмалық қойлым


"Тәрбие басы-тал бесік" деген тақырыптағы музыкалы-драмалық қойылым, ашық тәрбие сағаты ретінде өтті. Бұл қойылым оқушыларға ата-салтымыздың ұмыт бола бастаған әдет ғұрпымызды дәріптеу, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу болды. Сыныптағы 25 оқушыны 5 топқа бөлдім. Бірінші топ: Сүйінші сұрау

Балаға ат қою:

- көрініс.

Екінші топ: Бесік, бесік жыры, бесік той:

- көрініс

- жырын айту.

Үшінші топ: Шілдехана тойы:

- көрініс

- жырын айту.

Төртінші топ: Тұсау кесу:

- көрініс

- жырын айту.

Бесінші топ: Такырыпқа сай:


  • мақал- мәтелдср

  • әндер

  • өлендер.

Тәрбие басы- тал бесік.

(музыкалы- драмалық қойылым).

Мақсаты: Ұлттық, дәстүр-салттар нәрінен сусындауына, тәлім-тәрбие, тағылымдарын адамгершілік қасиеттердің өнегелі үлгісі ретінде бойына еркін сіңіруіне мүмкіндік туғызу. (Залмен, сахнада домбыраның сазды үні ойнап тұрады).

Киіз үйдің керегелері жартылай тігіліп, үй жиһаздарын безендіріледі. Ұлттық киім киген кемпір, шал, ұл-қыздары, келінде: үй жұмысымен айналысып отырады. Төрт бес бала асық ойынының қызығына түсіп жатады.

Көрнекті жерлерге халқымыздың өсиет сөздерімен, ақындардың жырларынан үзінділер жазылып, ілінеді. Мысалы: "Ұлы бар үйде, қуат бар, қызы бар үйде – шуақ бар», «Өз базарың өз балаң, ол қызық озбаған", "Бала бауыр етің", «Бақыттың басы – баладан, баланың нәрі — анадан", "Ағаш жапырағымен қымбатты, ал, ұрпағымен қымбатты, "Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады", "Перзент көздің нұры, жүректің жыры", т.б. Жүргізуші қыз, жігіт сақнаның бір бөлігінде жекеленген столда отырады. Оркестр сахнаның бір шетіне жайғасады. Домбыраның сазды үні шырқап тұрады.

Жүргізуші қыз:

Қуанып жан жүрегім қақ жарылып,

Қәсірет басымдағы қалды арылып.

Ұл көріп, ұлы дүбір той жасаймыз,

Атқан соң маңдайымнан тақ жарылып,

(Оркестр Түркештің "Көңіл ашар" күйін тартады. Екі оқушы қуанып, сүйінші сүрайды. Үй иелері қуанышқа бөленіп жатады).

Жүргізуші жігіт:

Дүниеге нәресте келгенде сүйінші сұрау, ат ерттеп,

жол жүруі ағайын туысқандарды қуанышқа бөлендіру,

болып табылған. Сүйінші беру – еңбекті бағалаудың бір

түрі ғана емес, қуанышты, жақындықты білдіру.

Жүргізуші қыз:

Күн келген бейбіт көгінде,

Ғажайып байтақ елімде.

"Балалы үй-базар" тегінде

Бақытың - бала - сенің де.

Бақыты — бала — оның да ,

Бақытым - балам менің де.

"Бал бөбегім" (сөзі Б.Тәжібайевтікі, әні Р.Байкоңыровтікі әні орындалады.

Жүргізуші жігіт. " Балаға ат қою". Басқа халықтардан ерекшелігі қазақ аттарынық көптігі — соның әсері болар, азан шақырып ат қояды. Ат қойғанда туыс адамдар аттары қайталанбау керек. Ұлаттары ерекше көп болған, қыз аттары нәзік сұлулыққа көркемделген аттың өзіне тиіс тәрбиелік мәні бар. Ат қоюдағы ырымдар: "Жаман" аттардың кез тимесін", "тіл тимесін" деген оймен қойылуы ерекше. Негізінен, ат қоюдағы тілек – есім адамның өмірлік серігі, онда жақсылық, денсаулық, байлық сұранады.

(Қуандық, Өмірзақ, Құнанбай, Ұзақбай, Жақсылык т.б.

Киіз үйде жас нәрестеге ат қойылып тойлап жатады).

Жүргізуші қыз:

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,

Жүргенін көрген бір мұрат.

Жүргізуші жігіт: "Бесік". Бесіктің қазақ өмірінде алатын орны ерекше. Көшпелі өмірге ыңғайлы болған. Балаға жайлы орын, тазалығын, денсаулығын сақтауда маңызы зор.

Жүргізуші қыз: "Бесік той", Қазақ халқы қызды аса жоғары құрметтеген. Сол себептен, өсіп, өнсін деген үмітпен, ізгі ниетпен бесікті нағашысы әкеледі. Бесікті саудаласпай сатып алады. Ағайын арасында бесікті тегін беру дәстурге айналған. Баланы бесікке салу ауыл балаларына, жақындарға арналатын көңілді той. Әр түрлі ойындар ойнатылады. Мысалы: ауыл қариясы қолына қамшы алып, бесікке мінеді, сөйтіп, "Қоқанға барам", "Қоқанға барам " деп айнала отырған адамдарды қамшылайды.

(Бесікке салу кәдесі жасалады). "Бесік жыры орындалады. "Бөбек бөлеу" І.Жансүгіровтің (ана жыры).

Жүргізуші жігіт:

Ақылға терең бойламай,

Базарық жайлы ойламай.

Ажарың жайлы ойламай,

Балалар жайлы ойламай.

Болашақ жаплы ойламай,

Бақытты болу - қайда — ай.

Жүргізуші қыз: "Шілдехана тойы" - халқымыздың қастерлі тойларының бірі. Шілдехана тойы бала туған бір жеті өткенде немесе бала қырқынан шықса соң өткізілетін дәстүр. 40 күндік өмір боланың дамуындағы белгілі бір кезең, ежелгі дәстур бойынша нәресте қырқынан шығарылғанда, халықтың өз нанымы бойынша қыз бала, қырық, ал ұл бала отыз күннен соң-ақ қырқынан шығарыла береді.

Жүргізуші жігіт :

Ата — апалық - үлкен сын,

Бала өсіру үлкен өнер.

Жақсылардың соңынан,

Жарқын қыз бен ул ерер.

"Сәби болғым келеді"

(сөзі М.Мақатасвтікі әні Т.Рахимовтікі) әні орындалады.

Жүргізуші қыз: Жаңа өмірге іңгәләп келген жас нәрестенің буыны бекіп, сүйегі қатая бастаған шақта, ата-ана қуанышының айғағындай болған шілдехана тойы өткізіледі. Бұл жиында дүниеге келген нәрестенің өміріне құттықтау айтылып, оның бүкіл тіршілігін қайғысыз, уайымсыз өткізіп, жақсы өмір кешуіне жүрек жарды тілектер, жылы лебіздер білдіріледі. (әр түрлі әндер айтылып, ойындар ойналып, шілдехана тойы өтіп жатады).

Жүргізуші жігіт:

Жылы сөзге сәби де мәз боп қалады,

Жылы сөзге қарт та мәз боп қалады.

Әр адамға бір жылы сөз тауып айт,

Жабықпасын, жарқылдасын жанары.

Жүргізуші қыз: "Тұсау кесу "- баланың қаз тұрып, той-той басып жүре бастауына жасалатын салт. Тұсау кесу жүріс тұрысы жеңіл, елгезек адамды таңдайды, себебі, бала да сондай болсын деген мақсатпен жүре бастаған бала аяғына ала жіптен тұсау салынады, оны белгілеген абам кеседі.

(Тұсау кесу рәсімі көрсетіледі).

Жүргізуші жігіт:

Қаз-қаз, балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам.

Тұсауыңды кесейін,

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Тәй-тәй, қаз-қаз,

Қадамыңды бас-бас!

"Түеау кесер" (өлеңі мен әнін жазған С.Медеубеков) әні орындалады.

Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жас ұрпаққа насихаттауға арналған "Тәрбие басы-тал бесік" атты музыкалы-драмалық қойылым аяқталды.

Қорытынды.


Тәуелсіздік алып, қазанымыздың құлағын өзіміз ұстағанымызға да міне 10 жыл толып отыр. Егемендіктің бас кезіндегі өрекпіген көңіл де, пәлен ғасырда әрең қол жеткен бостандықтың лықылдаған қуанышы да бұл күндері өз сабасында. Тәуелсіздіктің не екенін, бостандықтың қандай болатынын ұғындық.

Адам тәрбиесі – киелі ұғым. Олдік-талдық дегенде араға әлденеше ғасыр салыл жеткен тәуелсіздік тусында егемен еліміздің жеткіншек ұрпақтарының тәрбиесі туралы болса әңгіме тіпті де бөлек. Біз ендігі жерде ішкенге мәз, жегенге тоқ, таңды атырып, күнді батырып, тып-тыныш орысша шүлдірлеп жүре беретін, тарихы мен ұлттық салт-дәстүрінің иісі нұрнына да бармайтын мәңгүрт ұрпақ емес, мына тәуелсіз еліміздің шаңырағына уық болып шаншылатын, босаға болып қадалатын, табалдырық болып көлденең түсетін нағыз ұлтжанды халқын сүйген, отаншылдық сезімі жоғары ұрпаққа көңіл аударуымыз қажет.

Ұрпақты әдептілікке, адалдыққа, мейірімділікке, еңбеккерлікке, адамгершілікке, иманлылыққа, халқын, жұртын, Отанын сүюге тәрбиелеуді салт пен әдет, дәстур мен сана нұсқалары аз емес. Сондай-ақ кесір мен кесапаттан, қатыгездіктен, тоң мойын жалқаулықтан аулақ болуға шақыратын тиымдар мен нұсқалар, аңыздар мен даналық түйіндер баршылық.

Халқымыздың адамгершілікке толы тәрбиесі сандаған жылдар бойы "ескіліктің қалдығы" делініп, өмірден шеттетіліп сана мен салттан өше бастады. Мұның өзі перзенті қарттар үйіне өткізген немересін бір көріп, иіскегісі келіп, зар болып, қасіретті көз жасын төккен ата мен әжені, көшеге інгәләтіп тастап кеткен шерменде шарананы көбейтіп аза бойды қаза тұрғызуда.

Өмір ағысында жас ұрпақ келеңсіздік көп-ақ. Мұның бәрі қазақтың ұлттық тәрбиесінің қағажу көріп, шеттетілуінен. Алтын қазына, аяулы атасы қайтыс болғанда ат қойып келеген ұрпақ дәстүрінде, ел қорғаны азаматы шейіт болғанда айтылатын үш мезгіл жоқтауда қаншама бауырмалдық қыз ұзатылардағы жар-жар, сыңсу мен қоштасуда қаншама өнеге жатыр десеңші!!!

Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы құлдырауды қапына келтіруді толық болар-ау. Ал санадағы батпандап кірген кемшіліктен арылып, сананың даңғыл сарапына жету қиынның қиыны болса керек.

Сіздерге белгілі бұл қиындықты жеңуде мектеп – ең негізгі күш. Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруде мектептегі барлық жұмыс арналарын тиімді, дәл пайдалану керек-ақ.

Шыр етіп дүниеге келген перште сәбиге адам асыл қасиеттер ана сүтімен, берісі бесіктен дариды десек, әсте асылық айтпаған болар едік. Ал бала тәрбиесінің ошағы саналатын – мектеп тәрбиесі бала бойына ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен де маңызды роль атқарары даусыз. Асылы тәрбиенің негізгі ірге тасы – адамгершілік тәрбиесіне байланысты. Өйткені адам бойындағы мындаған қасиеттердің ішінде негізі орын алатын қасиет - адамгершілік қасиет. Бұл – аксиома. "Ұлттық тәрбиенің негізі – адамгершілік, еңбек тәрбисесі – дейді Мағжан Жұмабаев. Десе дегендей-ақ шынында адамгершілік тәрбиеге баланы сәби шақтан дұрыстап озық түрде баулу қажет.

Заман алға жылжыған сайын адамзат бойынан бұрын соңды болмаған, байқалмаған қатігездіктер табылып жатыр. Оның себебі жас буынды мектеп қабырғасында рухани тәрбиемен сусындатпағандықтан деп ойлаймын. Балаға білім беру басты міндетке саналып, рухани тәрбиеге көңіл бөлінбейтінін жасырудың қажеті жоқ. Нәтижеде данышпан айтқандай, ұрпақ моральдық азғындау жолына түсті.

Рухани тәрбие – ол имандылық. Кез келген адам мақсатына кіршіксіз таза рухани дүние арқылы ғана жетеді. Ендеше біз бала бойына алдымен имандылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіруіміз қажет.

Бүгіндей қоғамның аласапыран шағында иісі адам баласын имандылық, адамгершілік тәрбиеге баулу өте-мөте маңызды мәселе болмақ. Осыған орай бүгінгі таңда мектеп оқушыларына имандылық пен адамгершілік тәрбие беру мақсатына "Атамекен" бағдарламасы қабылданған. Бағдарламада "Салт", "Асыл мұра", "Бабалар өсиеті", "Қыз бен жігіт", "Заманай", "Достық", "Ата-ана", «Қайрымдылық», "Сөнбес жұлдыз" атты тәрбиелік мәніне орай топтастырылған бөлімдер бар. Олардың қай-қайсы болмасын бала бойында асыл да, ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізері даусыз. Бізді қоғамда игілікті шараларды қабылдау мен енгізу бар да, оның жүзсін асуын талап ету, қадағалау жағы ақсап жатады, ақиқат айтсақ. Егер біз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, көп болып жұмыла осы бағдарламаның өз дәрежесін іске асырсақ тамшыдай үлесімізді қосар болсақ, ұлтымыздың жұлдызының жоғары болуына, еліміздің еңселі де іргелі, өркениет ел қатарына қосылуына мол үлес қосқан болар едік. Осы бағыттарды іске асыруда көптеген шаруашылық басшылары мен ақыл әкімдері тағы да басқа ауыл белеснділері кішкентай болса да қаржы тауып, бір-екі топтық бала бақшаларын ашқандары жөн болар еді. Мұның өзі бүгінгі кішкентай бөбектер, ертеңгі еліміздің келешегі болып табылатын жас жеткіншектердің жан жақты дамуына жасаған үлкен көмек болар еді. Олар ата-ана мен баланың сауабын алып қоймай "Қазақстан Республикасының орта білгілі дамыту Тұжырымдамасын" жүзеге асыруға әрқайсысы қолдарынан келгенше үлес қосқан болар еді. Біздер ұстаздар мектепте балабақша мен үйден келген оқушыларды көріп жүрміз. Аралары жер мен көктей, балабақшасында тәрбиленген баланы дамуы көптеген жағдайда үйде тәрбиеленген баладан жоғары.

Қай істе сияқты тәрбие жұмысында да барлығы бірігіп, әсіресе ата-ана, ұстаздар және жұртшылық біріксе, жас жеткіншектерді тәрбиелеуде зор табыстарға жетуге болады. Алдағы уақытта да Пестолоций айтқандай "Тәрбие және тәрбие – мектептің мақсаты" болатынына күмән жоқ.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





  1. Қ.Оразбекова «Иман және инабат» Алматы, 1993

  2. Ә.Табылдмев «Тағылым» Алматы. 1999

  3. Абай Құнанбаев. Екінші том. Алматы. 1997

  4. Ә.Дербісалиев «Қазақ даласының жұлдыздары» Алматы. 1995

  5. Х.Сүйіншалиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы. 1997

  6. Е. Раушанов «Хадистер» Алматы. 1991

  7. Қ.Жарықаев, Ә.'Габылдиев «Әлем және жантану» Алматы. 1994

  8. Бастауыш мектеп 1998

  9. Қ.Л.Маджанов «Имандылық сабақтар» Шымкент. 1998

  10. М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы. 1993






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет