Жоспар Кіріспе 3-5 I. Бастауыш мектеп



бет1/19
Дата16.05.2022
өлшемі266 Kb.
#143412
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
дип Матем анализ синтез


Жоспар
Кіріспе 3-5
I. Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы оқушылардың жас
ерекшеліктері.
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық
ерекшеліктері 6-9
1.2 Бастауыш мектеп математикасының оқыту
ерекшеліктері 10-17
II. Мектеп математикасындагы анализ және синтез.
2.1 Бастауыш мектеп математикасын оқытудағы таным
әдістері 17-26
2.2. Бастауыш мектеп математикасындағы анализ және
синтез 27-43
Іс-тәжірибе нәтижесі 44-48
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
K I P I С П Е
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кездс математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған. Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады: барлық оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу;
мектептің жоғарғы сатысында математикадан білім беруді жеке даралау мен топтау әдістері арқылы іске асыруды кеңінен енгізу.
Осы орайда математиканы оқытудың негізгі мақсаттары болып оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың негізгі заңдылықтарының математикадағы көрінісін бейнелеу;
Оларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру; оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, практикалық есептерді шығаруға, сондай-ақ математиканы басқа пәндерге қолдана білуге үйрету; Оқушылардың өздігінен білім алуына көмектесу және т.б. табылады.
Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болашақ коғам мүшелерінін өмір сүріп нәтижелі қызмет етуінде математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол.
Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады.
Ал оның негізгі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабагында ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейкесті мәселе.
Жумыстың мақсаты — Бастауыш сынып математика сабағында анализ және синтезды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына талдау жасау.
Жұмыстың болжамы — егер бастауыш сынып математика сабағында анализ және синтезді қолдану арқылы оқушычнпчын пй-өрісі дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.
Зерттеу объектісі — бастауыш мектеп оқушыларына математика оқыту процесі.
Зерттеу пәні — бастауыш мектеп математика сабағында анализ және синтезді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдары.
Зерттеу жұмысының мақсатына және болжамына сәйкес зерттеудің төмендегідей міндеттері анықталады.

  1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерімен танысып,
    оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;

  2. Бастауыш сынып математика сабағында анализ және
    синтезді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын
    арттыру мүмкіндіктерін анықтау.

  3. Бастауыш сынып математика сабағында анализ және
    синтезді қолдану арқылы оқушыларды пәнге деген кызығуын
    арттыру және оның тиімділігін тексеру.

Жұмыстың практикалық құндылығы — тапсырмалар мен анализ және синтездік кейбір мұғалімдер мен әдіскерлердің іс-тәжірибеде қолданылуында және орта мектептердің бастауыш сыныптарында пайдалануға болатындығында.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет