Жоспар Кіріспе 3-5 I. Бастауыш мектеп


Математиканы оқытудағы есептің ролі



бет6/19
Дата16.05.2022
өлшемі266 Kb.
#143412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
дип Матем анализ синтез

Математиканы оқытудағы есептің ролі.
Оқу процесінде есеп шығару маісмсииканы оқытудың мақсаты ретінде де, оны оқыту әдісі ретінде де бой көрсетеді. «Математикалық есеп дегеніміз - математикадағы заңдылықтар, ережелер мен әдіс-тәсілдер негізінде оқушылардың ойы мен іс-әрекетін талап ететін және математикалық білімді меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация». Сондықтан есеп шығару математиканы оқытудың ажырамас бөлігі, себебі есеп шығару математикалық ұғымдарды қалыптастырып, байытуға оқушылардың математикалық ойлауын өрістетуге, білімдерін практикада қолдануға, табандылық, ізденгіштік, ецбек сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашады. Математикалық есептер:
а) жаңа математикалық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету;
э) практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
б) білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру;
в) проблема қою және проблемалық ахуал туғызу:
г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау;
ғ) политехнизм принциптерін іске асыру және
д)оқушылардың творчестволық қабілетін тәрбиелеу үшін пайдаланылады.
І.Математикалық ұғымларды меңгертуге арналған есептер математикалық ұғымды толық түсіну үшін оның анықтамасын қаттап алу жеткіліксіз екені мәлім. Ұғымды меңгеру үшін оның анықтамасымен қатар ерекше белгілерін, қасиеттерді білу қажет. Бұған ең алдымен есеп шығару, жаттығулар орындау арқылы қол кеткізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет