Жоспар: Кіріспе: Аштық. Қазақ қалай аштыққа ұрынды? Негізгі бөлім


Тамақ іздеп, аштық пен суықтан қалтыраған ана мен бала. 30-шы жылдардың басы



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#119066
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-20351

Тамақ іздеп, аштық пен суықтан қалтыраған ана мен бала. 30-шы жылдардың басы.
Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдыраап төмендеуі 1932-1933жылдардағы қуаңшылыпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтанөте көп адам қырылып, қазақелі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 1 млн 750мың адамынан,яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикда тұратын басқа халықтар да санжағынан кеміді.
Қазақстанға Ф.И.Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп,небір сұмдық амал-айла,зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып,мыңдаған қазақ азаматтарының қаны төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы -31, 1930 жылы -82,1931 жылы -80 жалған контрреволюциялық ұйымдар ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды. /4/
Сөйтіп,тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей,қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы,халықтың басқа республикаларға,қытайға,Иранға,Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. /3/


3. Сол кездегі биліктің екіжүзділігі, «Сталинге хат»
Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұриалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф.И.Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л.И.Мирзоян сайланды. /4/
Л.И.Мирзоян (қазақ халқы оны сүйіспеншілікпен «Мырзажан» деп атап кетті) көшіп кеткендерді қайтару және оларды шаруашылыққа тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Бірақ 1938 жылы «жапон тыңшыларымен» және «ұлтшыл- фашистермен» күрес науқанындағы қуғын-сүргін аласапыранында осы іс-шаралар тежелді. Республика ОК-нің жаңа аппараты «халық жауларының» ісін жалғастыруға тәуекел ете алмады (Л.И.Мирзоян тұтқындалып, атылды). Алайда бұл тарихтың тағы бір зұламат беттері саналады.
Аштық және сонымен ілесе келген індет, сондай-ақ көшіп кету өзінің бастапқа кезеңінде-ақ қалыпты демографмялық процесті шайқалтып жіберді.
Сол жылдардың қайғылы оқиғалары себептерін дәстүрлі тарихнамада айтылып келген «қателіктер мен асыра сілтеулер» салдарымен ғана түсіндіру мүмкін емес. Қайта керісінше, бұл арада заңды құбылыс орын алған, яғни жұмылдыру-әкімшілік және волюнтаристік- күштеу әдістері өзінің табиғатынан стихиялы келтіні анық. Оның негізінде саяси- идеологиялық құралдары ел өміріне кеңінен енгізу, шаруашылықты басқаруға қолдану, құқықтық нормаларды және адам факторларын (бүгінгі тілмен айтқанда) аяққа басу үрдістері жатыр. Тиісінше, қателіктер мен асыра сілтеулер қоғамды ұйымдастырудың сталиндік үлгісінің объективті логикалық шындығын білдіреді. Шынында да. Өлкеде қалыптасқан жағдай туралы Мәскеуде баяндама жасап оралғаннан кейін Л.И.Мирзоян (оның республикалық партия ұйымының басшылығымененді кіріскен кезі) мен ҚАКСР ХКК-нің төрағасы О.Исаевтің Қазөлком бюросы отырыстарыныңбірінде айтқанындай,Л.Каганович қатты абыржыған. Ол ылғи да : «Бұлай болғаны қалай? ОК бұл туралы неге газеттен оқып біледі (тап-таза жалғандық,өйткені баспасөз сол кезде «ақпараттарын» рұқсат етілген насихаттық шамадан әрі асыра алмады)? Бұл туралы үндемеу кімге пайдалы?» деп қатты ашуланып,қайта-қайта сұрай берген.
Биліктің жоғары эшелондағыларының екіжүзділігіне РФСР ХКК төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың «Сталинге жазған хаты» куә бола алады.
Онда былай деп жазылды: «Шамамен Қазақстан өлкесімен көршілес көшіп-қонып жүрген жерден алынған соңғы деректер бойынша қазір қазақтар: Орталық еділде-40 мың адам, Қырғызстанда-100 мың адам,Батыс Сібірде-50 мың адам, Қарақалпақта-20 мың, Орта Азияда 30мың адам шамасы. Көшіп кетушілер жекелеген аудандар бойынша аудандар халқажалпы санының 40-50%-ына жетеді...
Бірақ қазақ щаруашылықтарының осы көшіп қонулары мен сергелдеңге түсуінің ең теріс нәтижесі-қазақ халқының басына түскен 132 жылы басталған ашаршылық пен індет, ол жазда азайып, енді тағы да жан шошытарлық мөлшерде асқынып отыр. Өткен көктемде қазақ аудандарында және көшіп-конушылар арасында аштық пен індеттен болған өлімнің көбеюі байқалады. Ашаршалық тудырған індет қазір көктемнің жақындауымен қайта өршиді. Міне,жергілікті материалдардан алынған және соңғы кезге қатысты бірқатар фактілер.
Көшпелілердің жағдайы оңып тұрған жоқ. Көптеген қалалар мен теміржол станцияларында (Әулиеата,Шымкент,Семей,қызылорда және т.б.) күн сайын өлген қазақтардың мәйітін тасып жатқанын көруге болады. Шу ауданында (уәкіл Жандосов жолдастың хабарлауы бойынша), аудан орталығында, Новотройцк селосында күніне 10-12 қазақ өледі және көшпелілердің 60 пайызы ауданнан кетіп қалған.Жода халықтың бір бөлігі аштықтан қырылған. Қаңтардың бір ғана екінші жұмасында 24 мәйіт көмілген. Жолшыбай оларға қарулы бандиттер шабуыл жасаған. Әйелдер балаларын суға лақтырыпты. Әулиеата қаласында 5-6 қаңтарда шайханалардан балалардың мұз болып қатып қалған 20 мүрдесі шықты және осы мерзімде 84 ересек адам қайтыс болды. Ақтөбе облыстық комитетінің1932 жылғы 16 қазандағы қаулысында Жосалы теміржол станциясына келген (және кейін ексеуіл станциясынажіберілген, бала-шағасымен кері оралған 300-400 дейінгі көшпелілер отбасынан 100 адамның, оларға көмек жасалмағандықтан өлгені (оның ішінде 21 адамның кәдңмгі шешектен) көрсетілген, станцияда қазақтардың таяқ жегендері де бар. Аталған қаулыда аудандық ұйымдардың «қазақтардың жаппай өлуіне көз жұмып қарағаны» айтылады. /3/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет