Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою, және қолма-қол ақшаның инкассацмялау тәртібін орнатады. Ұлттық банк Қазақстан Республыкасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады. ҚР-да ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкасскациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін. Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды. Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысуларының біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады. Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшалардың эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды. Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалар. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бәлігі. Артық резервтер дегеніміз юанктердің Ұлттық банкідегі корреспанденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспанденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді. Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді. Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлессалмағына байланысты болады. Бұл – айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық ьанк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақлылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді. Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады.
3.3. Инфляция туралы түсінік Инфляция (латының «inflatio», аудармасы – «қабыну», «ісіну») – бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан, тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Инфляция – бұл кез-келген экономикалық даму үлгісіне тән объективтік құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады. Қазіргі инфляция мынадай фактоларға байланысты: 1) Ақша айналысының факторларына:бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; 2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономиаклық саясаты, оның ішінде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады. Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі типі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы. Сұраныс инфляциясы мынадай фокторлардың әсерінен туындайды: әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техикалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс ақша үшін артық болып қалады; мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады; несиелік экспансиялау, яғни елдің орталық банкінің комерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды; импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы; ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау. Шағын (ұсыныс) инфляциясы – бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады: еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы; көрсетілген қызметтің маңызының артуы; бір өнім бірлігіне жұмасалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі; энергетикалық дағдарыс. Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады: алтынға; тауар; шетел валютасына. Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлар бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валбтасына қатысты ұлттық валюта бағамы төмендейді. Инфляцияны мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады. Инфляциялық процестің сипатына қарай: ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады; жабық инфляция, яғни тауао тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бағалау жасап отырады; инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді. Таралу орнына қарай: Локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі; Дүнижүзілік инфляция; яғни кейбірелдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды. Бағаның өсу қарқынына қарай: баяу инфляциясы – баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі; орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200%-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады; ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды. Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән. Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде көрініс табады. Мысалы, 2002 жылдың соңында статистикалық мәліметтер бойынша инфляция мөлшері – 5,9% -ды құрады. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2002 – 2004 жылдарғаарналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамға сай болып келеді. Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш – тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады. Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады. Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады. Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады: Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржының бағасы ТБИ = x 100 Базалық жылдағы тұтыну қөожының бағасы Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін : баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады; баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдық жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды; баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, я, яғни ағымдық жылдағы баға базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендауін көрсетеді Инфляциялық процестің жағдайларына байланысыт ақша айналысын тұрақтандыру формаларына: ақша реформасы және антиинфляциялық саясат жатады. Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер. Ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге асырылады: жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы жаңа валюта енгізу туралы хабарлау; қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрыңғы алтындық құрамын немесе валюталық паритеті қалпына келтіру; деноминация, яғни «нөлдерді қысқарту» әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру. Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін фоктарларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды: Дефляциялық саясат – бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық механизмін қолдану арқылы мемлекеттік шығындарды азайту, несие үшін пайыз мөлшерін реттеу және ақша массасын шектеу әдістерінің жиынтығы. Табыс саясаты – бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары. Біздің елімізде бағаға бақылау ҚР монополияға қарсы саясат комитеті арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі сирек қолданылады. Индексациялау – ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді. Бұл әдіс 1999 жылы 5 сәуірде ҚР Үкіметінің шешімімен «еркін өзгермелі валюта бағамына» өту барысында, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрт төмендеуі туындаған (мысалы, 1АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,5 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті) халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңгедегі салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады. Сонымен қатар осы әдістің көмегімен, бұрыңғы КСРО-ның Жинақ банкінде сақталған және 90-шы жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халықтың Жинақ банкісі арқылы қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары жүргізіліп жатыр
3.4. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан, ТМД-нің басқа мемлекеттерімен бірге “рубль аумағында“ қала береді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банк атап көрсетілген. 1992 маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды. Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі:1961 – 1991 жылы кеңес ақшалар, 1992 жылы Кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 рубль). Ресей Орталық банк шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді. 1993 жылы 23 шілдесінде Ресей Орталық банкі 1961 – 1991 жылы кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 жылы 5 000 және 10 000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бір апта берілді. Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткенсоң айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды. Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берілді. 1992 жылы бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бет-бұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Хариссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан РЕспубликасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев “ Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы “ Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8 –ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.
КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жылы Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.
Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен мінлеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбасы бағамы бойынша жүргізілді.
15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшке сауданы жүзеге асырушы және халық арқылы қызмет көрсететін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды.Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі.Келесі жылдары ол бірден өссіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.
Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады.
Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталар қатарына кіреді.
Қазақстан ұлттық валютасының сәтті енггізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
Қорытынды 1993 жылдың наурызында «Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі туралы» жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын. Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол металл тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын қоса отырып). Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақьалынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзіде – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды. Дайындық жұмыстары бітер кезеңде сол кездегі Премьер-министр С.А. Трещенконың төрағалығымен мемлекеттік комиссия құрылып, «теңгені енгізу тұжырымдамасы» әзірленді. Ал, 1993 жылдың орта шенінде РФ Үкіметі мен РФ Орталық Банкі айналыстан 1961-1991 жылдары шығарылған рубльдік банкноттарды алып тастап, бұрынғы КСРО нышанынсыз жаңа рессейлік ұлттық валютаны енгізу арқылы өзінің ақша реформасына кіріскен еді, демек, жаңа рубльдің іс-қимыл аймағы бұрынғыдағы ТМД елдерінің жеке бюджеті кезіндегідей кең бола алмады.ҚР Президенті ұлттық валютаның 1993 жылы 15 қарашасынан айналысқа енгізілетіні туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның туған күні деп саналады. Ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнінде қадамдар есептелді, теңгенің бағамы сол кезде бір АҚШ доллары үшін 4,6 теңге деңгейінде белгіленді. АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы еліміздің алтын қорының тұрақтануы мен мүмкіндіктерін, экономикалық әлеуетті, ақша айналымын ескере отырып есептелінді. Бірақ ол ұзақ сақталмады, тағыда құлдырай берді. Ал теңгені біз ерекше шиеленістерсіз негіздік. Бүгінгі күні, міне, Қазақстан өз егемендігінің 12 жылдық мүшелтойын атаған кезеңде, біз ұлттық валютамыз теңге енгізгелі он жыл ішінде бүткіл өркениетті әлем секілді өзіміздің дербес экономикалық саясатымызды жүргізудеміз. Мемлекеттер бір-бірімен санасып, өзара тиімді мүдделерде іс-қимыл жасасуы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы дәйекті түрде көтерліп келеді.Бұл ішінара өнеркәсіп өндірісінің, жалпы өнімнің өсуімен дәлелденуде. Валюталық түсімдер негізінде республиканың келешегі үшін «Ұлттық Даму» қоры құрылды. Ойластырған бюджет тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасаудың өркендеуіне көмектеседі. Яғни, қазіргі таңда біз дербес саясатты жүргіземіз және біршама мезгіл өткеннен соң көртеген елдердің АҚШ долларына байланғаны секілді, біріңғай валютаға келуіміз ғажап емес... Қолданылған әдебиеттер
Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:ИздатМаркет 2004.
Сейіткасымов Ғ. С. Ақша, несие, бакнтер. – Алматы: Экономика, 2001.
Дробозино Л. А. Финансы. Денежное обращение.Кредит. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
Жукова Е. Ф. Общая теория денег и кредита. – Москва: Банки и биржи, 1995.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Қаржы факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: __________________________________
_____________________________________________
Орындаған:________________
Тексерген: ________________
Достарыңызбен бөлісу: |