Жоспар Кіріспе I. Ақшаның мәні мен қызметтері



бет2/12
Дата18.02.2018
өлшемі0,6 Mb.
#37997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, құнның алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формалары қолданылады ( 1 балта = 1құмыра ).

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айрбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір-біріменөзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Яғни айырбас құнның екінші формасы қалыптаса бастады. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Тауарлар айырбасының дамуы құнның үшінші формасы – бұл құнның жалпылама формасы қалыптаса бастады. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақашалрда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (мал) сөзінен шыққан. “Рупа”(мал)сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды.

Сонымен қатар ақша ретінде сонау Ежелгі Спарта кезеңдерінде басқада металдарды да пайдалына бастады. Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын пайдаланылды.

Металл ақшалардың артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Металл ақшалардың кең таралуына ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені лолар жалпы сапаға ие болды

Құнның жалпы балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақшалай формасы қалыптасты. Құның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс атқарды. Сонымен ақша дегеніміз – бұл барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді. Әрине металлдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шынжыр, және т.б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “ бір уыс шеге”деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, білезік түрінде пайдаланылды.

Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастады. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фует) салмақ бірліктері атауымен аталады.

Ақша объективті қажетті тауарлар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.

Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама ролі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.

Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамын келген экономикалық категория болып табылады.

Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:

Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиетті, ақшаның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын сипаттайды Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т.б. сату мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл қасиетінің қамтитын ауқымы біршама кеңейе түскен.

Ақшаның айырбас құнның дербес формасыретінде пайдалану тауарларды сатумен тікелей байланысты емес. Бұл формасынба ақша, несие беру, қарыз өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерсиялық банктерге сатуы барысында және т.б. жағдайларда қолданылады.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауар өндіруге жұмсалатын еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.


Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет