Жоспар Кіріспе I. Ақшаның мәні мен қызметтері



бет1/12
Дата18.02.2018
өлшемі0,6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жоспар


Кіріспе

I. Ақшаның мәні мен қызметтері

    1. Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі

    2. Ақша түрлері

    3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы

II. Ақша айналысы

2.1. Ақша айналысы мен заңы

2.2. Ақшаның метеалдық теориясы және металл ақша айналысы

2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы

2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы

III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі

3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік

3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: қызметтері мен операциялары

3.4. Инфляция туралы түсінік

3.5. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта

Кіріспе

Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Таур айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5 түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.

Ал екінші бөлімде қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша мпссасы мен ақша базасы туралы жазылған.

Ал ақарғы бөлім Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесіне жалпы тоқтай кеттім. Ал келесі кезекте ақша жүйесі жұмыс істейтін, іске асатын орны «Ұлттық Банк» туралы, яғни қызметтері мен міндеттері жазылды. Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде ақша жүйесі қоғамдың ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез-келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақтылығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеліп тірейді. Келесі қадам осы инфляция туралы айтылса, ақырғы нүкте Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы мен ақшаның дамуы туралы тақырыпта қойылады. Ең бастысы 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілгені туралы айтылған.



I.Ақшаның мәні және қызметтері

1.1. Ақшаның пайда болуы

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бырақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбнкпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтаңда әрбір тауар Қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.

Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір тауар өндірушіден, екінші біруіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуынабайланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет.

Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бұл тауарды екінші бір таурға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардыңда құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнның(1 мал=1 қап бидайға)ұғымы туындайды.

Айырбас құны – бұл тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

Натурал шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тааурдың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес. Демек, айыпбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жнткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және бір-біріне ауысады.


Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет