Жоспар: Кіріспе Картография туралы ұғым Картографиялық проекциялар және түрлері Цилиндрлік проекция Азимуттық проекция Конустық проекция Қорытынды Әдебиеттер Кіріспе



бет2/7
Дата11.04.2022
өлшемі272,67 Kb.
#138888
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практ-3. к.зерттеу әдістері.

1.Картография туралы ұғым.


Картография— географиялық карталарды, оларды жасау және пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Картографияның кең тараған бұл анықтамасы оның техника жағын басымырақ көрсетеді. Географиялық карталарды кеңістіктің көрнекті образды-белгілік моделі деп қарайтын қазіргі ғылми көзқарас картографияның пәні мен әдісіне бұдан да дәлірек анықтама ту-ғызды. Картография— табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байла-нысың, олардың кеңістіктегі орналасуын және олардың мезгілге қарай өзгеруін т. б. картографиялық кескіндеудің көмегімен бейнелейтін және зерттейтін ғылым. Бұл анықтама картография шұғылданатын ұғымдарға аспан денелері мен жұлдыздық аспанның карталарын, сондай-ақ глобустар мен рельефтік карталарды және картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдерін де жатқызады. Картография пәні (құбылыстардың кеңістікте орналасуы, үйлесуі мен өзара байланысы) және тақырыптық карталардың дамуы Картографияны жаратылыс ғылымдарының қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. «Картография» термині ғылми және өндірістік картографиялық іске де, әрі оның нәтижелеріне де қолданылады, мысалы, бұл мағыншда «Картография» терминінің мәні СССР-дің картография-геодезия қңызметінің (СССР Мин. Советінің жанындағы геодезия мен картография Бас басқармасы) атына кіреді.


Қазіргі картография зерттейтін басты проблемалар: 1) ғылымның теориялық негізі, оның ішінде картографияның пәні мен әдісі, карта туралы ілім; соңғысына картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (белгілер жүйесі) теориялары жатады (бұл салада карталардың түрлері, типтері, жіктелуі әрі оларды талдау сөз болады). 2) Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы. 3) Картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді үнемі шолу әрі саралау және оларға қатысы бар ғылми-информация теориясының мәселелерімен айналысу). 4) Карталарды жобалау және оны дайындау теориясы мен технологиясы. 5) Карталарды пайдаланудың теориясы мент әдісі.


Картография салалары.Картографияның бұл проблемалары әр тарихи кезеңде қалыптасқандықтан дамудың әр сатысында тұр. Осының нәтижесінде картография төмендегідей салаларға бөлінеді: карта тану, математикалық картография, карта жасау процесі, карталарды өңдеу, картометрия. 


1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет