Жоспар: Кіріспе Картография туралы ұғым Картографиялық проекциялар және түрлері Цилиндрлік проекция Азимуттық проекция Конустық проекция Қорытынды Әдебиеттер Кіріспе



бет1/7
Дата11.04.2022
өлшемі272,67 Kb.
#138888
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Практ-3. к.зерттеу әдістері.




Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Картография туралы ұғым

  3. Картографиялық проекциялар және түрлері

  4. Цилиндрлік проекция

  5. Азимуттық проекция

  6. Конустық проекция

  7. Қорытынды

  8. Әдебиеттер



Кіріспе

Картографияның жетістіктері карталарда, атластар мен глобустарда материалданған. Картографиялық зерттеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында жоғары оқу орындары мен Картографиялық кәсіпорындарында жүргізіледі. Әрбір географиялық картаның атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік танымжорықтың жетекшілері, оқушылар біліммен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады.


Картаны құрушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды. Оның маңызды құрамды бөліктеріне - картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография, картометрия жатады.
Картаны жобалау және құру, картаны безендіру, картаны жасау және картаны пайдалану әдістемесі кіреді.


Картатану - географиялық карта және оның түрлері, қасиеті мен элементтері, даму тарихы, пайдалану әдістемелерін зерттейді.


Математикалық картография - жер беті мен ғаламдағы аспан денелерін жазықтықта (картада) кескіндеудің математикалық әдістерін зерттейді.


Картографиялық ақпараттану - картаны жүйелеу және оларды талдау, бағалау, сақтау, тарату мәселелерін қарастырады.


Картометрия - картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын (ауданы, көлемі, биіктігі, ұзындығы, бұрышы) өлшеу жұмыстарын жүргізу әдістерін жасап шығарады.


Картаны безендіру - картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап, оны басып шығаруға даярлауды оқытып үйретеді. Зерттейтін нысандары жағынан картографияның ерекше саласына топография жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет