Жоспар: кіріспе негізгі бөлім ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі Жеке адам өміріне қатысты құжаттар



бет7/7
Дата08.12.2023
өлшемі82 Kb.
#195969
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-28336

ҚОРЫТЫНДЫ

Құжаттардың қажетті және жеткілікті мөлшерде болуы, оларды толтырудың біреліктілігі нақты жұмысқа көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл құжаттарға мүлде көңіл бөлмеу керек деген сөз емес. Фирманы мекемені басқарудағы жазба құжаттардың үйлесімді жүйесі бірте-бірте қалыптасады және ол тұрақты түрдегі заңдылықты жолға қояды.


Құжатты ресімдеуге қойылатын бірнеше және сол ресімдеу кезінде қолданылатын реквезиттерді қарастыра келе, әрбір құжатбелгілі бір тәртіппен жасалуы керек деген қорытындыға келеміз. Іс қағаздарына қойылатын талаптар, олардың ресімделуі іс жүргізудің негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Іс қағаздары қарапайым жұрттың бәріне түсінікті ауызекі тілде жазылмайды. Ол әдеби тілдің күрделірек ресми, саяси, экономикалық сипаттағы нұсқасы десе де болады. Оның өзіне тән қалыптсқан терминдері, сөз орамдары мәнер белгілі бір стандарты бар. Іс қағаздары өрениетті елдің бәрінде осындай. Құжаттармен іс жүргізу мемлекеттегі барлық орындарда жүзеге асады. Сондвқтан да сол құжаттардың сауатты және дұрыс құрастырылуы мен ресімделуі әрбір мекеменің ұтымды қимылы болып табылады. Себебі іс қағаздары ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Сол іс қағаздарының әрқайсысы өзінің белгіленген үлгісіне сай ресімделеді. Іс қағаздарының түрлері өте көп. Бүгінгі таңда әрбір іс қағазының үлгісі немесе жобасы бекітілген. Әсіресе іс қағаздары ұйымдар мен негізгі орын алады. Құжаттардың барлығы ақпарат беру мақсатында жазылады және ұйымдық басқаруды қандай да бір іс әрекетпен ұштастырады, кейде белгілі бір оқйғаны, фактіні іс-әрекетті белгілейді, баяндайды.
Қазіргі кезде әрбір күні мыңдаған құжаттар дайындалады. Олардың дұрыс, талаптарға сай ресімделуі қорықтың эканрмика заманында уақытты, жұмыс күшін және ең бастысы – қаражатты үнемдеуге өз септігін тигізеді. Белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша қарастырылады. Осы жағдайларда құжаттардың тәртіпке сәйкес ресімділігі жазылуы атқарылып отырған жұмыстың ұтымды нәтижесінің негізгі себептерінің бірі болады. Құжаттардың дұрыс дұрыс құрастырылуы және сауатты ресімделуі олардың заңдық күшін ьқамтамассыз етеді.
Ұйымдағы іс жүргізуді басқару құжаттарын қамтуды, ұйым құжаттамасын жүргізуді қолға алған жөн. Осы жұмыстардың бәрін жоғары квалификацияланған маман, құжаттанушы жүргізу керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Дүйсебаева Т. «Машинкамен жазу және іс қағаздарын жүргізу» Алматы, Ана тілі 1991 ж.

  2. Жақып Әділбек. «Іс жүргізу» Астана 2000ж

  3. Салагаев В.Г. «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы 2000ж

  4. Алдашева. А «Ресми іс қағаздары» Астана 2000 ж

  5. Дүйсенбекова Л.С «Іс қағаздарын қазақша жүргізу » Алматы 2001ж

  6. Нұрғожина Г.М. , Қоянбаева Қ.Қ. «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» Қарағанды 2000 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет