Химиялық реакциялар тез жүруі үшін түйісетін молекулалар саны көп болуы керек, яғни концентрацияны өсіру керек. Реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрацияларының әсерін зерттеген Норвегияның екі ғалымы Гульдберг және Вааге 1867 жылы мынадай қорытындыға келген: химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болады, оны әрекеттесуші массалар заңы деп атайды.
Жалпы А + В = С теңдеуі бойынша жүретін реакциялар үшін бұл заң мынадай теңдеумен өрнектеледі.:
ν = k САСВ
Мұндағы СА және СВ – А және В заттарының концентрациясы, моль/л, k – жылдамдық константасы деп аталатын пропорционалдық коэффицент.
Химиялық реакциялар жылдамдығының температураға тәуелділігі
Температура жоғарлаған сайын химиялық реакцияның жылдамдығы артады.Гомогендік реакциялар жылдамдығының температураның жоғарлауына байланысты артуын 1884 жылы ашылған Вант- Гофф ережесі анықтайды:“Tемператураны 10° өсіргенде реакцияның жылдамдығы 2-4 есе артады”
υТ2 = υТ1 γТ2 – Т1/10,
мұндағы
γ – температуралық коэффициент
Химиялық реакцияның жылдамдығының температураға тәуелділігін график түрінде де көрсетуге болады:
Химиялық реакцияның жылдамдығының температураға тәуелділігін график түрінде де көрсетуге болады:
U
t
g
Химиялық реакцияның жылдамдығының температурасы өсуіне сәйкес жоғарлауын 1889 жылы ашылған С.Аррениус теориясы дәлірек көрсетеді:
К= А• е - E a¢ /RT
К- жылдамдық константасы, А- соқтығысулардың жалпы саны
E a¢- активтену энергиясы, е- натурал логарифмнің негізі
С.Аррениус теориясы бойынша молекулалардың әрекеттесуі, олардың соқтығысқан кездегі энергия қорына байланысты, яғни реакцияға тек бойында артық мөлшерде энергия қоры бар молекулалар ғана қатыса алады да мұндай молекулар активтелген молекулар деп атайды. Орташа энергия қоры бар молекуланы реакцияға қатыса алатындай актив күйге келтіру үшін жұмсалатын энергияны активтендіру энергиясы дейді.