Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім



бет3/4
Дата02.11.2022
өлшемі103,42 Kb.
#156189
1   2   3   4
Байланысты:
407327.pptx
ХИМИЯ, Дәстүрлі

С.Аррениус теориясы бойынша молекулалардың әрекеттесуі, олардың соқтығысқан кездегі энергия қорына байланысты, яғни реакцияға тек бойында артық мөлшерде энергия қоры бар молекулалар ғана қатыса алады да мұндай молекулар активтелген молекулар деп атайды. Орташа энергия қоры бар молекуланы реакцияға қатыса алатындай актив күйге келтіру үшін жұмсалатын энергияны активтендіру энергиясы дейді.

Химиялық реакцияның жүру температурасы өскенде химиялық әрекеттесуге әкеліп соғатын “активті молекулалардың” да саны артады.

Химиялық реакциялар жылдамдығының катализатордың қатысуына тәуелділігі

Катализатор деп, реакция жылдамдығын өзгертетін және реакция нәтижесінде өзгеріссіз қалатын заттарды атайды.

  • Егер катализатор реакция жылдамдығын арттыратын болса, оны оң, ал баяулататын болса теріс катализатор деп атайды.
  • Егер катализатор реакция барысында түзілсе, оны автокатализ деп атайды.
  • Кейбір заттар катализатордың әсер етуіне кедергі жасайды, ондай заттарды ингибиторлар немесе катализатор улары дейді.
  • Ал кейбір заттар өздері катализатор болмаса да, катализатордың активтілігін арттырады, ондай заттарды активаторлар дейді

Қышқылды – негіздік катализ

Қышқылды – негіздік катализ- қышқылдың реакцияға қатысатын заттың біріне өзінің протонын беруі арқылы жүретін катализдің түрі. Оның мысалы ретінде күрделі эфирлердің гидролизін көрсетуге болады.

Күрделі эфирлер гидролизденгенде Ингольстің теориясы бойынша мына сатылардан өтеді:

Бұл мысал қышқылдың катализаторлық үлесін көрсетеді:

Бұл мысал қышқылдың катализаторлық үлесін көрсетеді:


1) Күрделі эфирге қышқыл өз протонын береді де өзі ионға айналады
2) Протонды қосып алу арқылы түзілген оксоний-ион тұрақсыз келеді де, одан әрі ыдырауға ұырайды, нәтижесінде карбакатион және спирт түзіледі
3) Әрі қарай карбакатион су молекуласымен әрекеттеседі
4) Соңғы түзілген оксоний-ион, реакцияның бірінші сатысында түзілген негізбен әректтеседі де, қышқыл реакциядан босап шығады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет