Әйелдерге қарағанда еркектердің қанындағы урикемия деңгейі биіктеу болады. Бұл айырмашылықтың себебін жыныстық гормондармен байланыстырады. Сол себепті де подагра әйелдерге қарағанда ерлер арасында 20 есе жиірек кездеседі. Ал,әйелдерде менопаузадан соң гормон алмасуы өзгерген жағдайда подагра кездесу жиілігі жоғарылайды.
Әйелдерде жиі кездесетін бас бармақтың деформациясы – подаграның себебінен емес. Көп адамдар деформацияны подагра себебінен деп ойлайды. Оның негізгі себебі: ыңғайсыз тар аяқ – киім, биік өкшелі аяқ – киім кию болып табылады. Бұл процесте зәр қышқылының бұзылысы мен түз жиналуы жүрмейді.

Ескере кететін жағдай подаграсы бар 300 науқасты (М.Т.Астапенко және т.б., 1980) бақылау кезінде,дерттің басында аяқтың 1-ші саусағының зақымдануы 60 жағдайда ғана анықталған. 40 науқаста процесс аяқтың 1 – ші саусағы емес басқа буындардың зақымдануымен немесе полиартитпен сипатталған.