Сақтау үй-жайларында резеңке бұйымдардың сапасын сақтау үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
1) кебуден, өзгеруден және түрін өзгертуден сақтау үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығын кемінде 65 пайызда ұстау; 2) мынадай химиялық заттардың: йодтың, хлороформның, хлорлы аммонийдің, лизолдың, формалиннің, қышқылдардың, органикалық ерітінділердің, майлайтын майлардың, сілтілердің, дезинфекциялайтын құралдардың, нафталиннің әсерінен оқшаулау; 3) жарықтан, әсіресе тікелей күн сәулесінен қорғау; 4) ауаның жоғары (+20оС-дан астам) және төмен (0оС-ден төмен) температурасынан қорғау; 5) ауа ағынынан (өтпе желден, механикалық вентиляциядан) қорғау; 6) механикалық бүлінуден (оның ішінде жаншылудан, иілуден, оралудан, созылудан және тағы басқадан қорғау қажет.