Бактериялы
Сальмонелез
Ішек таяқшасынан улану
Ботулизм
Бактериялы емес
Ауыр металмен улану,
Улы химикаттармен,
Саңырауқұлақтармен улану, таяқшасы, стафилакокті улану т.б.
Улы өсімдіктермен улану.
Алғашқы көмек: ас қорыту жолдарын тазарту.
Алдын-ала шаралары: жеке бастың және қоғамдық гигиена ережесін сақтау, санитарлық-ағарту жұмыстарын дұрыс жолға қою.
Тағамның қуаты қандай болу керек
Организм тіршілік үшін тағам арқылы өзіне қуат алып отыру керек. Тамақ тек қуат көзі ғана емес, ол әр клетканың,мүшенің тозған жерін алмастырып,жаңартуға қажетті құрылыс материял да. Қуат белоктардың,майлардың және углеводтардың үздіксіз биологиялық тотығу арқылы алынып отырылады. Бұл заттар ең ақырында көмірқышқыл газы мен суға айналады. Бөлінген қуат фосфорға бай аденозинтрифосфор қышқылы деп аталатын қосындыларға жиналады. Адам қара жұмыс істегенде және әрбір мүшенің өзі атқаратын жұмыстары кезінде бұл қышқыл қуаттың негізгі қоры есебінде пайдаланылады.
Организмде болатын биологиялық тотығуға адам мен жануарлар кейбір тағамдық заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын қуатты ғана жұмсайды. Қуаттың жұмсалатын мөлшері адам организмінің әр түрлі, ерекшелігіне, жынысына, жасына, бойына, салмағына, заттар алмасу процесіне,қара жұмыс пен ой еңбегінің ауыр-жеңілдігіне, тағы басқа да көптеген жағдайларға байланысты. Организм жұмсайтын қуаттың мөлшеріне ауа райының географиялық жағдайдың, әсіресе ауа температурасының әсері де мол.
Жұмыс үстінде ғана емес, ұйықтап жатқанда да және жатып дем алған кезде де организімнің негізгі физиологиялық қызметі дұрыс жүруі үшін (жүрек соғу, дем алу, дененің температурасын бірқалыпты сақтау) қуатты үздіксіз алып тұру қажет.
Ауыр қара жұмыспен, дене шынықтыру және ой еңбегімен шұғылданғанда қосымша күш қуат (килокалория есебімен) төмендегіше болады:
ұйықтап жатқанда-0,93;
жай жатқанда-1,1;
дауыстап газет,кітаб оқығанда-1,5;
үй жұмысының кейбір түрлері: ыдыс-аяқ жуғанда, киім тіккенде,өтектегенде,т.б.-1,8-3,0;
тегіс жолмен сағатына 4,2-6 км жылдамдықпен жаяу жүргенде- 3,2-4,5;
жылдам жүгіру (100 метрлік қашықтықта)-450
сағатына 12 км жылдамдықпен шаңғы тепкеде-12,0
күрескенде-11,0-16,0;
қайықтың ескегін ескенде-2,5-6,0;
велосипед тепкенде-3,5-9,0;
атпен жүргенде-4,0-7,7;
автомобильмен жүрген-1,6;
Тағамды әңгімелегенде одан бір тәулікте алынатын қуатының мөлшеріне көңіл бөлінеді. Тағамның қуаты дегеніміз- организмде азықтық заттың әрбір грамының қорытылып ыдырауын пайда болатын жылуды айтады. Осыған орай негізгі тағамдық заттардың қуаттылығын еске ала кетейік. Организмде орташа есеппен бір грамм углеводтан 4,1 килокалория қкат, майдан- 9,3 белоктан 4,1-4,3 килокалория қуат бөлінеді.
Тағам қуаттылығына үлкен мән берілсе де, ол жалпы астың барлық сапасының көрсеткіші бола алмайды. Мысалы, сіздер күніне үш мезгіл жалаң шай ішіп (әрине, нанмен,қантпен және т.б.) бір күндік қуатты толық алуларыңыз мүмкін. Бұл жерде қуаттың негізде көзі углеводқа бай нан мен қант қана болып отыр. Ал, олардың құрамында организмге аса қажетті белок пен майдың аздығынан тағам сан жағынан толық болғанымен сапасы жағынан төмен болады. Дұрыс тамақтану ережесі бойынша тағамның бір күндік мөлшерінің қуаты орта есеппен 100 грамдай белок және маймен, 450-500 грамдай углеводпен күшейтілсе ғана тағам мөлшері жағынан да, сапасы жағынан да организмге пайдалы болып шығады. Тамақтың сапасы мұнымен де шектеліп қана қоймайды. Біздің ішетін тағамдарымызда Витаминдер мен минерал тұздары да қажетті мөлшерде қамтылатың болуы керек, себебі олардың өздері организмде ревкцияны бірден-бір тездетуші күш болып саналады. Ғылми зертеулерге қарағанда қуаттылығы жағынан онша күшті емес, бірақ ең қажетті тамақ болатын тағамдарды тиісті мөлшерде ішкенде ғана пайдалы екен. Қуаты мол тағамдар пайдалы болудың орнына көптпген жағдайларда зиянды деп дәлелденіп те жүр. Ой еңбегімен жұмыс істегендерге, толық механикаландырылған кәсіп орындардағы жұмысшылар мен аз қимылдайтын, қара жұмысты аз істейтіндер үшін жоғары қуатты тамақтар пайдасыз.
Болашақта белгіленіп отырған мамандықтар структурасының өзгеруіне байланысты жұмсалған жұмсалған қуат мөлшері де орта есеппен әрбір жанға шаққанда азаюы мүмкін, өйткені алдағы уақытта жаңа техниканың қолданылуы, жалпы жұмыс жағдайының жақсаруы, ой еңбегімен айналысатын адамдардың көбеюі көзделіп отыр. Соңғы 20 жыл ішінде 60 жастан асқандардың саны 40 пайызға дейін, 70 жасқа дейінгілер саны 30 жылдармен салыстырғанда, қазір екі есе көбейді және көбейе бермек. Бұған халық тұрмысының жақсаруы, денсаулықтың барған сайын күшеюі себеп бола алады. Қариялардың организімінде болатын заттар алмасу процестері мен жалпы жұмыс жағдайының жақсаруы қуатты көп керек етпейді.
Кейббір организмге жер жағдайларына байланысты көбірек қуат керек болуы мумкін. Мысалы,күні суық аудандарда дене температурасын бірқалыпты ұстап тұру үшін жұмсалатын қуаттың мөлшері жоғары болуы керек. Физкультура мен спорттың кең өріс алуы да адмның қуат жұмсау қабілетін атқарады.
Шамамен есептегенде бір адамның ішетін сұйық тағамының (500 г) барлық түрінің қуаттылығы 200-300-ден аспайды. Сұйық тамаққа сүт немесе ет қосылса оның қуаты 400 килокалорияға жетеді. Қоғамдық асханаларда сорпамен берілетін тағамның, етен жасалған екінші түрінің қуаттылығы500-600 килокалория шамасында болады. Балықтан жасалған тағамның қуаты 500, ал оған май, овощь қосып пісірсе 200-400 қуатқа жуық артады. Тағамның үшінші түрінің (компот, кисель сүтқант шәй, кофе, какао, қант қосылған айран,т.б.) қуаты 100 ден 150 килоколорияға дейін ғана болады.
Тағамның қуатын есептен жатуы керегі не? Тағамнан алатын қуатты есептеу- жұмсалған қуат қорының орнын толтыру үшін ғана емес, тамақты шамадан тыс артық немесе кем ішпеуді ескертуге де қажет.Ішкен тамақтан алған қуаттың мөлшері организмде жұмсалған қуаттан артып кетіп отырса, ол адамды семіртуге және ерте атеросклерос ауруына шалдығуға бейімдейді. Шамадан тыс артық тамақты ұзақ уақыт ішудің кесірінен организмде май алмасуы бұзылады да, ол адамды семіртіп жібереді, денеге холестеріннің шөгуін мейлінше көдейтеді. Бұдан келіп ішкі секреция бездерінің (бүйрек үсті безінің қабығы жыныс бездері, т.б.) жүрек-қан тамыр мен асқазан жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті бұзылады. Демек, аеросклероз ауруын болдырмауда ішетін астыңі мөлшерін біліп, дұрыс пайдаланудың маңызы орасан зор.
Жобамен есптегенде күнделікті ішетін тағамның қуаты жұмсалатын қуаттан әрдайым 200 килокалориядай артық болып отырса, организмде жиналған майдың мөлшері шамамен күніне 10-20 грамға дейін қосылады да жылына 4-7 килограмға жетеді. Медициналық санақ мәліметіне қарағанда сезімдіктің негізгі себебі (60%) артық тамақ ішуден екен. Семіру көбінесе қара жұмыс істуді, спортпен шұғылдануды бірден тоқтатып, ой жұмысына көшкен адамдарда жиі кездеседі. Адамның жұмсайтын қуатының мөлшері азайып кетсе де оның тамаққа тәбеті көпке дейін сақталады. Жұмсалатын қуатпен ішетін тағамның калориясы арасындағы қайшылық осылайша семіруге әкеліп соқтырады.
Демек тамақтың қуаттылығын жасыңызға,әсіресе істейтін жұмысыңыздың ерекшелігіне қарай мөлшерлеріңіз. Жоғарыда айтылғандай, тамақтың құнарлығы тек қуат мөлшерімен ғана есептелмейді. Ол үшін тағамда тиісті мөлшерде белоктар, малар, углеводтар, витаминдер мен минерал тұздарының болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |