Жоспар Кіріспе



Дата13.04.2020
өлшемі182 Kb.
#62359
Байланысты:
кур ж Өздік жумыс 25 стр

Жоспар

Кіріспе…………………………………………………………………………….3


I –тарау Оқу тәрбие процесінде оқушылардың өзіндік

               жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми – теориялық негіздері.

1.1.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық

      ой пікірлердің даму тарихы................................................................... 5

1.2.Өзіндік жұмыстардың маңызы мен міндеттері. .................................. 9

1.3.Өзіндік жұмыс түрлері. .........................................................................11
II - тарау Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын

                ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі.

2.1.Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі жолдары мен       шарттары................................................................................................. 16

2.2. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыру................. 20


Қорытынды........................................................................................................... 24
Қолданылған әдебиеттер. ....................................................................................25

Кіріспе.
Бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды өзіндік жұмыс істеу арқылы жан- жақты дамыту –бүгінгі күннің талабы. Менің курстық жұмысымда мынадай тақырып қарастырылады: «Сабақта өзіндік жұмысты ұйымдастыру түрлері».Курстық жұмыс үш сұрақты қамтитын екі тараудан тұрады.

Бірінші тараудың алғашқы сұрағында, оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық ой- пікірдің даму тарихы тақырыбы қарастырылады. Көне грек ойшылы Сократтың өзі де оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен іздемпаздылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Сонау қайта өрлеу дәуірінде оқушылардың өз бетінше ойлауын дамытуды ұсынып, іске асырған. Өзіндік жұмыс туралы Ф.Бекон, Ф: Рабле, Д. Локк, Я.А.Коменский,Ж.Ж. Руссо, Д.Дидро,И.Г.Песталоций, А.Дистерверг және тағы басқа педагогтар, психологтар мен философтардың еңбектерінде құнды пікірлер айтылған.

Революционер – демократтардың педагогикалық теорияларында өз бетінше тануды тәрбиелеуге үлкен мән берген. В.Г. Белинский, Н.Г.Чернышевский еңбектерінде өз бетінше танудың маңыздылығын көруге болады. «Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе, -деп жазды ол,- өз бетінше ізденіп оқу арқылы білім алуға тиіс» (Чернышевский, 1940)

Сондай-ақ бұл тарауда оқушылардың өзіндік жұмысына көптеген педагог, ғалымдардың атап айтсақ П.И.Пидкасистый, С. Л. Рубенштейн, К.Я.Геленд, Ю. С. Пименов, Т.И. Шамова, Л.Ф. Жеребятъева,.Л. Толстой,Л. С. Выготский, Р. Кузине, М.М. Мұқанов, А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаевтардың келтірілген.

Келесі кезекте: «Өзіндік жұмыстың маңызы мен міндеттері» деген тақырып қарастырылады. Бұл сұрақта жалпы белсенділік және дербестікті ажырату қарастырылады. Қысқаша айтқанда , бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес. Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын функциясы мен міндеттерін атап көрсеттім.

Сонымен қатар, өзіндік жұмыс түрлеріне тоқталдым. Дидактикалық мақсаттары бойынша, даралау бойынша, білім материалдары бойынша, оқушылардың іздемпаздық дәрежесіне байланысты жіктеулерге сәйкес өзіндік жұмыстың ең жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлеріне тоқталдым. Өзіндік жұмыстарды жеке оқу пәндерін оқытуда Р. Сүлейменова, Қ. Бадрақовтың тәжірбиелерінен үзінді келтірілді.

Эстониялық ғалым – педагог О.А. Нильсон оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұймдастыру принциптері келтірілді.

Сондай –ақ Н. Сарыбековтың тәжірбиелік зерттеу жұмыстарын зерттеу элементтері мен кезендері келтірілді.

Зерттеу объектісі: сабақта оқушылардың оқу – танымдық әрекетін белсендіру процесі.

Зерттеу пәні :мұғалім- оқушыларды оқу процесінде өздігінен істейтін түрлі жұмыс дағдыларына үйрету.

Зерттеу мақсаты: оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән- мағынасын, міндеттерін, негізгі түрлерін психологиялық ерекшеліктерін және оларды ұйымдастыру жолдарын қарастыру.

Зерттеу болжамы: мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап – тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Сонда мұғалімнің басшылық әрекеті кемімейді, қайта күрделеніп, арта түседі. Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды, басқалардан гөрі, оқуда артта қала береді.

Зерттеу міндеттері: 1. Оқушылардың өзіндік жұмысына тән сипттарды анықтау.



  1. Оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу.

  2. Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.

  3. Өзіндік жұмыс пен дербестік әрекеттің ерекшелігін белгілеу және олардың арасындағы байланысты айқындау.

  4. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мұғалімге қойылатын талаптар мен шарттарды сақтауы.


I-тарау. Оқу тәрбие процесіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми – теориялық негіздері.
1.1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мәні туралы педагогикалық ой- пікірлердің даму тарихы.
Афиндік философ Сократ оқу барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінде және танымдық әрекетіне арнайы басшылық қажет деген ойға келеді. Ол бірінші болып эвристикалық әңгімелер арқылы оқушылардың танымдық дербестігін жандандыруда оқытудың арнайы әдістерін құрады. Сократ өз оқушыларымен әңгімелесуде эвристикалық сұрақтар жүйесін ертерек тиянақтап дайындаған. Сөйтіп ол танымдық дербестікті оқытуды жандандыру амалы ретінде қарастырады. Кейін келе бұл идеяны ежелгі римдік философтар дамытады.

Оқушылардың өз бетінше танымдық әрекеттерін дамытудың оқытудағы әдістерінің негізін салған Я.А. Коменский. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттаруда шеберлі мұғалімдер мен тартымды әдістер деп жазды. «Мен өз оқушыларымда білімді меңгеру барысындағы негізі ретінде өз бетінше жұмысты бақылап- байқауда, сөйлеуде, практикада, қолданыста үнемі дамытып отырамын»- депті. Я.А.Коменский жаңа материалды түсіндірмей тұрып тақырыпқа қызығушылығын ояту үшін әрі қызықты, әрі пайдалы бір мәлімет беруді, немесе оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар беріп, бүгінгі мен өткенді өз бетінше байлыныстыра алатындай жағдай тудыруды ұсынады.

XVII-XIX ғаырлар шенінде өздік жұмыстың теориясын дамытуда И.Г. Песталоции мен А. Дистервергтің оқушылар танымының дербестігін оқытудағы жандандыру құралы деген ойды тереңдететін көзқарастары үлкен рөл атқарады.

Песталоцийдің айтуынша әрбір сызық, әрбір өлшем, әрбір сөз, пісіп толған бақылаудың негізінде туған сананың өнімі.

А.Дистерверг оқушылардың белсенді білім алуларында баланың танымдық қызығушылығын дамытудағы икемділігі мен машықтарын қалыптастыруда танымдық дербестіктің рөлін жоғары бағалаған. Ол оқыту процесінде ақыл-ой қабілеттерін дамытудағы ең негізгі құралы ретінде баланың өз бетінше жұмыс істеуі деп есептеген. Ол баланың қызығушылығында сезімдік танымға құштарлығында байқалады. Заттармен біртіндеп танысу барысында сезімдерді жаттықтыру керек әрі сақтау керектігін жазып өткен.

И.Ф. Гербарттың пікірінше оқытудың негізгі мақсаттарының бірі танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады. Оның айтуынша, «оқыту тым жеңіл болмау кере, себебі аса жеңілділік іске зиян келтіреді».

Революционер – демкраттардың педагогикалық теорияларында танымдық дербестікті тәрбиелеуге үлкен мән берілген. В.Г. Белинский оқытудың индуктивтік әдістерін қалады, себебі ол оқылатын материалдың өз бетінше түсіну машықтарын дамытуға себеп болады. «Анализден синтезге көшу, мысалдардан ереже шығару – бұл оқытуда нағыз пайдалы жүйе» - деп жазды.

Өз бетінше танымның маңыздылығын Н.Г. Чернышевский еңбектерінде де көруге болады. «Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді болғылары келсе – деп пайымдады ол, олар білімді өз бетінше жұмыстар арқылы алу керек».

Сонымен революционер – демократтардың еңбектерінде оқушылардың өзіндік жұмысы екі жақты теориялық позицияда қарастырылады: а) тәрбиелеу мақсатында, б) оқыту процесін жандандыру құралы ретінде. К.Д. Ушинский балалардың ойлау заңдылықтарын негізге ала отырып мынадай тұжырымға келді,- оқытуда білімді меңгеру барысында міндетті түрде оқушылардың өздік жұмысын ескерііп отыру керек, себебі, өзіндік ойлар өз бетінше алған білімдерінен шығады. Сонымен қатар оның айтуынша, оқыту процесінде оқушылардың өзіндік деңгейін жүйелі түрде жоғарлатып отыру керек. Жаттығулардың жүйелілігі мұғалімнің, оқушылар қабілетіне қарай орындап отырған жаттығуларына қатысуынын байқалуы керек. Балаларда сөйлеу қабілеті дамыған сайын, оқытушы оларға аз көмектесіп, тапсырмаларды өз бетінше орындай алатандай етіп әзірлеу керек деп жазды. Орыстың ұлы педагогінің идеясын көптеген әдіскерлер іске асырғысы келді.

Ф.И. Буслаев орыс тілін оқыту әдісіне оқушылардың өздік ойлауын дамытуға көп мән берген.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының проблемаларын ХХ ғасырдың басында прагматикалық педагогиканың өкілдері (Д. Дьюй, Б. Боунд, У. Килпатрих, Х. Рагг) зерттеген.

Педагогикадағы бағыттың негізін қалаушы Д.Дьюй мектепте оқушылардың ақыл-ой әрекетімен практикалық іс әрекетінің байланысының орнауын жақтады, сонымен қатар ол ақыл –ойдың өздік жұмысының белсенділігінсіз таным жоқ екенін айтып кетті.

С.Фриенің айтуынша әлемнің барлық педагогикалық оқулықтарына қарағанда баланың бойында ақиқат көп болады, бала өз тұлғасын өзі құрайды; ал мұндағы мұғалімнің қызметі оқушы бойындағы органикалық тән қасиеттерді айқындауға көмектесу.

20-30 жылдарда француз педагогы Р.Кузиненің педагогикалық көзқарастары кең тараған. Ол оқыту процесінде еркін топтың жұмыс әдісін ұсынады, оның мәні оқушылар 3-5 адамнан топтар құрайды.Бұл топтарға мұғалім белгіленген уақытқа тапсырмалар мен тақырыптар дайындайды. Тапсырмаларды өз бетінше орындайды, мұғалім тек бақылайды, керек кезінде кеңес береді.

50-70 жылдарда әлеуметтік шарттарға және психология жетістіктеріне байланысты бұл теория едәуір толқтырылды.

Сабақта оқушылардың танымдық әрекетін белсендіретін құрал оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады, бірақ мұғалім жетекшілік жүргізуі шарт екені көптеген эксперименттер нәтижесінде дәлелденген.

Р.М.Микельсон: « Өзіндік жұмыс мұғалімнің бақылауымен ешқандай оқушылардың тапсырмаларды орындауы деп түсінеміз»,


  • деп жазған. Дидактикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыстың басқа да анықтамалары бар. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмысы деп, «максимум белсенділікті қолданатын, шығармашылықты, өзіндік пікірі бар , талап әрекеттерінің орындалуын »- айтады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, ол белсенді процесс, ол мидың аналитикалық – синтетикалық іс-әрекетіне қатысты өтеді.

(Б. П. Есипов ) Оқушыға өздігінен білім алу үшін оның мұғалімнің қатысуынсыз орындайтын жеке тапсырмаларды орындау үшін арнайы уақыт бөлінуі қажет. Оқушы оны сапалы түрде орындау үшін қабілетіне сай берілген есепті ынталанып, ақыл –ойын толық жұмсап шешуге тырысуы керек. Ал П. И. Пидкасистыйдың айқындауынша «Өздігінен білім алу -өз бетінше жасайтын іс- қимыл, өз іс- әрекетін ұйымдастыруы. Белгілі бір оқыту жағдайында өздігінен білім алу, оқушыны тану процесіне жетелейтін және оны бекітіп, тиянақтаудың ядролық рөлін атқаратын генетикалық талшық»,- деп есептейді белгілі ғалым П.И.Пидкасистый.

Жалпы педагогиклық және әдістемелік сұрақтарды жан-жақты қарастырғанда оның психологиялық жағы оқу әрекетінің позициясынан аз қарастырылған. Осы проблемаларды қарастырылуда алғы шарттарды анықтайық.

Біріншіден оқушының өзіндік жұмысы сабақтағы оқу

әрекетінің дұрыс ұйымдастырылғанының нәтижесі, ол оның бос уақытында өз бетінше дамуын, ізденуін тудырады. Сондықтан да мұғалімнің ұйымдастырған және басқарған оқу жұмысын меңгеруде өз бетінше әрекет тудыруда. Екіншіден, берілген дәлелдемелердің жиынтығында өзіндік жұмыс үй жұмысынан кеңірек мағынада берілген, яғни келесі сабаққа дайындалу үшін үйге берілген тапсырмаларды орындау. Өзіндік жұмыс сабақтан тыс уақытта да жүреді. Жалпылап алғанда қандай да болсын материалды қабылдауда оқушының сабақ үстіндегі де, сабақтан тыс уақытта да өз бетінше жұмыс істеуі.

Үшіншіден, аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталған

өзіндің жұмыс оқушылардың оқу әрекетінің өзгеше түрі деп қаралу керек. Бұл оқу әрекетінің жоғарғы түрі, сыныптағы оқушының жұмысымен байланысты өз білімін көтерудің бір түрі. С.Л.Рубенштейн бойынша, нағыз өзбеттілік әрекеттердің саналы себептілігін және олардың дәйектілігін ұйғарады. Өзгелердің ықпалына және сендірулеріне көнбегендік қисық мінезділікке жатады, ал ерік өзбеттеліктің нағыз көрінісі, себебі адамның өзі солай не басқаша істеуге объективті негіздері қарастырылады.

«Танымдық өзбетіншілік»- бұл тұлғаның өздігінен білім алу нақышымен және ең алдымен ұмтылысымен сипатталатын қасиеті, бұл өз алдына өзбетіншелікті ақыл-ой сапасы ретінде қарастыру дегенді білдіреді.

«Оқушылардың өздік жұмысы-өз бетінше ойлауының талабы, шығармашылықты максимум белсенділігін көрсете отыра орындайтын іс-әрекеті»,- деп Р.Б. Среда айтып өткен. К.Я.Геленд, «Өздік жұмыстың негізгі белгісі – оқушылардың тапсымалардағы, ақыл-ой және практикалық әрекеттерінің белсенділігінде »,- деп көрсетті.

«Бақылау біліктілігін көрсету және практикада өз бақылауларын тексеру, бақылаудан тұжырым жасау, оқытудың негізі болып табылады». Ю.С.Пименов айқындауынша «Өздік жұмыс – жан- жақты игеруде және бағдарламалық білімдердің тереңділігінде, осының негізінде шығармашылық ойлаудың нақыштарының дамуы мен жетілдіруінен радикалды меңгеруден құралатын іс-әрекет».

П.И. Пидкасистый болса былай деді: «Өздік жұмыс оқушылардың өз бетінше әрекетін ұйымдастырудың амалы ғана болып табылады».

П.И. Пидкасистый: «Өзіндік іс-әрекеттің мәнін бейнелейтін негізгі белгісі – оқушы мұғалімнің көмегінсіз жұмыс істеуі емес, оның дидактикалық дәреже ретінде көрінуі, оқушы әрекетінің мақсаты, сонымен бірге өзінің сол әрекетті басқару қызметін білдіруінде »,- деді. «Өзіндік жұмыс – оқушының, сәйкес оқу тапсырмаларын орындауда белгілі бір әректтің тәсілін көрсететін түрі»- деп М.Г.Гарунов пен П. И. Пидкасистый жазды.

Ал философиялық сөздіктерде өздік жұмысқа мынадай анықтама берілген:

«Өз бетінше білім алу білігі – оқулықпен жұмыс істеу үшін, талдау үшін, құбылыстар мен заттарды сәйкестіру мен салыстыруға, деректер мен түсініктерді жүйелеуге және жалпылауға қажет психологиялық және практикалық әрекеттердің негізі».

Т.И.Шамова: «Оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту және дамытудың қолайлы жағдайы мұғалімнің оқу материалын дайын түрде беруі емес, керісінше оқушының өздік іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады»,деп жазды. Ал Жеребятъева Л.Ф. өз еңбектерінде: «Оқушылардың сонда –ақ студенттердің өздік жұмысы, бұл ықпалдасты дидактикалық дәреже, ол оқыту мақсатымен қатар қойылатын оқытудағы әректтердің жүйесін бейнелейді», деп жазды.

«Баяндалып өткен материалдың көбі арнайы жүүргізілетін жаттығу жұмысында, не өзге жағдайда мысалы, үй тапсырмасын орындау кезінде бекітіледі. Жаттығу үстінде тиісті мағлұматтар оқушының есінде сақталғыш келеді. Өйткені мұнда оқушы өздігінен көп жұмыс істеп, оқу материалын өз бетімен төсілетін болады»,- деп Мұқанов М.М.жазды.

Л.Н. Толстой балаларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуге соның ішінде шығарма жазуға көп көңіл бөлді.

Педагогика ғылымын жаңа биік сатыға көтере білген Н.Константиновна оқушылардың өз беттерінше атқаратан жұмыстарын ұйымдастыруды тәжірбиелер жасауды айрықша атап көрсетті.

Қазақтың көптеген педагог ғалымдары да А.Байтұрсынов , Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж: Аймауытов,С. Көбеев балалардың танымдық белсенділігін дамытуда құнды пікірлер айтты.

А.Байтұрсынов пікірі бойынша бала білімді тәжірбие арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің шеберлігі ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өту үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, бала жұмысты әліне қарай шағындап, беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек.

М. Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді. Ол: «бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша тап- тапқа бөліп үйренсін. Жеңілден ауруға көшуді естен шығармауға, керек көріністерді, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысылдардан ереже – заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады», - деп жазды.

1.2. Өзіндік жұмыстардың маңызы мен мінгдеттері

Оқушылардың өзіндік жұмысы деген не? Бұл туралы педагогикалық және методикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтамалар кездеседі.

Қейбір авторлар өзіндік жұмысты оқыту әдісінің бірі деп қараса, екіншілері оны оқыту принципінің бірі деп есептейді. Бүл дүрыс пікір емес. Оқушылардың өзіндік жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды. Оның себебі: мұндай жұмыстардың өзі әр түрлі әдістер аркылы іске асырылады, мысалы, жаттығу, кітаппен жүмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу тағы басқалар.

Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің міндеті — оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге баулу. Өзіндік жұмыстың өз алдына оқыту принципі бола алмайты-нының тағы бір себебі — оның өзі баска принциптерге тәуелді: дәлірек айтқанда, білім алудағы оқушылардың белсенділігі мен саналылығы атты принцип, ең алдымен, оқушылардың дербестігін, өздігінен оқу, білім, алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Сондьіқтан олардың өзіндік жұмысы оқу әрекетінің бір түрі ғана.

Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттерден материалдық, рухани тағы басқалардан туады. Осы қажеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін адам белсенді әрекет жасауға тиіс. Оқушылардың, таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасып жатады. Осыған орай, олардың, д е р б е с т і г і, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ал белсенділік дербестікті керек етеді және оқушының өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар. Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес. Белсенділік, дербестікке қарағанда, мағынасы кең ұғым.

Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз — оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды «өмірде, практикада пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы; ал одан алған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы, жазу-сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталау да, жаңадан білім алу да, оның жолдары мен дағдыларына үйрену де белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау, экспе-римент жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу процесінің барлық кезеңінде қажет.

Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз — оқушы әрекетінің сыртқы көріністері белсенді қимыл-қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы тағы басқалар. Бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.

Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы- мүмкін емес.

Оқушы белсенділігі қандай болғанда да оқушының ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық тағы басқалар белсенділік) түрлері болады.

Соңғысы оқушының жоғары саналылығы мен дербестігін керек етеді.

Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу тағы басқа белсенділіктері.

Осы айтылғандардан шығатын қорытынды: оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту әдісі де, оқыту принципі де емес, ол — оқушының оқу әрекетінің күрделі бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады.

Оқушылардың өзіндік жұмысына тән негізгі сипаттарды анықтап беру қажет. Бірден ескертетініміз: ол күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің, мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер тағы басқалар.

Осыған орай, оқушылардың өзіндік жүмысын арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс деп айту жеткіліксіз. Мұндай анықтамада оны ұйымдастырудың негізгі белгілері көрсетілмеген. Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушылардың дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы — осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.

Оқыту процесі — екі жақты процесс болғандықтан, оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып, өз ықыласымен жасайтын әре-кетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков тағы басқалар) оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі — олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.

Жоғарыдағы авторлардың пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмысына, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, олардың өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмысының, жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын творчестволық жұмыста-рын жатқызады. Бұдан шығатын қорытынды: мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай үштастыра білуі қажет. Сонда мұғалімнің басшылық әрекеті кемімейді, қайта күрделеніп, арта түседі, және мұғалімнен шығармашылық еңбек пен әдәстемелік шеберлікті талап етеді.

Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын функциясы мен міндеттерін атап өткен жөн. Олар:

1. Оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру.

2. Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.

3. Оқушыларда оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

4. Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту.

5. Оқушыларды сыныптан және мектептен тыс дербес білім алуға әзірлеу.

6. Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгірмеушілікті болдырмауға әсер ету.


1.3. Өзіндік жұмыстың түрлері

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оларды топтастыру — өте күрделі мәселе. Осы күнге дейін педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде көпшілік мақұлдаған бұл жұмыстарды топтастыру немесе классификациялау жүйесі жоқ. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын топтастыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескермесе болмайды.

Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту процесіндегі алатын орнына, оқушылардың міндетті түрде немесе өз еркімен істейтін жұмысына тағы басқа белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады.

Оның ең жиі кездесетін бір тобы — сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері:

а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау тағы басқа тәсілдерге үйрену);

ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару тағы басқалар).

б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша, графикалық, практикалық тағы басқа жұмыстар).

Оқушылардың өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді жолы болғандықтан, В. А. Сухомлинский оқушылар оқуға қажетті білім пен дағдылар жүйесін меңгеруі қажет дейді. Оның пікірінше, мектепте он жыл жемісті оқу үшін, оқушы міндетті түрде, мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

1) сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын бақылай білу;

2) ойлай білу: нәрселерді салыстыру, қарама-карсы қою, түсініксіз нәрсеге жауап іздеу, таңырқау;

3) оқушының, көргенін, байқағанын, істегенін, ойын тұжырымдап айта білуі;

4) жылдам, мәнерлеп, саналы түрде оқи білу;

5) жылдам және дұрыс жаза білу;

6) оқыған материалдың мағынасына қарай логикалық бөліктерін айыра білу, олардың өзара байланыстарын ажырату;

7) өзіне керек кітапты таба алу;

8) өзіне керекті мәселеге тиісті материалды кітаптан таба алу;

9) материалды оқу- үстінде мәтінге алғашқы логикалық талдау жасай білу;

10) мұғалімді тыңдай білу және оның әңгімесін қысқаша жазып алу;

11) мәтінді оқи отырып, мұғалімнің сол мәтінмен қалай жұмыс істеу туралы берген нұсқауларын ескере білу;

12) көрген-білгендері туралы шығарма жаза білу.

Оқушыларда осындай шеберліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда олар ойдағыдай оқи алмайды, оқуға үлгірмейтін, тіпті оқығысы келмейтін де жағдайға ұшырайды деп ескертеді В. А. Сухомлинский.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым және оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттері мен жұмыс істеу; шығармашылық жаттығулар, бақылау эксперимент, экспедиция археологиялық зерттеулер сияқты. Мысалы, Н.Дайри тарих сабағында оқулардың өзіндік жұмыстарының мынадай түрлерін қолдану пайдалы деп есептейді:

1. Проблемалы логикалық тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар арқылы оқу материалының негізгі мән-мазмұнын (табиғат пен қоғам құбылыстарының себеп-салдарлық байланыстарын) түсіну мақсаты іске асырылады. Оқушылар тапсырманы мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде, оқулықпен, тарихи документтермен және көрнекі құралдармен жұмыс істеу негізінде орындайды.

2. Оқушыларды ғылымның кейбір әдістерін қолдануға үйрету.

3. Алған білімді қайта қорыту, қайта жасау, кайта өзгерту әрекетіне үйрету (жоспар, тезистер құру, конспект жазу, бір мәселеге байланысты бірнеше әдебиеттерді пайдаланып, хабарлама, баяндама жасау, олардың мазмұнын жақсы меңгеріп, өз сөзімен айтып беру тағы басқалар).

4. Бағалай білу әрекеттеріне үйрету. Бұған оқушылардың өздерінің ауызша берген жауаптарына, жазба жұмыстарына, диспутта сөйлеген сөздеріне баға беру жатады.

5.Алған білімді практикада, қоғамдық пайдалы жұмыстарда қолдану (ғылыми білімдерді тарату, өлке тану жұмысы).

Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып арнайы екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу, мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінммен жұмыс істеу, сабақта шығарылған есеп типтес есепті үйде шығару тағы басқалар) жатады.

Шығармашылық жұмысқа оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, рецензия, көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық жұмыстар жасауы тағы басқалар жатады. Әрине, репродуктивтік және шығармашылық жұмыстар өзара байланыста болады, біріншісі екіншісіне ауысып отырады. Мысалы, ана тілі сабақтарында мұндай жұмыстар мынадай бағытта іске асырылады:

1. Жай жоспардан түрлі тақырыптарға шығарма жазуға дейін. шығармашылық шығармадан оқушылардың өз шығармашылығына дейін.

2. Көркем мәтінді қарапайым талдаудан мазмұн мен форма бірлігінде тұтас талдауға дейін.

3. Оқулықпен істейтін қарапайым жұмыстан қосымша екі-үш әдебиетті қатар пайдаланып, өздігінен жұмыс істеуге дейін.

4. Оқыған көркем мәтін үзінділерінің мазмұнына жай жоспар жасаудан лекция жоспарын жасап, конспект, тезис, реферат жазуға дейін.

5. Мұғалімнің сұрақтарына жауаптан баяндама, диспутқа дейін.

Төртінші топқа — мұғалімнің тапсыруынсыз: міндетті түрде емес, оқушылардың өз еркімен, ықыласымен жасайтын жұмыстары жатады: қосымша әдебиеттерді оқуы, ғылыми үйірмелер мен ұйымдардьщ жұмысына араласып, конкурс, олимпиадаларға қатысуы, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, үгіт-насихат, көпшілік мәдени-ағарту, өлке тану жұмыстарымен шұғылдану тағы басқалар.

Оқушылардың бұлардан басқа өзіндік жұмыстарының жеке оқушының түгел сынып болып немесе топтарға бөлініп әрекеттенуіне қарай дара және фронтальды формалары болады. Осыған орай оның ұйымдастыру формасын жеке және фронтальды деп топтастыруға болады. Эстониялық ғалым-педагог О.А. Нильсон оқушылардың өзіндік жұмыстарын мынадай принциптерге қарай топтастырады:

1. Психологиялық (ойлау амалдарын қолдануға байланысты).

2. Психологиялық-дидактикалық (оқушылар жасайтын әрекетке байланысты).

3. Дидактикалық (жұмыстың атқаратын функциясына байланысты).

4. Дидактикалық-әдістемелік (проблемалы тапсырмалардың дәрежесіне байланысты).

5. Әдістемелік (берілетін хабар қандай құралдар, жағдайлар негізінде берілуге байланысты);

6. Ұйымдастыру-әдістемелік (жұмыстың орындалуын басқаруға байланысты);

7. Ұйымдастыру принципі (жұмысты ұйымдастыру формасына, байланысты).

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту процесінде жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті. Және оның бір ерекшелігі — оқыту процесінің барлық кезеңдерінде (жаңа білім беру, оны бекіту, қайталау, бақылау және тексеру) қолдануға болады.

Енді өзіндік жұмыстарды жеке оқу пәндерін оқытуда қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық. Р. Сүлейменова, Қ. Бадырақов } қазақ әдебиетін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын пайдалану туралы құнды пікірлер айтып, оларды практикада қолданудың тиімді жолдарын көрсетеді. Мысалы, жоғары сыныпта әдебиет пәнін оқытқанда оқушыларды мынадай жұмыстарды орындауға үйрету пайдалы:

1. Оқу (түсіндірмелі, мәнерлеп, рөлдерге бөліп оқу), жаттау, баяндау (мәтінге жақын шығармашылық), суреттеу, хабар-таныстыру, сұрау-жауап тағы басқаларт. Бұлар көбінесе ауызша жүргізіледі.

2. Жоспар (жай, күрделі), тезис, конспект, талдау, шығарма, баяндама, аннотация, рецензия, суреттеме, мақала, инсценировка, әдеби монтаж тағы басқалар. Бұлар жазбаша жүргізіледі. Осы жұмыстарды түрлендіріп, күрделендіріп жүйелі түрде оқушылардың өзіндік жұмысы етіп ұйымдастыруға болады.

Қ. Бадырақов қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмыстарын олардың таным, іс-әрекетінің ерекшеліктеріне қарай үш түрлі бағытта ұйымдастыруды ұсынады.

1. Репродуктивті типтегі өзіндік жұмыстар. Оқушылар мұндай жұмыстарды (есте қайта жаңғыртып, тексеретін, шолу түріндегі жұмыстар) өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Мысалы: өзін-өзі тексеру сұрақтары.

2. Шығармашылық типтегі өзіндік жұмыстар. Шығармашылық жұмыстың бұл түрлерін атағанда, оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп, бұл жағдай белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді. Әдебиет пәні мұндай шығармашылық жұмыс түрлері арқылы оқушылардың ішкі дүниесінің әдебиетке бейімділігін, әдебиетті сөз өнері ретінде қаншалықты түсінетінін анықтайды.

3. Іздену-таным типіндегі өзіндік жұмыстар. Бұл жұмыстар (проблемалық, зерттеу) барысында оқушылар өздігінен әрекеттеніп, бұдан бұрын өзіне белгілі үлгіні еске қайта жаңғыртып қана қоймайды, тапсырманы орындаған кезде өзі бұрын меңгерген білім мен дағдыларды пайдалана отырып, мәселенің шешімін жаңа тәсілмен табады. Бұл — оқушылардың таным қабілетін дамытудағы негізгі шығармашылық жұмыстың бірі болғандықтан, оны әдебиет пәнін оқытуда пайдалану мақ-саттарына қарай сұрыптауды қажет етеді.

1) Оқушылардың жеке таным, зерттеушілік іс-әрекеті үстінде қалыптасатын жаңа білімді, дағды мен шеберлікті дамытатын өзіндік жұмыстар: танымдық міндеттер қою, материалды проблемалы баяндау, проблемалық жағдай, талас туғызатын сұрақтар, іздену тәжірибесі (эксперимент), зерттеу міндеттерін қамтиды.

2) Білімді тәжірбиеде қолдана білу дағдыларын дамытатын өзіндік жұмысқа: лекция, баяндама, мақала, іс қағаздары, өлке тану, қаланың, республиканың әдеби өмірін бақылаулар; нақты документті материалдармен жұмыс, олардың ерекше белгілерін даралап, қарапайым анықтамалармен бекіту; теориялық қағидаларды жазба әдеби фактілер мен құбылыстардың табиғатын айқындауға жаттығулар жүргізіп, тапсырмалар беруге, сол арқылы жаңа әдеби фактілер мен құбылыстардың арасындағы негізгі байланыстарды ажырату, ауызекі және жазба тілді дамытуға бағытталған шығармашылық шығармалар, жаттығулар орындауға пайдаланулар жатады.

Кейбір авторлар (В. Н. Федорова, М. В. Зуева т. б.) орта мектепте ғылыми-жаратылыс тану пәндерін (физика, химия, биология) оқытуда оқушылардың өзіндік жұмстарын сол ғылымдардың әдістерін меңгерумен байланыстырады. Оқушылар теория жүзінде ғана емес, практикада да ғылымда қолданатын мынадай әдістерді меңгеру қажет: бақылау, эксперимент, салыстыру-талдау әдісі, графикалық әдіс, модельдеу, конструк-циялау.

География пәнін оқытқанда оқушылардың өзіндік жұмыстарын Сарыбеков тағы басқа авторлар) тәжірбиелік зерттеу жұмыстарын жүргізумен байланыстырады.

Бұл саладағы жүргізілетін зерттеу жұмыстарында зерттеудің мынадай элементтері мен кезеңдері болатынын ескеру керек:

1) географиялық фактілер мен құбылыстарды бақылау;

2) зерттеп шешуге жататын түсініксіз құбылыстарды айырып алу;

3) түсініксіз құбылыстарға байланысты фактілерді зерттеу;

4) бұл фактілер мен құбылыстар жайындағы білімді қолданған тәжірбиелік жұмыстар.

Бұларды география пәнін оқытқанда жүргізілетін зерттеу жұмыстарында қолданудың маңызы зор.

II – тарау Оқу процессінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі.

2.1. Өзіндік жұмыстарды үйымдастырудың негізгі жолдары мен шарттары

Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, ең алдымен, олардың өзіндік әрекетінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін білгені жөн.

Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктер мыналар: жұмыстың басынан бастап мақсаты мен міндеттерін анық аңғару соған орай, қандай тәсілдерді қолданудың жоспарын ойша жасау, жұмысты сәтті аяқтау үшін, өзін-өзі бақылап отыру. Дәлірек айтқанда, оқушы әрекеті структурасы жағынан мынадай үш бөлімнен тұрады: а) оқушының алдын ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтауы; ә) жоспарға сәйкес амал-тәсілдерді қолдана білуі; б) өз әрекетінің барысын қадағалап, бақылап отыруы.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда, жеткіншектердің (ортаңғы сынып оқушыларының) дербестігі, өздігінен түрлі әрекет, жұмыстар жасауға деген құштарлығы, ынтасы артады.

Олар оқу материалдарын сабақта түгелдей мұғалімнің айтқанынан дайын түрде қабылдауға қанағаттанбайды, керісінше, мысалдарды талдауға, тұжырымдар жасауға, лабораториялық және тәжірбиелік жұмыстарды өздігінен орындауға қызығады, мектептен тыс, үйде қосымша әдебиеттер оқуды, түрлі жаңа ақпараттар алу жолдарын іздеуд тілейді. Бірақ бұл жаста-ғы оқушылар әлі өздігінен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін біле бермейді және толық меңгермеген. Мысалы, 12—15 жастағы оқушыларда оқу материалына өздігінен зейін қойып, оның мазмұнын терең талдауға, негізгі мәселені есте қалдыруға, алдын ала жоспарлауға, жұмыс барысын бақылап, жіберген қателерді дер кезінде түзетуге байланысты дағдылардың болмайтыны анықталған.

Бұл жағдай, әрине, мұғалімнің қызметін ауырлатады, одан оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға баса көңіл аударып, оны жүйелі түрде басқарып отыруды талап етеді. Егер оқушы өздігінен жұмыс іс-теуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке үшырайды, басқалардан гөрі, оқуда артта қала береді. Мүндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан ол үлгірмеушілер қатарына қосылады.

Бұдан шығатын қорытынды: оқушылардың мектепке көзқарасы, оқуға деген мотивтері мен қызығулары олардың өздігінен жұмыс істей білу дағдыларын меңгеруіне тығыз байланысты болатындығы. Сондықтан мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі — оқушыларды оқу процесінде өздігінен істейтін түрлі жұмыс дағдыларына үйрету.

Мұғалімнің тағы бір ескеретін мәселесі — жеткіншектердің, әсіресе жоғары сынып оқушылардың, психологиясында өзін-өзі, бірін-бірі бағалау қасиеті ерекше орын алады.

Оқушылардың дербестігін арттыруда олардың оқу жұмысына байланысты табыстары мен кемшіліктерін өздеріне дұрыс бағалауға үйретудің маңызы өте зор.

Арнайы жүргізілген кейбір психологиялық зерттеулер мынаны көрсетеді: анкетке жауап берген жоғары сынып оқушыларының 50%-на жуығы: «Мұғалімдер біздің білімімізді дұрыс бағаламайды, көбінесе, шын дәрежесінен төмен бағалайды»,— деген, ал 10%-ы: «Артық бағалайды»,— деген. Ал оқушылардың көпшілігі: «Біздің шамамыз бен біліміміздің сапасына және оқудағы табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы дұрыстау, дәлірек баға бере алатын мұғалім де, тіпті бірге оқитын сыныптастарымыз да емес, өзіміз»,— деп жауап берген.

Бірақ оқушылардың мұғалім мен басқалардың берген бағасын мән-мағына жағынан өздерінікінен гөрі жоғары санайтыны байқалған. Олардың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі түзетуі — бір-бірімен тығыз байланысты процестер. Сондықтан оқушылардың дербестігін арттыруда мұндай өзіндік әрекеттерге үйрету қажет.

Қазіргі заман талабы бастауыш мектептен, тіпті бастауыш сыныптан бастап балалардың оқудағы дербестігін арттыруды керек етеді. Осыған орай, оларды өз оқу жұмысының барысын өзі дұрыс бағалай білуге үйретудің тәрбиелік маңызы зор. А. И. Липкина және басқа зерттеушілер арнайы жүргізген эксперименттерінде бастауыш сынып оқушыларын оқу жұмысында өзін-өзі дұрыс бағалауға үйретуге болатындығына көз жеткізгендерін айтады.

Мысалы, бір жыл бойы бастауыш сынып оқушылары (оның ішінде бірінші сыныптағылар да бар) сабақта және үйде орындаған тапсырмаларды мұғалімге тексеруге беруден бұрын, өздері тексеріп, бағалайтын болған, мұ-ғалім жұмыстарды тексеріп, кейін оқушылармен бірге өзінің берген бағасы мен оқушылардың берген бағасының сәйкес келу-келмеу себептерін талдап отырған. Алғашқы кездерде оқушылардың бағасы мұғалімнің бағасына сәйкес келмеген: бірінші сыныпта — мұндай оқушылар 6%, екінші сыныпта — 34%, үшінші сыныпта 28% болған. Оқушылардың өзіне-өзі берген бағалары, мұғалімнің қойған бағасына қарағанда, жоғары болған.

Ал жыл аяғында өзін-өзі дұрыс бағалай алмайтындардың саны азайған — бірінші сыныпта — 18%, екінші сыныпта — 14%, үшінші сыныпта 8% ғана болған.

Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол — өте күрделі процесс болғандықтан, жай, қарапайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға қарай дамиды. Оның қалыптасуына алдымен сыртқы факторлар әсер етеді: оқытудың маңызы мен міндеттері, оның әдістері, мұғалімнің талаптары тағы басқалар. Содан бірте-бірте оқушының белсенді таным әрекетіне байланысты өздігінен жұмыс істеу оның қажетіне айналады (өздігінен білім алу, өзін-өзі басқару, бақылау, бағалау сияқты әрекет дәрежесіне көтеріледі).

Оқушы, ең алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мүндай жағдайда жұмыстың мазмұнын, жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ретінде жұмыс істейді.

Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жаңа жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Бұндай жағдайда оның дербестігі, өздігінен істейтін әрекеті арта түседі. Бұдан шығатын әдістемелік қорытынды: мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жат-тығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында өздігінен жасайтын жұмыстарға үйретуі қажет.

Осыған орай, К. Э. Циолковскийдің өзі туралы айтқан мына сөздерін еске алған жөн: «Алдымен,— дейді ол,— мен өзім үшін бұрын белгілі болған жаңалықтарды ашатынмын, содан кейін онша белгілі емес жаңалықтарды, ең соңында — мүлдем белгісіз жаңалықтарды ашатынмын» .

Мұғалім мен оқушының атқаратын қызметіне қарай оқушылардың өзіндік жұмысының негіздерін мынадай кестемен көрсетуге болады:

Мұғалімнің басқару функциясы

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы

1. Тапсырманы анықтап беру. Әрекеттің мотивтері. Жұмысты орындау туралы әдістемелік нұсқаулар.

Жұмыстың нақты мақсат-міндеттерін аңғару. Жұмыстың мәні мен пайдасын ұғыну, оған қызығу.

2. Жұмыс барысына бақылау жүргізу.

Жұмысты орындаудың жоспарын жасау. Өзін-өзі бақылау.

3. Оқушылар әрекетіне, оның жеке амал-тәсілдеріне түзетулер жасау.

Өз жұмысының қателерін табу, оны түзету.

4. Жұмысты тексеру, оньщ нәтижесін талдау, бағалау.

Өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау.

Өзіндік жұмыс процесінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын әрекеттерін толығырақ қарастырайық.

Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда мыналар көрсетіледі: жұмыстың мақсаты, оны бөлімдері бойынша орындау реті, алынған нәтижелерді, өздерінің тексеру тәсілі (өзін-өзі бақылау), мұғалім тексеру үшін, алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері ақпарат) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі.

Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалғанын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды; демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушылардың өзіндік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын айқындайды.

Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және, ең маңыздысы, жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді өздері бағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды, алынған нәтижелерін реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылау) және оларды (жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер тағы басқалар ) тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Бұл — ортаңғы сыныптарда істелетін жұмыстар. Ал жоғары сыныптарда өзіндік жұмыстың зерттеу сипаты күшейеді, сондықтан оның білімдік маңызы арта түседі.

Оқушылардың оқу әрекетінің жемісті болуы — оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруге байланысты.

Психологтар (Кабанова-Меллер тағы басқа) оқу жұмысының негізгі тәсілдерін екі топқа бөледі:

1) Оқушының жалпы оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қолданатын тәсілдері: жоспарлау, уақытты дұрыс пайдалану, оқу мен тынығу режимін ұйымдастыра білу, өз жұмысын бақылау 2) Оқушының оқуына тікелей байланысты қолданатын тәсілдері: жаңа білім мен дағдыларды меңгеру және өздігінен жұмыс істеу.

Осылардың ішінде ерекше орын алатыны—оқу материалымен жан-жақты жұмыс істей білу дағдысы: материалдың мазмұнын талдау, одан ең негізгі мәселені екінші бір мәселеден айыра білу, оларды салыстыру, топтастыру, жүйелеу, схемалар, графиктер қолдана білу тәсілдері. Оқушының мүндай тәсілдерді меңгеруі оны жан-жақты дамытады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді: ол тек дайын білімді қабылдаушы пассив жан емес, оку әрекетінің белсенді қайраткері немесе, басқаша айтқанда, оқу әрекетінің субъектісі болып саналады.

Өзіндік әрекеттің өте маңызды психологиялық ерекшелігі ол оқушыларда алда тұрған жұмысқа жағымды мотивтер, қызығулар туғызады.

Психологиялық арнайы зерттеулерге қарағанда, оқушылардың оқу жұмысының сапасын арттыру үшін, оларда мынадай мотивтерді қалыптастыру қажет: жеке оқу пәндерінде берілетін ең негізгі заңдылықтарға, оларды анықтау жолдарына қызығу, оқу жұмысын бірлесіп, ұжым түрде жасауға, жұмыстың нәтижесін қоғамдық пайдалы істерде (еңбекте, өздігінен білім алуда, басқалармен қатынаста ) қолдануға қызығу. Осындай оқу мотивтеріне байланысты оқушыларда өзін-өзі бағыттау сияқты жалпы дербестік қасиет артады. Мысалы, оқушылардың сабақта оқу жұмысының бір кезеңінен екіншісіне (оқу міндетін анықтаудан жұмысты орындау мен өзін-өзі бақылау тәсілдеріне) өздігінен ауысуы; өз жұмысының тәсілдерін басқалардың жұмыс тәсілдерімен үйлестіруі; бір жұмыстың қорытындысын екінші жұмысты орындаудың құралы ретінде пайдалана білуі. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру оқуға қызықтырудың өте қуатты мотиві болып табылады. Сондықтан осы мәселеге тоқталайық.

Мұғалім жаңа материалды өткенде, ең алдымен, оқушылардың оған қызығуын (жағымды мотивін) туғызудан бастайды, содан соң материал мазмұнын түсінуге көмектесетін оқу жұмысының тиісті тәсілдерін үйретуге, өз жұмысын қалай орындап жатқанын өздері бақылап отыруға дағдыландыруы тиіс. Жаңа материалға деген алғашқы мотивті туғызу үшін екі нәрсені іске асыру керек:

1. Оқушы санасына жаңа тақырыпты не үшін оқып үйренудің қажеттігі мен маңызын жеткізе білу керек. Мысалы, оның келесі тақырыптағы теориялық материалды түсіну үшін немесе нақты- тәжірбиелік істерді (ең-бек, басқалармен қарым-қатынас жасау, дербес білім алу тағы басқалар) орындауға керек болатынына сендіру қажет.

2. Өтілетін жаңа материал бойынша берілген тапсырманы орындауға оқушының әлі дайын еместігіне, оның тиісті білімі мен дағдысының жоқ екеніне көзін жеткізу керек. Басқаша айтқанда, оқушы жаңа материалды өтудің алдында өзі үшін екі қорытынды жасауы тиіс. Біріншіден, ол жаңа материалды оқып үйренудің не үшін керектігін, екіншіден, сол материалды оқып үйрену үшін қандай білім мен дағды керектігін сезінуге-тиіс.

Оқушыларға тақырыптың мазмұнына байланысты берілетін білімнің қоғамдық мәні мен қажеттігін көрсетумен қатар, оларға алған білімдердің күнделікті өмірде тәжірбиеде қолдануға болатынын аңғартып отыру пай~ далы. Мысалы, қазақ тілі сабағында оқушыларға адамдардың, бір-бірімен қарым-қатынас жасауында сөйлеу тілі түрлі міндеттерді атқаратынын байқату керек: әр адам өз-ойын анық және дәл айтуы, сөзбен біреуді сендіру, өз пікірін дәлелді қорғауы, әр түрлі жағдайда (қызметте, үйде, жолдастарының арасында) түрліше сөйлесу және ойды жазу. Бұларды іске асыруда тіл байлығын, грамматикалық ережелерді, мәнерлеп сөйлеуді, сауатты жа зуды қолдана білу керек екенін оқушылардың ұққаны жөн. Оны оқушыларға әр түрлі адамдарға (ресми адамға, жолдасына, туыстарына тағы басқаларға) хат жаздыру арқылы тексеруге болады.

Мұғалім сабақта оқушыларға өзіндік жұмыстың міндетін, оны орындау мен бақылау тәсілдерін үйрету үшін арнайы жаттығулар беріп отырғаны жөн. Мысалы, оқушылардың математикадан, физикадан бір есепті шыға-рудың әр түрлі жолдарын ойластыруы (іздестіруі), оларды бір-бірімен салыстырып, ең тәуірін таңдап алуы сияқты. Мұғалім оқушыларға: «Біз қандай мақсат көздедік?», «Бұл жұмысты орындау үшін қандай тәсілдер қолдандық?», «Жұмысты орындаудың қанша тәсілі бар екен?», «Қолданған тәсілдің дүрыс екенін қалай білесін,?», «Жұмыстың нәтижесі қандай болмақ?», «Өз жұмысыңның сапасын қалай тексере аласың?» деген сияқты сұрақтар беріп, олардың өздігінен істеп жатқан жұмысының саналылығы мен орындау сапасын өздеріне байқатуға болады.
2.2.Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру үшін, олардың оқу әрекетінің әрбір тәсілін (міндет қою, тәсілдерді қолдану, өзін-өзі бақылау) жеке-жеке бағалап, ескертулер жасап отыру орынды. Осы мақсатта оқушылардан: «Алдыңда қандай міндет тұр?», «Жұмысты орындау үшін қандай тәсіл қолданасың?», «Өзіңді-өзің қалай бақылайсын?» деген сұрақтарға жауап беруді талап ету керек.

Оқушыларды жұмысты топпен, ұжыммен орындауға үйретудің тәрбиелік маңызы зор.

Оқу жұмысын ұжыммен орындауға үйреткенде, мұғалім өзінің атқаратын кейбір функцияларын оқушыларға тапсырғаны пайдалы. Мысалы, оқушыларды мұғалімге көмекші ретінде кеңес, ассистент, лаборант болып жұмыс істеуге, жоғары сыныптағыларды төменгі сыныптағылардың үйірме жұмысын басқаруға, олимпиада, конкурстар ұйымдастыру сияқты жұмыстар-ға баулу керек.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырғанда, мұғалім оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеріп, соған қарай беретін тапсырмаларды өзгертіп, түрлендіріп отырғаны жөн және орындалған жұмыстың жалпы қортындысына ғана баға қоймай, сонымен қатар оқушы оны қалай жоспар--лады, қандай тәсілдер қолданып орындады, өзі қалай тексеріп отырды,— осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.

Сонымен, оқушылардың өзіндік жұмыстарының сапасын арттыру мақсатын іске асыру үшін, мұғалім жоғарыда баяндалған оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін біліп, соған сәйкес өзінің әдістемелік шеберлігін жетілдіріп отыруы қажет. Осы тұрғыдан алғанда, оқушылардың өзіндік әрекетін ұйымдастыру үшін, мұғалім мынадай үш жағдайды ескергені жөн:

1) оқушылардың өзіндік жұмысының мазмұнын анықтау (берілетін білім және оны оқыту міндеттері);

2) өзіндік жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау, қолданатын амал-тәсілдерді белгілеу;

3) оқушыларға жұмысты ойдағыдай аяқтауға дұрыс бағыт беріп, көмектесу (жұмыстың жүйелі барысына «басшылық ету, тиісті түзетулер жасап отыру).

Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

а) оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;

ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

б) жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы.

Қорыта келгенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға, қойылатын талаптар мыналар:

1. Жұмыстың, көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару.

2. Оқушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу.

3. Оқушылардың дербестігін арттырып, өздігінен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.

4. Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған саяси-қоғамдық мәні бар материалдарды, хабарларды енгізу.

5. Оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап, түсінуге үйрету.

6. Оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

7. Оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу.

8. Оқушыларда өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.

Енді осы принциптерге сәйкес оқушылардың өзіндік: жұмыстарын мектепте қалай ұйымдастыруға болатынын қарастырайық.

Мектепте оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге үйренуі сабақта мұғалімнің жаңа материалды баяндауын талдаудан және оқулықтан берілетін тапсырмаларды орындаудан басталады. Осыған орай, озат мұғалімдер оқушыларға мұғалімнің баяндауын қалай тыңдап, есте сақтауға болады, оқулықпен қалай жұмыс істеу керек, оқыған материалдарының жоспарын, конспектісін қалай құру керек, шығарманы қалай жазу керек, сабақта жауапты қалай беру керек деген мәселелерге байланысты кеңестер берілген «Жадынамалар » және арнайы бұрыштар жасайды. Мысалы, тарих пәнінің мұғалімі VII—VIII сынып оқушыларына аса көрнекті қайраткерлердің тарихи рөлін, оның қызметін сипаттағанда пайдалану үшін мынадай «Жадынама » жасаған.

1. Тарихи адамдардың бейнесін көз алдыңа елестетіп, оның сыртқы көрінісін (киімі, бет-әлпеті, сөйлеу мә нері, өзін ұстау ерекшелігі) сипатта.

2. Оның ішкі дүниесін (ақылы, жігері, басқалармен қарым-қатынасы тағы басқаларын) айырып айт.

3. Оның қоғамдық-саяси қызметіндегі (еңбек, ғылым, саясат, әскери, өнер салаларындағы) ең маңызды оқиғаларды есіне түсір.

4. Оның қызметінің таптық сипатын жете түсініп ал.

5. Ол тарихқа қандай үлес қосты деп ойлайсың оның қызметі прогрессивті немесе реакцияшыл бағытта болды ма?

Кейбір озат мұғалімдер жоғары сынып оқушыларына окулық мәтіні бойынша жоспар құруға, тезистер мен конспект жазуға үйрету үшін арнайы сабақ өткізеді. Сонымен қатар мұғалім өзі жаңа материалды баяндағанда сабақтың тақырыбы мен оның негізгі мәселелерін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып анықтайды. Осындай жұмыстардан кейін мұғалім лекциясы кезінде конспект жазуды ұсынады. Бұл — оқушылар үшін күрделі жұмыс. Өйткені мұғалімнің айтқанын тыңдап отырып конспект жазу оқулықтағы немесе басқа көмекші құралдағы материал бойынша конспект жазудан гөрі қиын екенін ұмытпау керек. Егер оқулықтағы материалдың негізгі идеясын, мысалдарын, дәлелдерін оқушы мәтінді өзі оқып шыққаннан кейін, асықпай талдай отырып, конспект жазатын болса, мұғалімнің баяндауы кезінде ол материалдың мазмұнын оның айтқанына қарай тыңдап, үлгергенінше өзінің ұққанын жазып алуға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда мұғалім оқулықта жоқ материалды баяндаса, оқушылар оған қызығып, тек соны жазып алуға тырысады. Мұғалімнің міндеті — оқушыларды тыңдаған материалының негізгі жағын аңғарып, мазмұнын қысқаша жазып алуға үйрету.

Кейбір тақырыптарды өткенде, жаңа материалдың белгілі бір бөлімін немесе сұрақтарын жоғары сынып оқушыларының өздеріне дайындатып, қысқа хабар, шағын баяндама ретінде айтып беруге үйреткен пайдалы. Мысалы, В. А. Сухомлинскийдің мектебінде мұғалімдер осындай жұмыстарға ерекше көңіл аударып, арнайы сабақтар өткізіп отырған.

Оқушылардың сабақта да, үйде де өздігінен істейтін жұмыстары көбінесе оқулықка, кітапқа байланысты болғандықтан, осы мәселеге толығырақ тоқталайық. Оқушылардың басым көпшілігі кітаппен жұмыс істей білмейді. Олар үйде оқулықтағы мәтінді бірнеше рет оқып шығып, есте қалғандарын ғана айтып береді, немесе материалды басынан аяғына дейін сөзбе-сөз жаттап алады, немесе бір не бірнеше рет қайталап оқып шығады да, кітапты жауып қояды.

Бастауыш мектеп бағдарламасы оқушылардың оқулықпен жұмыс істеуінің мынадай тәсілдерін қалыптастыруын талап етеді: оқыған материалдың мазмұнын қысқаша айтып беру, ондағы негізгі ойды аңғару, жоспарын құру, берілген сұрақтарға жауап қайтару.

Кейбір арнайы жүргізілген зерттеулерге қарағанда,2-4 сынып оқушыларының біразы осындай тәсілдерді қолдана алмайтыны байқалған. Мысалы, оқушыларға: а) оқулықтағы бір бөлімнің ең негізгі ойын анықта; ә) сол материалға жоспар құр; б) материал бойынша сұрақтарға жауап қайтар; в) материалдың мазмұнын қысқаша айтып бер деген сияқты тапсырмалар беріп байқағанда, 538 оқушыдан 55-і ғана (11,2 пайыз ) тап-. сырмаларды түгел орындай алған, ал 123 оқушы тапсырмның бірде-біреуін орындай алмаған.

«Сен үйге берілген тапсырманы қалай орындайсың?» деген сұраққа оқушылардың кейбіреуі былай деп жауап берген: Мен оқулықтардағы материалдарды әуелі бес рет оқып шығамын, содан кейін оқулықты жауып қоямын да, есте қалғанды өзіме айтып беремін, содан соң тағы бес рет оқимын да, әкеме айтып беремін (2-сынып оқушысы) Оқулықтағы берілген материалдарды түгел оқып шығып айтып беремін, егер есте қалмаса, онда есте қалғанша қайтадан оқи беремін (3-сынып оқушысы ). Ал 4- сыныптың бір оқушысы былай дейді: Материалды есте қалғанша, оқи беремін».

Сонымен, кейбір оқушылардьщ оқулықтағы ережені 7—8 рет оқып, есте қалдыруға тырысатыны байқалған. Ал олардың арасынан тіпті оқыған материалының мазмұнын айтып бере алмайтындары да кездеседі.

Оқушыларды оқулықпен жұмыс істегенде, оңдағы материалды белгілі мақсатқа сай оқу мен айтып берудің негізгі түрлеріне: материалды түгел оқу, кейбір жерлерін бөлшектеп қарап шығу, жылдам оқу, ізденіп оқу, ма-териалды нақты мақсатпен талдап оқу (оқушы керек жерін ғана оқиды); кітаптағыдай толық айтып беру, қысқаша, өз сөзімен айтып беру, ойша айту тағы басқаларға үйрету керек.

Оқушылармен мұндай жүмыс жүргізгенде, олар қандай мақсатпен оқу, нені айтып беру керектігін білуі шарт, мысалы: бірінші рет оқығанда — нені көздейді, екінші рет оқығанда ше, қандай тұрғыда айтып береді; тек есте қалдыру үшін оқу мен айтып беру негізгі мақсатқа айналмасын. Материалды саналы түрде түсініп оқитын болсын.

Оқулықпен, жалпы кітаппен, өздігінен жұмыс істегенде оқушыларды үйрететін негізгі тәсілдің бірі — жай және күрделі жоспар құру. Олар жоспарды өздігінен құруға дағдыланса, соның негізінде оқыған матери-алдың, мазмұнына байланысты тезистер мен конспект жазуға жылдам үйренеді.



Қорытынды

Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде педагогикалық тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білміне, іскерлігіне байланысты .

Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, іздемпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

Оқушының өздігінен білім алу өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді .Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажеттігіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат –міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап ,іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру – мұғалімнің міндеті.

Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірбие арқылы өздігінен алу керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық – кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу – бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.

Оқушылардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.

Жас ұрпақтың тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін құнды да маңызды, қайталанбайтын кезеңі- бастауыш сатыдағы білім беру. Оқушыға білім- білік дағдыларды меңгертумен бірге, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің ерекше талабы.

Осы саладағы мол тәжірбиеден түйгенім мынадай тұжырымдарт болды. Оқушының оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуі, өздігінен жасайтын жұмыстары олардың белсенділігін арттырады, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал- тәсілдерін қалыптастырады.



Қолданылған әдебиеттер
1). Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, /Дарын/ , А, 2004

2) Бейсембаева З, Өзіндік жұмыс -кәсіби біліктіліктің көзі 14 бет, /Бастауыш мектеп/, А, 2002 №5

3) Джуринский А.Н. История педагогики Древнего и среднековекового мира, М,1999

4) Есеева Р. Қапанова.Ж. Өзіндік жұмыс түрлеренің ойлау қабілеттерін дамытудағы рөлі22-23 б, /Бастауыш мектеп/, А, 2005 №5

5) Зимняя И.А. Педагогическая психология, /Логос/ , М, 1999

6) Қоқымбаева Т.Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, 14 бет , /Бастауыш мектеп/, А, 2001 №3

7) Қоқымбаева Т., Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, 21 бет /Бастауыш мектеп/, А, 2003 №5

8) Липкина А.И., Самооценка школьника, /Знание/, М,1976

9) Липкина А.И., Рыбак Л.А., Критичность и самооценка в учебной деятельности, /Просвещение/, М, 1968

10) Махимбаева Ж., Сабақтағы өзіндік жұмыс30 бет, /Бастауыш мектеп/, А, 2003 №4

11) Мустояпова А., Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру, 22-23бет, /Бастауыш мектеп/, А, 2003 № 12

12) Моро М.И. Самостоятельная работа учащихся на уроках арифметики в начальных классах, /Академия Педагогических наук/, М,1963

13) Нильсон О.А., Теория ипрактика самостоятельной работы учащихся, Т, 1976

14) Өтелбаева С., Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, 10 бет,

15) Пазылова Г. Өзіндік жұмыс – дербестік таным әрекетінің ұйымдастыру формасы 3, 20бет, /Білім/, А, 2001

16) Пазылова Г. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдыстыру17 бет, /Бастауыш мектеп/, А, 1999 №8-9

17) Пидкасистый П.И. Коротяев Б.И.Педагогика и психология. Организация деятельности ученика на уроке , /Знание/ , М, 1985.

/Бастауыш мектеп/, А, 2002 № 1

18) Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность, М, /Педагогика/, 1972

19) Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары,

/Мектеп/, А, 1978

20) Сүлейменова Р., Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары жайында , /Қазақстан мектебі/, А, 1969 №8

21) Төлегенов Ө., Өзіндік жұмыстың маңызы мен оны ұйымдастыру жолдары 21 бет, /Бастауыш мектеп/, А, 2000 №4

22) Педагогикалық ізденіс алматы Рауан, 575 бет, 1990



23) Развитие познавательной активности и самостоятельности учащихся и студентов, /Саратовского университете/,С, 1979




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет