Капсомерлердің орналасуына қарай вирус
капсидтері екі түрлі симметрия құрайды.
Спираль тәрізді
симметрия
Куб тәрізді
симметрия
Спираль тәрізді симметрияда
капсомерлер
нуклейн қышқылының спиралін орап
орналасады да онымен байланысып отырады.
Мұндайда нуклеин қышқылын бөліп алу
үшін барлық капсидті түгел бұзады. Спираль
тәрізді симметриямен көпшілік өсімдіктер
вирустары және РНҚ-лы корона-, ортомиксо-,
парамиксо-, рабдовирустар құрастырылған.
Куб тәрізді немесе икосаэдралық
симметрияда
сфера пішінді көптеген
үшбұрыштар орналасады. Сфера
үшбұрыштарға бөлінуін триангуляция
деп атайды. Бұл сфераның ішінде
көптеген үшбұрыштар тығыз
орналасуына жағдай туғызады.