Жоспар: Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде


Мәдениет — көп деңгейлі жүйе



бет5/5
Дата24.12.2021
өлшемі20,43 Kb.
#104760
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 Тәжірибе

Мәдениет — көп деңгейлі жүйе. Мәдениет - аса күрделі, көп деңгейлі жүйе,  Мәдениет дүниежүзілік және ұлттық болып бөлінеді:

1.Дүниежүзілік мәдениет - біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады.2.Ұлттық мәдениет өз кезегінде белгілі бір коғамның әр түрлі таптары, әлеуметтік топтары мен жіктері мәдениетінің, синтезін алға тартады. Мәдениет материалдық және рухани болып екіге бөлінеді.Материалдық мәдениет - еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, ягни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне қарым-қатынасының мәдениеті.Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде таныла отырып, өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойдың,философиялық,адамгершілік, көркемөнерлік,құқылық, педагогикалық, діни мәдениетті енгізеді. Бұлар - экономикалық, саяси, экологиялық және эстетикалық мәдениет.



Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгерщілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеі, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-ісі, философиялық жүйелері мен рәмізтаңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты- осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан. Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық тағыда басқа түрлерін атайды. Соның ішінде мәдениеттің негізгі қызметтері: адамды қалыптастыру қызметі, жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі, танымдық қызметі, реттеу қызметі, комуникатифтік, қарым-қатынастық қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет