Жоспар: Мәдениетті зерттеудегі құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар


Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі30,39 Kb.
#89192
1   2   3   4
Байланысты:
Мәдениет семиотикасы реферат

Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика;

  • Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін семантика;

  • Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін прагматика.


    Юрий Лотманның «Семио­сфера» («Таңбалар әлемі») деп аталатын еңбегі қазақ тіліне тәржімаланды. Таңбалар жүйесі туралы ғылым, яғни семиотика – кез келген ауқымдағы гуманитарлық ізденістердің өзіндік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан әрі бір ізге түсірілген ғылым. Жалпы, гуманитарлық пайым тұрғысынан алғанда да, тарихи, мәдени, әдеби анализ тұрғысынан алғанда да бұл кітаптың берері мол.

    Жалпы, семиотиканы таңбалар жүйесі туралы ғылым деп білеміз. Семиотиктер бүкіл жаратылыс­ты таңбалардың жиынтығы деп қарайды. Сөз де бір таңба, өмір де бір таңба, мәдениет, ауа, жер, ақиқат бәрі өз алдына бір таңба. Әлбетте, бұл ғылым жоқ жерден пайда болған жоқ. Көне ойшылдар мұның алғышарттарын сөз қылған болатын. Таңбаның та­би­ғатын діни, сонымен қатар материалистік тұрғыдан қарас­тырған ғалымдар да болды. Алай­да, бұл мәселені ғылым ретін­де жүйеге түсірген ғалымдар қатарында Ч.Пирс, Ф.Соссюр, Ч.Морристерді атауға болады. Кейін­нен мұны түрлі мазмұнда терең­дете қарастырғандардың қатарында Барт, Якобсон, Леви-Стр­осс, Греймас, Дерида сынды басқа да зерттеушілерді ерекшелеп атауға болады. Аталған ғалымдардан Лотман ізденісінің басты ерекшелігі ғалымның семиотиканы ең әуелі мәдени код ретінде, яғни мәтінге айналған мәдени қатынастар, ақпараттар ағыны ретінде қарастыруы деп білемін.

    Бұл еңбегінде Юрий Лотман семиотика теориясы мен методологиясын, семиосфера құрылымы мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен, типологиялық талдаулармен түсіндіріп береді. Еңбек сонысымен құнды. Талдаулар тарихи дәйектермен, көбіне әдеби мәтін сюжеттері­мен бекітіліп отырады. Осы еңбегі арқылы ол Мәскеу–Тарту семиотика мектебінің негізін қалаушы ретінде әлемге танылды. Автор осы еңбегінде тілдердің жойылып кетпеуі мен үнемі қолданыста болуы үшін қажет қарым-қатынастардың мәдени негіздеріне ой жүгірте­ді. Семиотика кеңістігін түгел­дей бүтін бір жүйе немесе ағза ретінде қарастыруды ұсынады. Сонымен қатар семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардың қызметін, семиотикалық процес­тер мен семиозис құбылысын түсіндіріп өтеді. Лотман мәдениет және тіл, мәдениет және мәтін, мәдениет және тарих, мәдениет және ақпарат, мәдениет және мәтін функциясы, мәтін мен тарих, мәтін­нің тарихи заңдылықтары деген күрделі қарым-қатынастарды арнайы қарастырып, олардың түп негізін қозғайды.

    «Семиосферада» жинақталған ғалымның таңдаулы еңбектері оны төрткүл дүниеге танытты. Таңдалған кітапқа кірген монографиялар («Мәдениет және жарылыс», «Ойшыл әлемдер ішінде»), түрлі жылдарда жарық көрген мақалалары, бүгінгі таңда қайтадан ғылыми айналымға еніп, гуманитарлық білім мамандары үшін орасан мүмкіндік алаңын тудырып отыр. Бүгінде әлемнің озық жоғары оқу орындарында семиотика дербес пән ретінде жүргізіледі. Таңбалар туралы ілімге деген қызығушылық ең алдымен ақпарат алмасу, ғылыми дискурс һәм мәдени таным тұрғысынан аса маңызды. Бүгінде біз мәдени, ұлттық, тарихи код туралы оның түпкі мәніне бойламай жиі сөз қозғаймыз. «Семиосфера» бұл түсініктердің түпкі механизмінен бастап, таралу тәртібіне дейін айқындап бере­ді. Таңбалар туралы ілім – өнер мен өмірдің, ұлт пен мәдениеттің, тарих пен тіл білімінің, адам баласының ақпарат алмасу қағидаттарының мәнін тайға таңба басқандай түсіндіреді. Мәселеге, оның бастапқы міндеті тұрғы­сы­нан қарауды үйретеді.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет