Жоспар: Мәдениетті зерттеудегі құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар


Бұл «мәңгі қозғалыс» ұдайы жаңғырып, жаңарып, толығып отыратындықтан ешқашан тоқта­майтыны да баршаға мәлім



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі30,39 Kb.
#89192
1   2   3   4
Байланысты:
Мәдениет семиотикасы реферат

Бұл «мәңгі қозғалыс» ұдайы жаңғырып, жаңарып, толығып отыратындықтан ешқашан тоқта­майтыны да баршаға мәлім.

Ең алдымен, қазақ тілі болсын, өзге де тілдер болсын, тіл тео­риясы тұрғысынан алғанда бар­лығының болмысы бір. Лот­ман бұл тұрғыда тілдер таби­ғатын әрі күрделі қатынас жүйесі әрі адамзаттың мәдени жады тұр­ғы­сынан қызықты салыстыру­лар негізінде қарастырады. Мәде­ниет те өз кезегінде, тек мәде­ниет шеңберінде емес, мәде­ниет­тен тыс кеңістікті тану ар­қы­лы зерделенеді. Бұл өте қызық па­йым. Қазақ тіл білімі саласы­ның мамандары мен мәдениет­тану­шылары үшін Лотман ұсын­ған категориялар ең алдымен пәнді мағыналық кеңістік және пәнара­лық қатынастар әлемі ретін­де қарастыру мүмкіндігі дер едім.

Мәденит ұғымының ерекше­лігін кеңінен қозғаған бұл еңбек­тің қамту аясы өте кең. Ғалым кез келген тақырып өзегін оның стратегиялық ауқымын сақтай отырып саралайды. «Өмірді мәтінге айналдыру – оқиғаларды түсіндіру емес, ұлттың жадына енгізу. Ал бірыңғай ұлттық жадтың болуы бірыңғай ағза түрінде ұлттық ұжымның өмір сүру белгісі» дейді Лотман. Осы іс­петтес тұжырымдар ғалым па­йы­­мының мәселеге мүлде өзге қы­ры­нан қарайтынын аңғартады.

Ғалым кезінде алып талант иесі Толстой тереңдеп барған тақырыпқа да ой жүгіртеді. Толстой «Өнер дегеніміз не?» деген әйгілі сұраққа, «өнер – адам­заттың ізгілікке үздіксіз ілбіп жылжуы» деген мазмұнда ой қоры­тады. Таңбалар әлемінде өнер де өз алдына бір таңба. Алайда, оның өзіндік жүйесі мен ішкі динамикасын қалай талдаймыз? Өнердің өзін емес, оның қызметін тану қаншалықты тиімді? Лотман дәл осы функционалдық тұрғыдан тұжырым жасайды да: «Өнер танитын ақиқаттың таусылмайтыны сияқты, жаңа тілді іздеу жолындағы өнер де ешқашан түгесілмейді» дейді.

Әлбетте, бір жағынан, ХІХ ғасырдағы позитивистік филосо­фия, екінші жағынан, гегель­дік эстетика санамызда «өнер – ақиқаттың айнасы» деген түсі­нікті қалыптастырғаны мәлім. Ал әрқалай символистік және декаденттік теориялар жиын­тығы өнер мен өмірді, ит пен мысықтай құбылыс ретінде насихаттады. Мұндай антитезаларды Лотман шынайы өнерде мәңгілік егіз ұғымдай көрініс тапса, ал өмірде мүлде мүмкін емес қатынас деңгейінде қарастырады. Лотман пайымынша, пенденің таным кеңістігі өнердің басты құралы. Олай болса, адамның таным кеңістігі дегеніміз не? Бұл ұғымның аясында біз қандай категорияларды қарастырамыз деген кешенді сұрақтарды алға тартады.

Таным көкжиегін саралай келе, Лотман Батыс пен Шығыс текетіресіне де ой жүгіртеді. Бұл тұрғыда ғалым пікірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қойылып отырған мәселемен мазмұндас келеді. Ұлттық сана туралы айтылған тұста Елбасы Н.Назарбаев: «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өз­деріне ғана тән қалыбы мен тәжі­рибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай ерік­сіз таңуында. Әжептәуір жаңғыр­ған қоғамның өзінің тамыры тари­хы­ның тереңінен бастау алатын рухани коды болады» дейді. Аталған тақырып туралы «Семиосферадан» мына үзін­ділерді келтіре кетсем: «Батыс» өркениеті «шығыс» өрке­ние­тін мәдени «тіршілік етпей­тін» бірдеңе деп емес, «әлем­дік мә­дениет» деп аталатын тұтастыққа қосылатын серік­тесі ретінде қабылдап, онымен тү­йіс­кенде, өркениет ең алдымен өз­геше көрінген мәтіндерді өз фило­со­фиясы мен ғылымының метатіл­дері арқылы қайта баяндайды».

«... Шығыс және Батыс Еуропа қатынастарындағы көз алдымызда болып жатқан түбегейлі өзгеріс, бәлкім, жалпы еуропалық тернарлық жүйеге көшуге және «ескі әлемді түбірімен жойып, оның қирандыларына жаңа әлемді тұр­ғызу керек» деген мұраттан бас тартуға мүмкіндік беретін шы­ғар. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алу нағыз тарихи апат болар еді».

Бұл тұрғыдан алғанда мәдениет адамзат тарихының күрделі және кең ұғымдарының бірі болып саналады. Осы проблемаға арналған әдебиет те көлемді әрі көрнекті: тарих философиясынан бастап әртүрлі дәуірлердегі материалдық және рухани мәдениеттің жеке мәселелері жөніндегі нақты зерттеулерге дейін ұшы-қиыры жоқ саланы қамтиды. Алайда проблемалар мен аспектілер қанша жерден көп болса да, олардың барлығы ықтимал екі тәсілге саяды дейді Лотман: «Екі түрлі талдау: дедуктивті және индуктивті, логикалық және тарихи». Лотманның «Семио­сфера» еңбегінің құнды­лығын ондағы қамтылған тақырып­тарды саралай отырып бағам­дауға болады. «Мәтіндегі мәтін», «Болжамсыздық сәті», «Динами­каның екі формасы», «Түс – семио­тикалық терезе», «Өнер феномені», «Мәтіннің үш функциясы», «Символ — «сюжеттің гені»», «Тарихи факт проблемасы», «Мәдениет жады», «Тари­хи заңдылықтар және мәтін құ­рылымы», «Мәдениет және ақ­парат», «Мәдениет және тіл», «Ұжым­дық сана ретін­дегі мәде­ниет және жасанды сана мәсе­лелері», сондай-ақ «Мәде­ниет фе­номені» сынды тақырып­тар­­дың қай-қайсысы болсын оқыр­­манды әртарапты рухани пікір алмасуға итермелейтін дүниелер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет