Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет33/35
Дата01.10.2024
өлшемі0,49 Mb.
#205487
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Педагогиканың жалпы негіздері Лекциялар

Біріншіден, кейбір мұғалімдер оқушыдан оқу материалын қатесіз айтып беруді талап етеді. Бірақ баланың есте сақтау қабілетінен гөрі, ақыл – ойын бақылау керек, себебі оқыту баланың ойлау қабілетін дамытады.
Екіншіден, осы кезеңде мұғалім тақтаның алдында жауап беріп тұрған оқушымен жұмыс жасап жатқанда, қалған оқушылар бос отырады. Мұндай тексеру баланың оқуы мен тәрбиесіне үлкен зиян келтіреді. Орташа есеппен сабақ сұрауға 15 минут кетеді, осы уақыт аралығында көп оқушылар бос отырса, онда олар үшін уақыттың бос кеткені. Сыныптың тәртібі, зейіні нашарлайды, оқушы мұғалімді алдауға, іссіз жүруге үйренеді. Егер ауызша сұрау кезінде бір оқушы жауап беріп, қалғандары бос отырса, онда 11 жыл ішінде әр оқушының 1,5 -2 жыл уақыты босқа кетеді екен.

Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:



  • білімді тексерудің жаппай, жеке түрлерін қолдану;

  • білімнің беріктігін, тереңдігін тексеру үшін қосымша сұрақтар беру;

  • білімді қолдандыру үшін балаға таныс емес жағдаяттарды айту;

  • жұмыстың мазмұндылығына оқушылардың көзін жеткізу;

Кезеңдегі оқу – тәрбие жұмысының алдында тұрған міндеттердің орындалғанын дәлелдейтін көрсеткіштер:

  • білімінң көлемін және дұрыстығын, сонымен қатар тереңдігін, тәжірибеде істей алатындығын мұғалімнің тексеруі;

  • оқушылардың білім, іскерлік дағдыларындағы жақсы жетістіктері мен кемшіліктерін көрсететі, өздік жұмыс тәсілдерін жетілдіру үшін берілген нұсқаулар;

  • жекелеген оқушылардың білімдерін тексеріп жатқанда сыныптың белсенді түрде жұмыс істеуі.

Білімді тексеру- оқушылардың жұмысына педагогикалық бақылау, оқушылардың білімдерін бекітетін, нақтыландыратын, түсініктк ететін, жүйелейтін, оқушылардың өз білімдері мен іскерліктерін көрсетуіне мүмкіндік беретін, оқушыны өзіне бақылаттыратын маңызды тәсіл.


IV. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға , меңгеруге оқушыларды әзірлеу кезеңі:

Кезеңнің алдында тұратын оқу – тәрбиелік міндеттері:


Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және оған бағыт беру, жаңа материалды меңгеруге әзірлеу. Оқушыларды мақсатты тұжырымдауға және оған қол жеткізу құралдарын таңдап алуға үйрету.

Кезеңнің мазмұны:



  • жаңа оқу материалының тақырыбын хабарлау, жаңа материалды оқып – үйренудің мақсаты мен міндеттерін оқушылармен бірге тұжырымдау;

  • жаңа оқу материалын оқып үйренудің тәжірибедегі пайдасын көрсетіп, оны меңгеруге оқушыларды ынталандыру.

  • Оқушылардың алдына оқу мәселелерін қою, әрбір оқушының оқу процесінде орындалатын жұмыстардың мақсатын білуі, оқушының білімнің маңызын түсініп, оқуға қызығуы.



Жақсы нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететін жағдайлар:

  • жаңа оқу материалының мақсатын, міндеттерін, оқушыларға пайдасын тұжырымдап, оларды сабақ жоспарына жазу;

  • оқушыларға осы сабақта нені үйрену қажеттігін, қандай білім алып, іскерлікке үйреніп, оның қай жерлерін шапшаң істеу керектігін айту;

  • сабақтың мақсатын оқушылармен біріге отырып, талдау немесе тұжырымдау.

Кезеңнің аяқталғандығынан хабар беретін көрсеткіштер:

    • сабақтың келесі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділіг;

    • жаңа оқу материалын дұрыс қабылдаулары және түсінулері;

    • сабақтың мақсаты мен міндеттерін тақырыпты хабарлаған кезде оқушыларға айтып кетуге болады, бірақ үнемі айту міндетті емес.

V. Жаңа білімді меңгеру кезеңі:


Оқу- тәрбиелік міндеттері.Факт құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, құралдарды оқушыларға үйретіп білім негізінде оған сәикес келетін іскерлік және дағдыларға машықтандыру.
Оқушылардың өздеріне, басқа адамдарға, сынып ұжымына,еңбекке, Отанға деген оң қатынасын қалыптастыру.
Бұл кезең дамыта оқыту принциптерін сәйкес жобаланады және жүзеге асырылады.

Кезеңнің мазмұны:



    • зейінді ұйымдастыру;

    • мұғалімнің жаңа оқу материалын оқушылардың қабылдауын, түсінуін,жүйелеуін ұйымдастыруы;

    • жаңа материалды оқушының өзі оқып – үйреніп, меңгеретін іс - әрекетке баулу;

    • оқыту процесінің негізгі қызметкері (субьектісі), өзінің оқуына, сөзі мен ісіне бірден – бір жауапты адам оқушы болатын жағдаяттарды жасау;

Бұл кезеңдегі оқыту мәні оқу материалын баяндау емес, қайта ол материалды мұғалімдердің басшылығымен оқушының өнімді әдіс- тәсілдер арқылы меңгеруі екенін есте ұстау керек.


Жақсы нәтижелерге жеткізетін жағдайлар:



    • оқушылардың сезім арқылы қалыптасқан тәжірибесін және білімдерін сабақтың мақсатына сай естеріне түсіру;

    • оқушылардың ой – жұмысын белсенді ететін түрлі әдістерді кең түрде қолдану, оларды ізденіс жұмыстарына қалыптастыру;

    • оқу процесінде құрамы өзгеріп отыратын, екі оқушыдан тұратын, бір – бірімен қарым – қатынасты диолог әдісімен жасайтын жұп құру;

    • егер мұғалім әңгіме, дәрістерді, түсіндіруде оқушылардың жауаптарының сапасы;

    • эвристикалық әңгіме, оқушылардың өзіндік жұмысы, әңгімелесу әдістерін қолданғанда, компьютерлермен жұмыс істегенде, оқушылардың жаңа білім, іскерліктерді меңгергендігін олардың жауаптары мен іс - әрекеттің дұрыстығынан, сабақтың қорытындыларын шығаруға белсене қатысуларынан көреміз.

VI. Жаңа білімді бекіту кезеңі:


Кезеңнің оқу – тәрбиелік міндеттері.


Материалмен оқушылардың зз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында оқылған материалды оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау, керекті іскерлік пен дағдыларға машықтандыру;

Кезеңнің мазмұны:



    • жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту;

    • кезекті білімді тексеру кезінде оқушының тақырыпты оқыту әдітемесін және жауап беру тәсілдерін жетілдіру;

    • жаңа оқу материалын тәжірибеде шығармашылықпен , қолдану арқылы бекіту;

    • білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру;

    • Оқушылардың біліміндегі формализммен күресудің маңызды жолы - оқу материалын терең түсіну, оқушыларды оқу материалдарының бір – бірінен айырмашылықтарын және өзара байланыста қарауға, қатар қоюға және және салыстыруға үйрету, тәуелділіктерді анықтау; Оқушы материалды терң түсінгенде ғана жадында жақсы сақталады. Оқылған материалды бекіту - өте маңызды жұмыс.

Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:



    • білмді есте сақтап және қолданып, шығармашылық және тәжіриьелік міндеттерді орындау;

    • бекіту жұмыстарын оқушылардың ой – белсенділігін, өз бетімен ақыл – ой жұмысын талап ететін білімдер мен сұрақтар арқылы жүргізу;

    • бір оқушының жауабын толықтыруға , нақтыландыруға, түзетуге оқушыларды тарту, оқылған оқу материалы туралы оқушылардың пікірін білу;

    • жаңа материалды түсінудегі кемшіліктерді оқушылардың қосымша жацаптарының сапасына қарап анықтау;

Кезеңнің оқу – тәрбие міндеттерінің орындалғанын мынадай көрсеткіштерге қарап біледі:

    • оқушылардың білімінің беріктігін, олардың қаншылықты деңгейде түсінгенін анықтау;

    • оқушылардың фактілерді ұғымдармен, ережелермен, идеялармен сәйкестендіре білуі;

    • жаңа материалдың негізгі идеяларын оқушының басқаға айта білуі;

    • оқушылардың жетекші ұғымдардың мәнді белгілерін тауып, оларды нақтыландыра білуі;




  1. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындау жөнінде нұсқаулар беру.

Оқу – тәрбиелік міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру;
Бірінші. Оқушылардың негізгі ұғымдарды және іскерліктерді меңгеруіне көһмектесетін үйге берілетін тапсырмалар оқушының ерік -жігерін, жауапкершілігін, саналы тәртібін қалыптастыруға ықпал етеді.
Екінші. Үй тапсырмаларды оқушының зейінін негізгі білім,іскелліктерге шоғырландырып, білімнің беріктігін арттырып, ең бастысы, білім және іскерліктерді қолдандырады.

Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:



    • кезеңдегі оқу жұмыстарын міндетті және жүйелі түрде қолдануға дейін бітіру, ол үшін уақөыт бөлу. Бұл кезеңге сабақтың соңында екі , үш минут бөлуге немесе үй тапсырмасын қоңыраудан кейін беруге болмайды;

    • тапсырманы тексеруге барлық оқушылардың назарын аудару, оқуда табысқа жету көбінесе үй жұмысын дұрыс орындауға байланысты екендігін оларға түсіндіру;

Үй тапсырмалары бірнеше себеқтарды біріктіруге мүмкіндік береді.


Білімді тесеру сабағының құрылымы:



    • сабақтың бастапқы кезеңін ұйымдастыру.

    • Сабақтың міндеттерін қою. Мұғалім оқушыларға қай тақырып бойынша білімдерін тексеретінін айтады.

    • Бақылау және тексеру жұмыстарының түрлері аталады.Олар оқу бағдарламасына сәйкес жасалған есептер, диктант, шығарма, сұрақтарға жауап беру.

    • Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын , сонымен қатар қате жұмыстарды да талдайды, қателерді түзету жұмыстарын ұйымдастырады:

2 –түрі.
- ұйымдастыру бөлімі;
- бақылау жұмысының мақсатын түсіндіру;
- бақылау жұмысының мазмұнын айтып, оны қалай орындайтындығын айту;
- сабақты қорытындылау;


Жаңа оқу материалын оқу сабағы

Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа материалын түсіндіріп, оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастырып, білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді.


Оқушылардың танымдық іс - әректін белсенді теу үшін проблемалық әдіс, қызықты мысалдар, фақтілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және техникалық құралдар пайдаланып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі және бекітіледі.




Дәстүрлі емес сабақтар

Интеграциялық сабақ пәнаралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың басты мақсаты- оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Сондықтан жыл сайын әр мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пәнаралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.


Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып,сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы.
Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде?Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақ бір тақырыпта өтуге , яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.

Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданың жеңгені анықталады. Екі команданың капитандарының жарысы ұйымдастырылып, оладың да жауаптары салыстырылады. Соңынан қорытынды шығарылады.


Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы сатылады. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты қайталау, аукцион тәртібін түсіндіру, зат сату,финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбінесе өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушылар таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1 – 2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша крассворд құрса, 3 – 4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпта қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Білімді жан – жақты тексеру кезеңі:
Оқу – тәрбиелік міндеттері: Топтардың білімін терең және жан – жақты тексеру арқылы , білім және іскерліктерддегі кемшіліктердің себептерін анықтау. Оқушылардың білімдерін бекіту, нақтыландыру және жүйелеу.
Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б машиналар арқылы өткізіледі. Сабақ құрылымы:
*үйге берілген тапсырманы 10 минут ішінде тексеру;
1. Жаңа сабақ;
2. Бекіту;
3. Үйге тапсырма;



  1. Сабақтағы оқушылардың іс -әрекетін ұйымдастыру.

Мұғалім оқушымен жекелей, топтап, сыныппен жұмыс істейді. Жаппай жұмысты ұйымдастырғанды барлық оқушылар мұғалімнің басшылығымен жұмыс істейді. Топта 3 -6 оқушы бірге жұмыстанады.
Жаппай жұмыста оқушылар орындай алатын жұмыстарды тауып, пікір айтқысы келетіндердің бәрін тыңдып, оларды өз білімімен салыстырады, қате, толық емес жауаптарды көреді.
Жаппай -жұмыста мұғалім тақырыпты барлық оқушыларға түсіндіреді.
Сонымен жаппай жұмысқа тән белгілер:

  • оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқушылармен тікелей іскерлік қарым – қатынасжасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау етеді;

  • мұғалім оқушылармен идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой - толғанстарын білдіреді;

  • әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады;

  • мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады;

  • егер оқушыларға тек қана оқу ақпаратын берсе, онда жаппай жұмыстың кемшіліктері көрінеді,

  • нәтижелеріне жалпы баға беріледі;

Оқушымен жеке жұмыс. Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орныдауға тиісті. Тавпсырмалардың түрлері: ана тілінен оры және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау т.б.

Бағдарламалық оқыту - жеке жұмысты ұйымдастырудың өте жақсы түрі.


Ол оқушының бағдарламадағы материалды меңгеруіне керекті жұмыстарды жақсы жоспарлап,оқу іс - әрекетін тексереді.
Алғашқыда оқушы үлгіге, нұсқауға қарап жұмыс істейді. Мысалы жоғары сыныптарда әр оқушы тапсырам алып, оны орындау жоспарын жасайды, материал, құрал, аспаптар іріктеп, жүйелі іс - әрекет жасайды.
Кезеңдері:

  • Топтық тапсырманы орындауға оқушыларды әзірлеу;

  • мұғалімнің бақылауы мен топтың жеке оқушылардың жұмыстарын тексеру;

  • мұғалімге нәтижелерді айту оның басшылығымен пікір талсын өткізу, толықтыру және түзету, мұғалімнің қосымша ақпарат беруі, қорытындылар жасау;

  • топтың, сыныптың жұмысына баға беру;

  • үлгерімі әртүрлі оқушыларды бір тпоқа біріктіруге болады.

Әрбір оқу пәні бойынша бір оқу тоқсаны, жарты жыл аяталғанша жұмыс істей топ құруға болады. Кейде бірнеше сабақтарға ғана топ жұмыс істейді. Оқу пәндерінен кеңес берушілер тағайындалып, олар оқушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды. Мұғалім кеңесшінің жұмысына басшылық етеді.


Тапсырма бірдей де әртүрлі де беріледі. Жұмыстың нәтижесін сабақтың соңында тексеру керек. Топқа бірігу тәжірибелік жұмыстар, зетханалық жұмыстар істегенде, шет тілі сабақтарында ауыз екі сөйлеуге дағдыланғанда дене тәрбиесінде жаттығу арқылы дағдыланғанда еңбек сабақтарында жобалау итехникалық жұмыс істегенде, мектеп жанындағы алаңдағы жұмыста, мәтінді, тарихи құжаттардың көшірмесін пайдалы.





  1. Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:

Бөлімдерді тақырыптарға бөлу, тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;
Бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығын және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік тәрбиелік дамыту міндеттерін қою;
Тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті білімдерді анықтау;
Негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп,ғесінде қалу керек. Мәліметтерді анықтау;
Сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әді тәсілдерін белгілеу;
Тақырыптардағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен бацланысын ашу;
Сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерлдіктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау.
Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдландыру;
Сабаққа керекті дидактикалықұ құралждарды, атап айтсақ, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу.
Техникалық оқу құралдарын тексеру;
Мұғалім тақтаға жазғандарын, салатын суреттерін жоспарлайды, оқушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыс орындатады;


Сабақтың тиімділігіне бір- бірімен тығыз бай байланысты екі жағдай әсер етеді:
Мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен сангасапайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу – тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.
Мұғалім сабаққа әзірленуінің үш кезеңі бар.Диагностикалық, болжау, жобалау, . Мұғалімнің мәліметтердегі фактілерді оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикадан басталады. Диагностьика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкіндіктерін іс -әрекетінің және мінез -
Құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, жағдайлардың деңгейі, оның ерекшелігі, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды.

Тест.


  1. Сынып – сабақ жүйесін зерттеп, әлемге таратқан:

а) И. Т . Песталоции;
в) Я. А Каменский
с) А. Дистервег
д) К. Д. Ушинский



  1. Сынып – сабақ жүесіндегі негізгі оқу жұмысы:

а) сабақ;
в) экскурсия;
с) ақыл – кеңес;
д) қосымша сабақ.

  1. Сабақ құрылысы дегеніміз не?

а)сабақтың әр кезеңдегі мұғалім мен оқушылардың жұмыстары.
в)сабқтың мақсаты;
с) міндеттері;
д) барлық сабақ дұрыс.
\

  1. Сабақтың түрін анықтайтын:

а)сабақ міндеті;
в) кезеңі;
с)сабатың мақсаты;
д) сабақтың мазмұны



  1. Дальтон жоспары дегеніміз не?

а)білікті мұғалімдер 10 -15 кісі бар топ талдауы;
в)дәріс туралы пікір айту;
с)аз топта тақырыпты оқушының түсіндіруі;
д)өз бетімен оқитын әдебиеттері бар жазбаша тапсырмамен жұмыс істеу.



  1. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі:

а)экскурсия;
в)сабақ;
с)факультатив;
д)қосымша сабақ.
7. Сабаққа қойылатын талапты белгілеген қазақ педогогы:
а)А. Байтұрсынов;
в)М. Жұмабаев;
с)Ж. Аймауытов;
д)М. Дулатов
8.XIII ғасырға дейін болған оқыту түрі:
а)сыныпта оқыту;
в)ұжымда оқыту;
с)топтық оқыту;
д)жекелеп оқыту;

9.Нгізінен жаңа оқу материялымен жұмыс істелетін сабақ:


А) аралас;
В) бақылау;
С) жинақтау;
Д) жаңа білімді беру;


10.Көбіне орта және жоғары сыныптарда ауқымдық материялдарды оқу үшін өткізілетін сабақ:
А) жаңа білім беру.
В) жинақтау.
С) бақылау.
Д) аралас.
11.Сабақта уақыттың көбі қай кезеңге жұмсалады ?
А) бекітуге;
В) өткен материялды қайталауға;
С) жаңа материялмен жұмысқа;
Д) үй жұмысын тексеруге.


12.Дәріс сабақта қай әдістің элементтері қолданылады ?


А) әңгіме;
В) түсіндіру;
С) әңгімелесу;
Д) көрнекілі.


13. Жаңа білімді беру саьағының құрылымы қай сабаққа қарағанда қарапайым ?


А) білімді жетілдіру;
В) аралас;
С) жинақтау;
Д) тексеру.


14.Жаңа білімді беру сабғында өткен тақырып қалай сұралады ?


А) маңызды жерлері;
В) бәрі;
С) жартылай;
Д) толық.


15.Жаңа білімді беру сабағында бекітуге неше сұрақ беріледі ?


А) 3-4;
В) 4-5;
С) 2-3;
Д) 7-8.

16.Қай сабақта мұғалім жаңа материялды мазмұнды және терең түрде түсіндіреді ?




А) аралас;
В) бекіту;
С) жаңа білімді беру;
Д) қайталау.

17.Жаңа білімді беру сабағының негізгі бөлімі:




А) өздік жұмыс;
В)тәжірибелік жұмыс;
С) түсіндіру ;
Д) мұғалімнің іс әрекеті.

18.Жаңа материалды түсіндіргенде көмекші рөл атқаратын:




А) бекіту;
В) түсіндіру;
С) өздік жұмыс;
Д) тәжірибелік.

19.Бастауышта таза күйінде қолданылмайтын сабақ:




А) аралас;
В) жаңа білімді беру;
С) бекіту;
Д) қайталау.

20.Жаңа білімді беру сабағы арқылы қандай материялдар оқылады ?




А) бұрынғы ;
В) дұрыс жауабы жоқ ;
С) көлемде ;
Д) жаңа.

21. Жаңа білімді беру сабағы бастауышта не себепті таза күйінде кездеспейді?


А)себебі оқушылардың зейіні тұрақсыз;
В)есте сақтау қабілеті нашар;
С)ойлау қабілеті нашар;
Д) сөздік қоры аз.

22. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы:


а)факультатив
в)экскурсия
с)олимпиада
д)сабақ

23. Оқушының дайындығына тікелей әсер ететін:


а)сабақтың қызықтылығы;
в)сабақтың сапасы;
с)сабақтың жаңалығы;
д)сабақтың тартымдылығы.

24. Оқу жұмысында қолданылатын тәсілдер бойынша топтастырылған сабақтар:


а)алгебра, геометрия;
в)аралас сабақ;
с)экскурсия, кино, өздік жұмыс сабақтары;
д)жаңа материалды оқу.

25. Қай жіктеуді теоретиктер және практиктер қолдап отыр:


а)сабақты өткізу тәсілдеріне байланысты топтастырылған сабақтар;
в)танымдық іс - әрекетті раттыратын сабқтар;
с)дидактикалық мақсатқа жеткізетін сабақтар;
д)мазмұны бойынша топтастырылған сабақтар.

26. Оқушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыратын сабақ түрі:


а)жаңа;
в)бекіту;
с)бақылау;
д)аралас




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет