Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет8/38
Дата14.05.2020
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Жоспар:

  1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс

  2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері

  3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері

  4. Тәрбие процесінің мәні

  5. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері

  6. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу

  1. Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибиесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық – тарихи өмірде жинақталған тәжірибиені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Тәрбие материалдық игіліктерді өңдеуге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.

Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибиелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайдарды анықтайды.

Қорыта айтқанда, тәрбие – қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.

Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.

2. Мақсат дегеніміз – бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты – жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.

Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды.тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.

Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) – құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.

Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелерімен әдістері қарастырылады.

Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д. Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жргізеді.

Я.А. Коменский «Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталуы керек», «Кеоесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиелеген азаматтарға байланысты. Дүние – даналардың көптігімен бақытты» - деген ойлар айтты. Осы ойларын «Ана мектебінің» кіріспесінде өрбітеді.

«Тәрбие – адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс» − деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:

  • адамға барлық заттарды білгізу – «ғылыми білім»;

  • заттардың және өзінің қожасы ету – «адамгершілік»;

  • құдайға, заттарға құлшылық ету – «діни тәрбие»

  • тән саулығы – «дене тәрбиесі».

И.Г. Песталлоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.

Неміс педагогы А. Дистерверг педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, «Мектептің міндеті – адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу» − деген.

К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.

П.П. Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы азаматтық және ұлттық мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы азаматтық идеалдарын қалыптастыру деген.

1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде « жан-жақты даму» ұғымына ақыл-ой, политехникалық және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.

А.С. Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол «Тәрбиенің негізгімақсаты баланы жан-жақты дамыту» − деген ұсынысты қолдады, В.А. Сухомлинский оны жүзеге асырды.

Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі» − деді.

Ы. Алтынсарин « өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнеқорлық адамның жігерін мұқалтад, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу – кісіліктің басты белгісі» − деген.

Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең-ой, қанағат, рақым сынды жеке тұшлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекр мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.

М. Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы» − деп жазды.

Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің «Қазақ тағылымы» атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатынасынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау, иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нәрселерден аулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.

Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты «жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» − деп жазылды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы «Мектеп жасына дейіунгі және мектеп жасындағы балардың тәрбие тұжырымдамасы» халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.

Қазақстан Республикасында халық білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты – Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.

Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.

3. Дүниетаным – тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным – адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниге көзқарас – ғылым негізінде дүниенің даму заңкдылықтарын танып білу.

Ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы ( абстрактылы-тілі, ой операциялары – талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау т.б.) таным іс-әрекеттерін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау т.б.) дамытып, ғылыми көзқарсын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезіиін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;

Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:

а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;

ә) оқушыларды халық шарувашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;

б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие міндеттері:

  • бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем әдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру.

  • эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдаландыру.

  • әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке тәрбиелеу.

4. тәрбие процесінің мәні – баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер жүргізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.

Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдың (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметтік жағдай маңызды рөл атқарады.

Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді

Сыртқы қарама-қайшылықтар:

  • Қоғамдық ережелер мен адамдардың тәртібі арас ындағы сәкессіздік.

  • Мұғалімнің талабы мен оқушының тәртібініңара қатынасы.

Ішкі қарама-қайшылықтар:

  • Тәрбиешінің талабы мен тәрбиелеушінің мүмкіндігінің ара қатынасы.

  • Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.

5. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары. Педагоггикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды.

1. тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы.

Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы азаматтық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көсетілген ( «БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы» «Бала құқығының Коференциясы) құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (1999) Заңына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.

2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту – тұлғаны қалыптастырудың құралы. Тәбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дәрежесіне байланысты іріктеледі.

3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсеңділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағыбелсеңділіктің түрлері: қарым-қптынас белсеңділігі, таным белсеңділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсеңділігі.

Қарым-қатынас белсеңділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.

Таным белсеңділігі – заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибиеде қолдана білуді үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсеңділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.

Өзін-өзі тәрбиелеу белсеңділігі – тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.

4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.

Ұжымның басты борышы – әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет