Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері


Тәрбиенің әдістері, құралдары



бет11/38
Дата14.05.2020
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Тәрбиенің әдістері, құралдары


Тәрбие әлеуметтік құбылыс

Тәрбие процесінің мәні

Тәрбиенің бөліктері

Ақыл-ой

Тәрбие теориясы




Тәрбие заңдылықтары

Адамгершілік



Педагогикадағы тәрбие мақсаты, мәселесі

Тәрбие принциптері

Экологиялық

Еңбек экономикалық

Эстетикалық

Дене

Құқықтық

Я.А. Коменский

А.Ф. Лесфальт П.П. Бионский

И.Г. Пестолоцин

А.С. Макаренко В.В. Сухомлинский

А. Дислерверг

Қазақ ойшылдары тәрбие туралы

К.Д. Ушинский

Қазіргі қазақ мақсаты

Отбасы тәрбиесі

Сынып жетекшісі


Жоспар:
Жоспар:

  1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.

  2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері:

  3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекеті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.

  4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.

  5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

1. Тәрбие әдісі дегеніміз – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді.

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.

Сипатына қарй топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.

Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:


  • адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.

  • әдептілікті және тәртіпті қалыптастыратын әдістер.

Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбек пен іс-қызмет мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, мақсаттарға сәйкестігін анықтауға үйретеді.

Бағдарлау – іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсеңділігін туғызып, іс-ызметте жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.

Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) – балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөнінідегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.

Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардың қимыл-әрекетін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастыруға қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.

Тәрбие құралдары дегеніміз – оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:

  • іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);

  • заттар (ойыншықтар, электронды есептегіш машиналар);

  • рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам өмірі);

  • бұқаралық ақпарат құралдары;

  • педагогикалық ықпал жасау құралдары.

2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.

Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру):



  • этникалық әңгіме;

  • әңгімелесу;

  • пікірталас;

  • лекциялар;

  • өнеге;

  • көндіру (суггестия).

Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі – сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылалы. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.

  • Этикалық әңгіме – этникалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары.

Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның қателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді.

Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.

Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.



  • Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.

Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пеһікірталас ережелерімен таныстырады.

  • Түсіндіру. Бір топқа жеке оқушыларға жаңа ережелер (басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б.) түсіндіріледі. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтвып, түзелуге бағыттайды.

  • Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздерінің таңдаған адамдарына еліктейді.

Балалар әдеьи және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге еліктейді.

  • Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: «Ақымақ – жаман адам, себебі ол ісіне есеп бермейді».

«Сенің ақылың бар ғой, жәбірлеген құрбыңнан кешірім сұра», - деп, мұғалім балаға нұсқау береді.

Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары – мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандықтан аулақ болуға үйренеді.

Көзін жеткізу – тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі.

Қоғамдық пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы – жалпы қоғамдық пікірдің көрінісі. Қоғамдық пікір – ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастару және мінез-құлықтың қалыптастырудың негізгі әдістің бірі.

3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

Іс-әрекет – адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.

Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:


  • іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қасілеттілігі мен іскерлігін ескеру.

  • Баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдық жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді.

  • Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалрдың белсенділігіне байланысты.

  • Оқушылар ұжымының қоғамдық пікірі арқылы іс-әрекеттің нәтижесін қорытындылау.

Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттің бір түріцн тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. А.С. Макаренко: «Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжымның ішінде тәртіп орнатуға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті.

Оқушылардың өмірінде педагогтың талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың түрі, мазмұны іріктеледі.



Жаттығу әдісі – мінез-құлықтықтың нормадары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары – тәрбиешінің талаптарын орындап,адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.

Ойын – бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын – балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.

4. Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.

Бұл әдістерді қолдануда педавгогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі – бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы.



Мадақтау – оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы.

Мадақтау лқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болу керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.

Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау – жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекеттің теріс екендігін балаға ұғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту.


5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.

Тәрбие әдңстерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.

Өзін-өзі байқау және бақылау әдісьерінің тобындағы әдістің бірі – тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.

Тәрбие жұмысының нәтмжелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау арқылы білуге болады.



Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану.

Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.



Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:

  • Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.

  • Тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.

  • Педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.

Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғаммдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен мұғалім тәбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет