Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет13/38
Дата14.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#68083
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
лек пед

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Саналы тәртіпке тәрбиелеуде оқу, еңбек және қоғамдық іс-әрекеттердің қандай маңызы бар.

  2. Саналы тәртіпке тәрбиелеуге талап қою мен түсіндіруді қалай ұштастыруы қажет.

  3. В.А.Сухомлинскийдің «Рождение гражданина» деген еңбегі негізінде мектеп оқушыларының морльдық әдеттері жөнінде жасаған бағдарламасымен танысыңыз.



Әдебиеттер:

  1. В.А.Сухомлинский. «Рождение гражданина». – Москва, 1971.

  2. Н.Елікбаев. Ұлттық психология, 1992.

  3. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. – Астана, 1998.

  4. Н.В.Савин. Педагогика. – Алматы, 1983.

Еңбек тәрбиесінің негізі




Еңбек тәрбиесі




Педагогикадағы еңбек тәрбиесі мәселесі

Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі



Халықтық педагогикадағы еңбек тәрбиесі

Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты

Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері

Оқу еңбегі

Еңбек сабақтары

Өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі

Қоғамдық пайдалы, өнімді еңбек

Кәсіптік бағдар беру жұмысы


Жоспар:

  1. Педагогтар, көрнекті адамдар еңбек тәрбиесі туралы.

  2. Еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының еңбек дәстүрлері.

  3. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.

  4. Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі.

  5. Кәсіптік бағдар беру жұмысы.


1. Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Ол - өмірлік өсиет, ұлағатты сөз. Бұл тарих тағылымының тәрбиелік үлгісі, еңбек етудің алғы шарты болса керек. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға бірдей қазына. Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) бұл қазынаның барлығын халық жасайды, ол адал да ерінбей еткен еңбектің жемісі деген болатын.

Әл – Фараби тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол « Ақыл мен түсінік» атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.

Қоғамның даму тарихына байланысты, соған сәйкес еңбек тәрбиесі әртүрлі нысанда дамыды, өзгерді, жаңарып отырды. Орта ғасырлық мектеп тәрбиесіне қарсы шыққан, чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский (1592-1670) педагогикасының негізі – гуманизм мен демократизм педагогика тарихынан белгілі. Демек, бұл тек педагогика емес, бүгінгі қоғамды қайта құрудың басты принципі – гуманистик және демократикалық принциппен үндес келіп отыр. Я.А.Коменский мектеп – балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «Адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс деген көз-қарасты насихаттайды. Осы негізле ол тәрбиені, осыған сәйкес жүргізу қажет деп есептейді. Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) тәрбиедегі Коменский ұсынған «табиғатқа сәйкестілік» еңбек және дене тәрбиесі арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп берді. Ағылшын табиғат зерттеуші, жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы жөніндегі эволюциялық ілімнің негізін салушы Чарльз Дарвин еңбектің, еңбекке баулудың, оның теориялық негізі – еңбек тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді. Швейцария педагогы Генрих Песталоции (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты – баланың күшін дамытады. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Сөйтіп, Песталоцци дене тәрбиесін еңбек тәрбиесімен ұштастыра жүргізуді дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл шаруашылық еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен қызметінің негізгі мәселерінің бірі болып табылады. Песталоцци еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және олардың ересектерімен дұрыс қараым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Осы негізде ол – еңбек тәрбиесінің мақсаты қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру деп уағыздайды.

Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің «еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні» деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал «Балалар әлемі», «Ана тілі» оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.

К.Д.Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.

Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттернің бірі – жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол «Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес» - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән берді. «Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу» - деп есептеді.

Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.

Абай нағыз пайдалы еңбек деп әртүрлі қолөнерді, еіншілікті және білім алуда, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.

Ол жастарды ең алдымен отбасында мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ереше бағалады.
2. Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.

Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Аяз би «Кер құла атты Кендебайдығы» Кендебай, т.б. бейнелері арқылы беріліп отырған.

Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.

Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тери илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.

Ал тер, ағаш, темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік, мәсі, кебіс, шоқан, шәркей тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып, өмірлік, қайысқан, қамшы, шідер секілді әбзел ) істейтін өрімшілік үлкен өнер болып есептелген.

Ағаштан – ашамай, арба, шана жасайтын бплташыларды темірден – құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған.

Халық педагогикалық орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика теориясын принциптерінемен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуыф, еңбкке адал, саналы қатынасу болып табылады.

3.Мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осы мен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.

Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.

Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
(№11 қосымшаны қараңыз).

Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:

  • Еңбекке сүіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.

  • Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.

  • Мамандықты таңдауға дайындау.

Еңбектің тәрбиелік қызметін оқуды бойынша дарыту барысында оның экономикалық нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.

Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жеткілікті дәрежеде әсер ететін болады.

Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттық құндылыққа. өзара түсінушілікке, ынтымақсыздыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
ЖОСПАРЫ:

  1. Негізгі экономикалық ұғымдар.

  2. Экономикалық білім мен тәрбиенің негізгі міндеттері.

  3. Экономикалық тәрбие жүйесі.

  4. Экономикалық тәрбиенің әдістері.


1. Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық сұраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады.

Тәрбие жұмысы тәжірибесі мен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет деген ұғым жиі кездеседі.

Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі.

Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ықыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған.

Экономикалық тәрбие – жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру.

Экономикалық тәрбие


Экономикалық тәрбие – оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру. Қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру.




М-і


Экономикалық заңдылықтар туралы білімдерді игеру

Қоғам игілігіне ұқыпты тұлғаны қалыптастыру

Ақыл-ойға сыйымды қажеттіліктерді қалыптастыру

Білікті мамандармен қаруландыру




Ф-ы


Сабақ, факультатив

Саяхат үйірмелер

Қоғамдық пайдалы еңбек. Өнімді еңбек





ә-і



Жаттықтыру

Эксперимент машықтық жұмыс

Экономикалық әдебиеттермен жұмыс


2. Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:

• Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.

• Басқаруға тән – ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б. қасиеттерді дағдыландыру.

• Экономикалық есеп, талдау жасау дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.



3. Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі.

• Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негіздерін оқып үйренуге сонымен қатар, оқушылардың қызығуына қарай енгізілген факультативтік сабақтарда беріледі;

• Еңбек сабағы процесінде;

• Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында іске асады;

• Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі.

• Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады.



Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру, пайдасы мен нәтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдауы арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін қалыптастырады, экономикаға деген сенімін арттырады. Қоғамға пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылврдың экономикалық санасын қалыптастыратын механизмдер. •

Экономикалық заңдылықтар туралы білімдерді игеру

Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы білімдер енеді. Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта құру, өндірістегі қатынастарды жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты жүргізу әдістерін жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты жүргізу әдістерін жетілдіру. Экономика – тұтас құбылыс, сондықтан барлық халық шаруашылығының тиімділігі (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігінің тиімділігіне байланысты.

Экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдар бойынша әңгіме өткізуге болады: «Тұрмыстағы экономика», «Біздің айналадағы экономика». Экономика туралы ауызша журнал шығару, радиодан хабар ұйымдастыру, мерекелер, кештер, экскурсиялар, экономика мен халық шаруашылығы саласындағы өзгерістер туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді.

Мектеп радиоторабы арқылы экономикалық білімдерді жүйелі түрде насихаттауға болады. «Зауытқа кіренр жерде», «Құнттылықты сақтап тұрған күзетшілермен кездесу» сияқты хабарлар жалпы мүлікті ұқыпты ұстаудың маңызын ашады.

Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай еңбектің жаңа түрлері мен әдістерін тез білуге мүмкіндік беретін біліктіліктермен қаруландыру.

Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша ауыл шаруашылығында жүргізетін тәжірибесінде тұқымның ең жақсы сорттарын пайдаланып тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға, өсімдіктерді қореқтендіруге, нәтижені көруге үйренеді. Оқушылар өндірістік бригадада ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе жүргізеді. Республикамыздың әртүрлі аймақтарында топырақтың құрамы және ауа райы ескеріліп, тәжірибе жасау үшін берілген учаскеде мәдени өсімдіктер өсіріледі.

Өсімдіктерді өсіріп, мол өнім алу үшін агротехникалық ережелерді жақсы білу керек. Әсіресе еске алатын басты нәрсе – дақылдар егілетін жердің топырағындағы өсімдікке керекті қоректі заттардың мөлшерін агрохимиялық зертханада анықтау. Содан кейін бір гектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әртүрлі тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп, топырақты қоректендіреді.

Химия сабақтарында оқушылар зертхана жабдықтарын, аспаптарды, реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемді жұмсауға үйренеді, эксперимент жасайды. Экономикалық тәрбиеде оқушылар ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақы, пайда, өзіндік құн, акция, бизнес нарық, ақша, т.б. ұғымдарды меңгереді. Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Қоғам өмірінде материалдық заттардың жасалу негізін, қоғам өмірінің құпия сырларын, қоғамды қайта құруға әсер ететін жағдайларды, адамның шешуші ролін ұғындыру да экономикалық тәрбиенің міндеті.

Қоғамдық циклдағы пәндер негізі экономикалық ұғымдарды меңгертеді. Оқушылар экономикалық базистің өндірістік қатынастар жиынтығынан тұратынын, өндіргіш күштерді, олардың орналасқан жерін, әртүрлі экономикалық жүйені, оларда қандай меншік түрлерінің бар екендігін, матерриалдық игіліктерді бөлу тәсілдерін біледі. Ғылыми-жаратылыс сабақтары оқушыларға өндірісте қолданылып жатқан ғылым мен техника жетістіктерін көрсетеді, олардың еңбек өнімділігін арттырғаны туралы айтады. өндірісті дамыту міндеттерін шешуге оқушылардың информатика және есептегіш машина негіздерін оқу, компьютерді үйренуі тікелей әсер етеді.

Өнімді еңбек жасөспірімді, қыздар мен жігіттерді еңбекті ұйымдастыруда кездесетін мәселелермен, жоспарлаумен, технология талаптарын сақтаумен, өнім сапасына, өндіріс тиімділігіне, оны жетілдіруге қойылатын талаптармен таныстырады. Еліміздің экономикалық дамуын жалпылай оқу да маңызды.

Мектепте оқу пәндерін өтуде экономикалық тәрбие жұмысын жан-жақты жүргізуге болады.

Бастауыш сыныптарда біздің экономикамыздың негізгі түсініктері енгізіледі.

Жоғары сыныптарда мектеп оқушыларының мамандық таңдауға даярлығын қалыптастыруды аяқтау керек, қоғам үшін, өзі үшін ең тиімдіеңбек жолын бастауға тиіс. Қала мектептерінде жоғары сынып оқушылары үшін еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, жоспарлау негіздері, өндірісті ұйымдастыру мен экономика мәселелеррі бойынша оқушылардың экономикалық түсініктерін қалыптастыру мақсатында оқушыларды еңбекке даярлау бағдарламасының бәрінде де «өндіріс туралы негізгі мәліметтер», «қазіргі өндірісте еңбекті ұйымдастыру негіздеррі», «өндірісті жоспарлау экономикасы және ұйымдастыру негіздері» тақырыптары қамтылады.

Ауыл мектебінің жоғары сыныптарында еңбек сабағы бағдарламасында «Ауыл шаруашылығы экономикасы және оны ұйымдатыру» тақырыбы енгізіледі.

Экономикалық тәрбиенің негізі отбасында, балалар бақшасында, мектепте қалыптасады. Ол ата-аналардың, мұғалімдердің , жұртшылықтың бірлесе күш салуымен іске асады. Мектепте экономикалық тәрбие бүкіл оқу-тәрбие процесінің негізінде ісек асырылады.

4. экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:

• Жаттықтыру. әр түрлі іс-әрекеттерін істец білуге машықтандыру , жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру номаларын анықтау, материалдарды, электроэнергияны, суды, газды үнемді пайдалану, т.б.

• Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Тәжәрибелік және эксперимент жұмыстарының мақсаты – оқушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен пайда сияқты өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

• Экономикаға байланысты есептер шығару – еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабелдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету.

• Сандық материалдарды талдау әдісі – саяхат көздерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруаладың тиімділігін анықтау.

• Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.



• Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту

Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтық экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектептің педогогикалық ұжымдарының төл ісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет