Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет10/38
Дата14.05.2020
өлшемі1.06 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Тәрбиенің басты мақсаты – бұл:

  1. еңбек етуге керекті білім беру;

  2. кәсіптік бағдар беру;

  3. тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын, рухани және дене қабілетін қалыптастыру, әр жақты, жарасымды етіп тәрбиелеу;

  4. дені сау, ұлттық сана-сезімі жетілген, ақыл-ой дәрежесі биік, іскер, мәдениетті, парасатты, игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

2. Дүниетаным дегеніміз не?

  1. адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын, іс-әрекеттерінің бағытын анықтайтын көзқарастар жүйесі;

  2. мектепте білім және тәрбие алу барысында тұлғаның ақыл-ойының қалыптасуы, дамуы;

  3. тұлғаның адамгершілік қасиетінің, сана-сезімінің қалыптасуы;

  4. дұрыс жауабы жоқ.

3. Тәрбие процесі дегеніміз – бұл?

  1. жеке адам тұлғасын жан-жақты дамыту, үйлесімді қалыптастыру;

  2. адамды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге, қоғамға пайда келтіріп, өзіне қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу;

  3. адамның дүниеге ғылыми көзқарасын, рухани және дене қабілетін қалыптастыру, әр жақты жарасымды етіп тәрбиелеу;

  4. оқушыларды қазіргі өмірдің барлық саласынан хабардар болуды, өз елінің өткені мен бүгінгісіне үңіліп, еңбек етуге тәрбиелеу.

4. Тәрбие мақсаты дегеніміз – бұл:

  1. бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру;

  2. жеке адамды жан-жақты дамыту;

  3. баланың имандылық қасиетін дамыту;

  4. адамды өмірге дайындау қажеттілігі.

5. Тәрбие процесінде есепке алынатын басты мәселе:

  1. оқыту процесі және оның компоненттері;

  2. оқушылардың танымдық белсенділігі;

  3. оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері;

  4. оқушылардың ақыл-ойы мен күш-қуаты.

6. Тәрбие диалектикасы – бұл:

  1. таным теориясынан шығатын оқыту заңдылықтары;

  2. келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс;

  3. оқыту процесі және оның компоненттері;

  4. еңбек етуге керекті білім беру.

7. Тәрбие принципі дегеніміз не?

  1. тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасы мен іс-әрекет жүйесі;

  2. тәрбие процесінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын ережелер, алғы шарттар талаптар, қағидалар;

  3. адамның нақты іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, ережелер мен талаптар;

  4. оқыту процесінде басшылыққа алынатын қағидалар;

8. Тәрбие туралы ғылымды анықтауда мына терминдердің қайсысы дәл деп ойлайсың:

  1. андрогика (грекше «андрос» еркек, «эгейн» - жетектеуші);

  2. педагогика (грекше «пайс» - бала, «эгейн» - жетектеуші);

  3. антропогика (грекше «антрос» - адам, «эгейн» - жетектеуші);

  4. дұрыс жауабы жоқ.

9. Дүниеге көзқарас дегеніміз: −

  1. дүние заңдылықтарын, ғылыми негізде танып білу;

  2. адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын, іс-әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастар жүйесі;

  3. адамның мігнез-құлқындағы адамгершілік қасиеттерді танып, жағымсыз қылықтарды жоюға әрекеттенуі;

  4. педагогикалық мақсатқа жету тәсілдері.

10. Тәрбиенің алдында қандай мақсат қойылады?

  1. білім беру, оқыту, тәрбиелеу;

  2. адамзат қоғамының бай тәжірибесін меңгеру;

  3. қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру;

  4. қиын балаларды зерттеп, оларға жаңа бағыт беру.

11. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?

  1. жеке адамның қоғамдық мінез-құлқын қалыптастыра отырып, жағымсыз қылықтарды жоюға әзірленуі;

  2. адамның өз мінез-құлқындағы адамгершілік қасиеттерді танып, жағымсыз қылықтарды жоюға әрекеттенуі;

  3. өздерін үлкендер қатарына қосуға тырысу;

  4. оқушының зиянды әдеттерін тежеу.

12. Қазақстан Республикасындағы тәрбие беру жұмысы қандай құжатқа негізделген?

  1. «Атамекен» бағдарламасына;

  2. «Жұлдыз» бағдарламасына;

  3. «Кәусарбұлақ» бағдарламасына;

  4. «Мектепке дейінгі және мектеп балаларды тәрбиелеу» тұжырымдамасына.

13. Тәрбиенің құрамды бөліктері.

  1. үйрету, жазалау, түсіндіру;

  2. ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, эстетикалық, экономикалық және дене тәрбиесі, т.б.;

  3. жаттығу, жарыс, дәріс;

  4. үлгі-өнеге, педагогикалық талап, әңгімелесу.

14. Қайта тәрбиелеу ұғымының сипаттамасы қайсысына сай келеді?

  1. оқушының зиянды әдеттерін тежеу;

  2. кейбір оқушылардың бойындағы зиянды әдет-дағдыларды, қылықтарды тежеп адамгершілікке бағыттау;

  3. қиын балаларды жан-жақты зерттеп, жаңа бағыт беру;

  4. баланың имандылық қасиетін дамыту.

15. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс тәжірбиесімен байланыстық принципінің мәні:

  1. оқушыларды отбасы құрып, еңбек етуге дайындау;

  2. оқушыларды ақыл-ой күші мен ойлауын дамыту;

  3. жеке адамды жан-жақты дамыту;

  4. оқушының бұлшық етін дамытып, күшін дамыту.

16. Оқушыларды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудің мақсаты:

  1. қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихымен таныстыру, өз жжерін, елін қорғай алатын ұлтжанды, ұлттық намысы биік, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;

  2. жастардың денесін шынықтыру, әскер қатарында өз борышын өтей білуге тәрбиелеу;

  3. отанға, өз халқына сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

  4. осылардың барлығы.

Әдебиеттер:

  1. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. – Алматы. «Педагогика». 1998, 2000.

  2. Е. Сағындықұлы. – Алматы. «Педагогика». 1999.

  3. С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері», - Алматы. 2001.

  4. А.С. Макаренко. Тәрбие мақсаты. 5-том (орыс тілінде – М, 1958).

  5. Выготский. Избр.психол. исследование. – М, 1956.

  6. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. 1995.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет