Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет12/38
Дата14.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#68083
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Байланысты:
лек пед

Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұраақтары:

  1. Тәрбие әдістері дегеніміз не?

  1. жеке адамды жан-жақты дамыту жолдары;

  2. тәрбиеші мен тәбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекет жолдары;

  3. адам бойындағы бір қасиетке сүйеніп әсер ету;

  4. бала мен ересектер арасындағы қатынас.

2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі қайсысы?

  1. дәріс;

  2. тәрбиелейтін ахуал туғызу;

  3. тапсырма;

  4. байқау.

3. Т.Е. Конникова мен Г.И. Щукина жасаған тәрбие әдістерін жіктеу неше топқа бөлінеді?

  1. 5;

  2. 2;

  3. 11;

  4. 3.

4. Оқушылардың мінез-құлқы мен іс әрекетін ынталандыру әдісі қайсысы?

  1. жарыс;

  2. лекция;

  3. жаттығу;

  4. үлгі-өнеге;

5. Жеке адамның адамгершілік санасын қалыптастыру әдісі:

  1. жазалау;

  2. жарыс;

  3. түсіндіру, әңгіме, пікірталас, өнеге, кино;

  4. үйрету.

6. Талап дегеніміз – бұл:

  1. жеке адамды жан-жақты дамыту;

  2. мінез-құлық нормасының көрінісі, баааалаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;

  3. адамды өмірге дайындау қажеттілігі;

  4. тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекет жолдары.

7. Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру әдісі қайсысы?

  1. жарыс;

  2. шығарма жаздыру, тексеру;

  3. әңгімелесу;

  4. үйрету, жаттықтыру.

8. Талаптың қандай қызметі бар?

  1. үйрету, жаттықтыру;

  2. баға беру, пікір айту;

  3. ынталандыру, жетелеу;

  4. үлгі-өнеге, пайымдау.

9. мадақтау – бұл:

  1. балаға қоғамдық талап қою, мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу;

  2. баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы;

  3. балалардың алған білімдерін мамандық таңдауға негіздеу;

  4. балалардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

10. Педагогикалық бақылаудың неше түрі бар?

  1. 7;

  2. 3;

  3. 4;

  4. 5.

11. Жазалау – бұл:

  1. жеке адамдың абыройын төгу, балағаттау;

  2. жазалау әділ болғанда ғана баланы жазалау;

  3. балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері;

  4. күдіктеніп немесе ұжымның пікірінсіз жазалау.

12. Этикалық әңгіме дегеніміз не?

  1. жан-жақты тәрбиенің мсаңызды құрамдас бөлігі;

  2. адамды қоршаған ортадағы өмірдің шындығымен таныстыру;

  3. балалардың санасын қалыптастыру әдісі;

  4. қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру әдісі.

13. Тәрбие әдісінің мақсаты:

  1. еңбек етуге бейімдеу;

  2. оқушыларды адамгершілік көзқарасқа сендіре білуге, мінез-құлық нормаларын меңгеруге үйрету;

  3. кәсіптік бағдар беру;

  4. жеке адамның адамгешілік санасын қалыптастыру.

14. Жарыс дегеніміз – бұл:

  1. балаға қоғамдық талап қою;

  2. балалардың ұжымдағы іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі;

  3. оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қатыптастыру әдісі;

  4. баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру.

15. Ұжым толық қалыптаспаған, сүйеніші жоқ жағдайда тәрбиеші қандай әдіс қолданады?

  1. бақылау;

  2. ынталандыру;

  3. талап қою;

  4. үйрету.

16. Пікірталас дегеніміз не?

  1. Жоғарғы сынып оқушыларының пайымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру;

  2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру;

  3. Оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру;

  4. адамды өмірге дайындау қажеттілігі.

17. Үйрету әдісі қандай қасиеттерді қалыптастырады?

  1. ұйымшылдық, адамгершілік;

  2. сыпайылық. Табандылық;

  3. еңбексүйгіштік, тәртіптілік;

  4. дұрыс жауабы жоқ.

18. Этикалық әңгіме, пікірталас, өнеге қандай әдіске жатады?

  1. ынталандыру әдісі;

  2. мінез-құлықты қалыптастыру әдісі;

  3. сананы қалыптастыру әдісі;

  4. үйрету әдісі.


19. Жаттықтыру әдісі дегеніміз:

  1. бұл – әртүрлі жағдаяттарға оқушылардың моальдық тапсырмаларды орындауы;

  2. тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекет жолдары;

  3. мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;

  4. адам бойындағы кез келген қасиетке сүйеніп ықпал ету жолдары.


Әдебиеттер:

  1. Р. Қоянбаев. «Тәрбие теориясы». – Алматы, 1991.

  2. А.О. Пинт. «Ата-аналар сіздер үшін». – Алматы.

  3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологисы. – Алматы, 1994.

  4. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. «Қазақтың тәлім-тәрбиесі». – Алматы, 1995.



Экономикалық тәрбие


Жоспар:

  1. Экология және экономикалық тәрбие жайлы ұғым.

  2. Экономикалық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.

  3. Оқу-тәрбие процесіндегі экономикалық тәрбие.


1. Экология – 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968 ж.). «Естественная история происхождения » атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология – «ойкос» деген грек сөзі, «үй баспана» ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы юойынша экология – зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болады. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. «Экология» ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз – табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі.

Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан жұртшылығын әскери полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары алаңдатып отыр.

Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 га-ға жуық егіс, жайылым және орман жері пайдалынады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайлардың тууының негізгі себебі – тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы (90,5%).

Еділ мен Жайық өзенінің аралығында орналасқан аумағы 40 мың км2 құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 0,21 м төмен жатыр. Жер астының тұщы су қоры мол екені анықталады. Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин Ярдағы әскери ядролық сынақ полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз иелеріне байырғы тұрғындарға қайтаруды, т.б. талап етіп, осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шараларын жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс құруды ұсынды. 1990 жылғы мамыр 1992 жылғы мамыр аралығында «Нарын» қозғалысының орталығы Орда ауданында болды.

Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары «Қышқылдық жаңбыр» деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғарлауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерінің тигізеді. Қышқылдық жаңбырлар металлды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін.

Әскери полигон Батыс Қазақстан облысы мен Астрахань облыстық шекарасында орналсақан. Адамдар мен тірі табиғатқа тигізген зияндары жөнінен «Азғыр», «Капустин Яр» белгілі Семей полигонынан асып түседі. Полигондар онкологиялық, жүрек тамыр және басқа ауруларды қоздырып, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді.

Озон қабатының жұқаруы, қышқылдық жаңбыр, жер ғалымшарларындағы климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке қауіп төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін M, Cи, Fe, Mп, Cl, P окситтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді.

2. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:

  • Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;

  • Жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдарысын қалыптастыру;

  • Қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;

  • Экологиялық білімді насихаттау.

Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік қарам-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.

Экологялық тәрбиенің басты міндеттері:

  • өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;

  • табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы іске қосу;

  • мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру;

Ең басты міндеттерінің бірі – оқушыларды табиғатты қоғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.

Ең басты міндеттерінің бірі – оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.

Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отырады.

Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану кзқарасын қалыптастырады.

  1. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәбие.

Оқыту процесіндегі экологиялық тәбие. Экологиялық білімдердің негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астрономия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдарландыру – мұғалімнің міндеті.

Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығындағы пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, тағы басқа жасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады.

Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдарысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.

Орта және жоғарғы сыныптар оқушыларын кең көлемді экологиялық біліммен қаржыландыру қажет.

Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып отыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:

  1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алаңын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.

  2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.

  • дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;

  • пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;

  • фенологиялық бақылау жүргізу.

  1. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.

  2. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тыңайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.

  3. Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.

  4. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.


Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.

Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.

Эколгиялық тәрбие оқушылардың – табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.
Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтары:


  1. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы ғалым?

А) Э.Геккель.

Б) Ч.Дарвин.

С) М.Пантелеев.

Д) С.Макаренко.

2. Экологияны зерттеу қай ғасырда пайда бола бастады?

А) Х-ғ.

В) ІХ-ғ.

С) ХХІ-ғ.

Д) ХХ-ғ

3. Экология нені зерттейді?

А) Тірі организімдердің ортада тіршілік әрекетін өзара қатынасын зерттейді.

В) Планетадағы әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген жерлерін зертейді.

С) Адам табиғаты мен байлығын.

Д) Табиғат қорын, биологиялық ластануын.

4. Адамның өндірістік іс-әрекет мәселелерінің бірі:

А) Халықтың тез өсіп-жетілуі.

В) Адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету.

С) Адамның өндірістік іс-әрекетінің негізінде қоршаған ортаның ластануы, бұзылуы.

Д) Дұрыс жауабы жоқ.

5. Жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын мәселердің бірі?

А) Табиғи ортаны қорғау адам баласына жағдай жасау.

Б) Адамдардың білім деңгейін көтеру.

С) Экологияға байланысты жаппай жұмыс істеу.

Д) Экологияның ластануына қарсы күрес жүргізу.

6. Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы қашан қабылданды?

А) 1985 ж.

В) 1986 ж.

С) 1990 ж.

Д) 1987 ж.

7. Озон қабатының тесіктері қай жерде көбірек табылды?

А) АҚШ

В) Арктикада.

С) Жапонияда.

Д) Антарктида.

8. Экологиялық тәрбие немен байланысты?

А) Еңбек тәрбиесімен.

В) Білім тәрбиесімен.

С) Өндірістік тәрбиемен.

Д) Қоршаған ортамен.

9. Экологиялық ап апаттар адам баласына қауіп-қатер төндіру ме?

А) Мүлдем туғызбайды.

В) Қауіп туғызады.

С) Кейде.

Д) Дұрыс жауабы жоқ.

10. Қазір озонның мөлшері қанша пайызға азайды?

А) 3%

В) Бірнеше

С) 35%

Д) 10%

11. 1998 жылы фреондар қанша пайыз азайту керек деп белгіленеді?

А) 50%

В) 20%

С) 10%

Д) 100%



Сұрақтар:

1. Экология деген не? Сіз оны қалай түсіндіңіз?

  1. Экология нені зерттейді?

  2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты экологиялық жұмыстың қандай түрлерін пайдалануға болады?

  3. Оқушыларға экологиялық тәрбиеге және білім берудің мақсаттары жайлы пікіріңіз?

  4. Мектепте экологиялық тәрбиенің негізгі міндеттері туралы не айтар едіңіздер?

  5. Бүкіл тіршіліктің апатқа ұшыруының себебі не?

  6. Апатық жағдайдан құтылудың қандай жолдары бар?

  7. Экологиялық апаттар адам баласына қауіп төндіре ме?


Әдебиеттер:

  1. Окружающая среда и мир на планете. Изд-во «Наука» - М., 1986.

  2. Л. Дотта. Планета земля в опасности. –М., «Мир» . 1988.

  3. М.Я. Демешев. Пока не поздно. – М., «Молодая гвардия» , 1991.

  4. А.Л. Яншин, А.И.Мелуа. Уроки экологических просчетов. – М., «Мысль» . 1991.

  5. Ж. Данило, Маркович. Социальная экология. «Просвещение», 1991.

  6. Проблемы окружающей среды в деятельности ООН. – М., 1984.

  7. Экологическое образование школьников во внеклассной работе. – М., «Просвещение», 1984.

  8. А.Н. Захлебный. Экологическое образование школьников. Под ред. И.Д. Зверева, И.П. Суравечиной. – М., «Педогогика», 1983.

  9. Т.В.Денисова. Экологическое воспитание в процессе трудовой подготовки школьников. «Советская педагогика», №4 1985.

  10. О.Косанов. Экология және адам экологиясы. «Қазақстан мектебі» ,№3 1991.

  11. К.Сарманова, Н.К. Перкас. Экологиялық білім беру бағдарламасы. «Қазақстан мектебі», №8 1993.


Мектеп тәртібінің ерекшеліктері


Мектеп тәртібінің ерекшеліктері

Саналы тәртіпке тәрбиелеу негіздері

Саналы тәртіпке тәрбиелеу әдістері

Жас және жеке оқушы ерекшелектерін ескеру



Анықтамасы




Мұғалімнің жеке басы

Саналы тәртіпке тәрбиелеу әдістері



Жас және жеке оқушы ерекшеліктерін ескеру




Іс-әрекет



Талап қою




Оқу еңбегі





Мадақтау




Қоғамдық пайдалы еңбек


Үйрету




Режим (күн тәртібі)

Жаттығу



Түсіндіру

Жоспар:


    1. Мектеп тәртібінің анықтамасы.

    2. Оқушыларды тәртіптілікке тәрбиелеудің негіздері мен әдістері.

    3. Тәртіпке тәрбиелеудегі талап қоюдың және түсіндірудің рөлі.

    4. саналы тәртіпке тәрбиелеудегі оқушылардың жасы мен дара ерекшеліктерін ескеру.




  1. Адамдардың қоғамдағы мінез-құлқы белгілі бір ережелерге бағындырылады. Қоғам мүшелерінің белгілі бір ережелерге бағындырылады. Қоғам мүшелерінің белгілі бір ережелерге бағынылуы тәртіп деп аталады.

Мектеп тәртібі осы қоғам адамдары арасындағы қатынасты білдіреді. Мектеп тәртібі біздің қоғамымыздың жағдайында қоғамда қалыптасып отырған қатынастардан ешбір ерекшеленбейді. Тәртіптің негізгі қасиеттері: жауаптылық, саналылық – мектеп тәрбие жұмысының бағытын, мазмұны мен методика әдістемесін анықтап береді. Тәртіп – мақсат, әрі ойдағыдай тәрбиелеу мен оқытудың қажетті құралы және барлық оқу тәрбие процесінің нәтижесі. Тәртіп пен жауапкершілік сезім болмайынша оқуға дұрыс көзқарас тәрбиелеуге, сабақта үйге берілген тапсырмаларды орындау кезінде тәртіп сақтауға үйретуге болмайды. Жауапкершілік сезімді арттыру бұл оқу-тәрбие жұмысына керекті жағдайлар жасау болып табылады.

Тәрбие жұмысында дұрыс бағыт ұстау үшін, мұғалім мектеп тәртібінің ерекшеліктерін біліп қана қоймай біздің қоғамымызда қандай адамды толық мәнінде тәртіпті адам деп атауға болатындығы жайлы да түсінігі болуға тиіс. А.С.Макаренко: кімді-кім әрқашан неғұрлым қоғамға пайдалы мінез-құлық көрсете алса, сол адам ғана біздің қоғамымызда тәртіпті адам деп саналады деп жазды.


  1. Оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеудің негіздері мен әдістері


Оқудың алғашқы күнінен бастап сыныпта жақсы тәртіп қалай орнатуға болады.

Ең алдымен педагогика тәртіпті арнаулы өткізген кейбір іс-шаралар ғана емес, мектептің барлық тәрбие жұмысы жүйесінің нәтижесі деп қарайтынын ұғынған жөн.

Балалар өмірін ұйымдастыруды, жеке басының тәртібін:

  1. Оқушылармен өзінің арақатынасын егжей-тежейлі ойластырған мұғалім ғана оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеуде табысқа жете алады.

  2. Іскерлік, белсенділік етек алған, салдыр-салақтық пен тәртіпсіздікке жол бермеген мектепте ғана тәртіпті, белсенді жоғары саналы адамдар тәрбиеленеді.

Мұғалім саналы тәптіпке тәрбиелеудегі өзінің рөлі мен дәрежесін жақсы ұғынуы шарт.

Егер мұғалімнің жұмыс жүйесі өзінің белсенділігіне және оқушылардың үнсіз тіл алуына негізделген болса, ондай жүйесінің көмегімен саналы тәртіпті тәрбиелеу мүмкін емес.

Іс-әрекеттегі саналы тәртіптілікті тәрбиелеу

Адамның тәртіптілігінің аса маңызды белгісі – бұл онда ұйымдасқан мінез-құлықтың берік дағдылары мен әрекеттерінің болуы. Олар оқыту мен түрліше қоғамдық пайдалы еңбек процесінде қалыптасады.

Тәртіпті мінез-құлыққа үйретуге оқу еңбегінің ерекше мәні бар.

Балаларды сыныпта тыныш отыруға, мұғалімді зер салып тыңдауға, жолдастарына бөгет жасамауға, үйге берілген тапсырмаларды орындауға, мектеп шеберханасында, мектеп жанындағы учаскеде ұйышылдықпен жұмыс істеуге үйретеді.

Бұл жерде мұғалімдер тарапынан қойылатын талаптардың бірлігін қамтамасыз етудің үлкен мәні бар. Мысалы: тәртіпті күшейтуге оқу процесін дұрыс ұйымдастыру, сабақта оқушылардың қолы бос болмауы және белсенділігі, танымдық ықылас, оқу жұмысына әуестік айтарлықтай болады. Тәртіпсіздік – сабақты жаман ұйымдастырғандық.

Тәртіпті мінез-құлыққа үйретуде оқу еңбегінің ерекше мәні бар.

Балаларды сыныпта тыныш отыруға, мұғалімді зер салып тыңдауға, жолдастарына бөгет жасамауға, үйге берілген тапсырмаларды орындауға, мектеп шеберханасында, мектеп жанындағы учаскеде ұйымшылдықпен жұмыс істеуге үйретеді.

Бұл жерде мұғалімдер тарапынанқойылатын талаптардың күшейтуге оқу процесін дұрыс ұйымдастыру, сабақта оқушылардың қолы бос болмауы және белсенділігі, танымдық ықылас, оқу жұмысына әуестік айтарлықтай болады. Тәртіпсіздік – сабақты жаман ұйымдастырғандықтан.

Саналы тәптіпке тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы еңбектің мүмкіндігі зор.

Қоғамдық еңбек процесінде оқушылар ыждағаттылыққа, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға, еңбекті сүюге, өмір жолындағы қиындықтар мен бөгеттерді жеңуге деген табандылық пен шеберлікке тәрбиеленеді.

Мектеп ауласын көгалдандыруға қатыса отырып олар ұйымшылдық, орындағыштық тәжірибесін алады, өз қолдарымен отырғызған ағаштар мен бұталарды күтіп, баптап сақтайтын болады. Соның нәтижесінде оларда тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімі тәрбиеленеді.

Жақсы ұйымдастырылған еңбекте мектеп оқушылары дұрыс мінез-құлық, педагогтар мен оқушылар ұжымы органдарының дәл орындау дағдыларына ие болады, әрі нығайтады, өзара жауакершілікке, тыңғылықтыққа үйренеді. Еңбек және қоғкамдық пайдалы іс-әрекет тек қана дағдылар мен әдептерді емес, сонымен бірге оқушы өзін тәртіп талаптарына сай ұстауға бағыттайтын ізгілікті мотивтерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
1) ықпалдар қосындысы және баға беру, газет, еңбек қоғамдық жұмыс, ойын, демалысы

Жүйесі

      1. мұғалімнің жеке басы, қарым-қатынасы.




      1. Мектепте тәртіптің дұрыс қойылуы.


1) Сабақта: саналық, ұымшылдық, тәртіптілік
Жолдары

2) Қоғамдық пайдалы еңбек: өз міндеттерін білуі, ұйымшылдық

ІV) Күн тәртібінің тәрбиелік мәні.

Балалардың сан қилы іс-әрекеті жүйемен ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібі үлкен маңызға ие. Күн ырғағы – адамгершілік саналарын қалыптастырудың маңызды әдісі, әсіресе оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеуде оның рөлі ерекше.

Күн тәртібін сақтау – мінез-құлыққа үйретудің басты құралы. Еңбек пендемалуды дұрыс алмастырып отыру оқу сабақтарының тиімділігін арттырады, тәртіпке түсіреді, ұқыптылық пен адалдыққа, жұмысты белгіленген мерзімде орындауға үйретеді. Гигиена талаптарына сәйкес белгіленген күн ырғағы мектеп оқушыларының мінез-құлқын реттеп, оларды тәртіптілікке еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыруға, тәртіп пен ұқыптылыққа үйретеді.

«Мектептің барлық режимі – дейді Н.К.Крупская, оның бүкіл жолға қойылуы тәртіпке ерекше әсер етеді.»А.С.Макаренко да күн тәртібін оқушыларды тәртіпке үйретүдің аса маңызды құралы деп қарады.

Күн тәртібін жасағанда әрбір қадамды өлшеп жатудың қажеті жоқ. Күн тәртібінің мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана білуге дағдыландыру. Оқушы мысалы, сабағын дайындап болғаннан кейін өзі сүйетін спорт түрімен айналысса, екіншісі көркем әдебиет оқумен, үшіншісі қандай да бір прибор құрастырумен, төртіншісі музыка не сурет салумен айналысады. Егер күн тәртібінде бос уақыт қалдырмаса, оның бастамасы мен дербестілігіне қос байлау болады.

Күн тәртібі ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жұмыста дәлділікке үйретудің құралы. Әсіресе төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеудегі орны ерекше. Олар күн тәртібі талаптарын сөзсіз қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға тырысады. Мұғалім мен ата-аналар тарапынан бірлескен бақылау болса, күн тәртібі баланың өміріне берік қалыптасады және тәртіптілікке тәрбиелеудің маңызды құралына айналады.


  1. Тәртіпті тәрбиелеудегі талап қоюдың және түсіндірудің рөлі

Талап қою тәртіптілікті қалыптастырудың негізін салады. Мектеп оқушыларынан күн тәртібін, мінез-құлық мәдениетінің қарапайым ережелерін сақтауға, оқу міндеттеріне деген жауакершілік талап етіледі.

Талап ең алдымен ұнамды іс-әрекет ұйымдастыруға және соған стимул жасауға бағытталады. Солардың көмегімен балалардың іс-әрекетін басқаруға болады. Кейде қойылған талап тәртіпсізділік әрекеттерді тежеуге немесе ұнамсыз қылықтарды болдырмауға көмектеседі.

Талап: өтіну, кеңес беру, мақұлдау, сөгу, аңғарту, ескерту, тәрбиелік қызмет атқарып, тиісті педагогикалық ықпал жасайды.

Талап қоюды жүзеге асыруда, мұғалімнің психологиялық жағдайы, жинақылығы, өзіне сенімділігі белсенді де батыл әрекетке әзір екендігі, қиын жағдайлардағы сабырлығын сақтау маңызды болып табылады. Тәрбиешінің мұндай қасиеттерін оқушылар жоғары бағалайды және оның талаптарын ықыласпен орындайды. Ал педагогтар педагогикалық әдепті бұзса, қойған мақсатына жете алмайды: олардың талаптарын оқушылар сәлқос орындайды немесе мүлде орындамайды.

Мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіргенде тәртіптің әрбір талабын көп сөзбен, ұзақ түсіндіріп жатпау керек. Олардың көбі үлкендерге електеудің беделін мойындатудың нәтижесінде орындалып жатады. Маңызды нәрсе нормалар мен ережелер әдетке сеніп, ішкі қажеттілікке айналу керек.

Түсіндіру жұмысы оқушыны жалықтыратын өсиет айту, адамгершілік жайлы көп сөз айту сипатында болмағаны жақсы.

  1. Мінез-құлық ережелері мен саналы тәртіпке тәрбиелеуде мыналарды ескеру қажет:

І. Кіші мектеп балаларының жүйке әрекетінде көру процесі жетілу процесінен әлдеқайда басым болады. Олардың мінез-құлықының ұнамды дағдылары мен әдеттерін тәрбиелеуге неғұрлым қолайлы. Мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және бекіту әдістерінің жүйесін анықтау үшін мұғалім олардың сипаты мен көлемін егжей-тегжейлі ойлдастырады.

ІІ. Кіші мектеп оқушыларының ерікті зейінінің тұрақсыздығын, олардың импульсивтігін ескере отырып, мұғалім баланың мінез-құлығына талапты шамалап та және анықтап дәл қоюы және оны әлсін-әлсін баланың есіне салып отыруы, түсіндіруі, көрсетіп беруі, мақұлдайтынын немесе пікірлесетінін білдіріп отыруы қажет.

ІІІ. Кіші мектеп балалары тым ширақ, жігерлі. Бірақ олар бір текті сабақтардан тез шаршайды. Олардың бұл ерекшеліктері мұғалімнен іс-әрекетінің түрлері мен әдістерін өзгертіп отыруды, оқыту мен тәрбиелеудің түрліше әдістерін алмастырып қолдануды талап етеді. Бірінші сынып оқушылары әңгімені ойша құруға, жаттығуды үнсіз орындауға әлі төселмеген. Сол себепті олар күбірлеп сөйлеп, кейбір ойын қозғалысын қолымен көрсетіп отырады. Кіші мектеп балаларының ойлау бейнелігін ескере отырып, тәрбиеде балаларға жанды да нақты мысалдарды, көрнекілікті және басқа құралдарды қолдануға тура келеді.

Кіші мектеп балаларының әсерлі еліктегіштігін ескеріп, мұғалім оларға талапты ұлғайтумен бірге мадақтау тәсілдерін де жиі қолданып отырған жөн.

Шолжаң да қыңыржақ, қиқар мінезді балалармен жүргізілетін жұмыста мұғалім өзін бір қалыпты, бірақ табандылық пен талап қойғыштық дәрежеде ұстауы керек.

Ұялшақ балаларды қоғамдық өмірге бірте-бірте араластыруға тура келеді. Жай басар, аңғал оқушылармен жұмыс жүргізгенде дағдыландыру әдістерін қолданған жөн.

Тәртіптілік мінездің маңызды сипаты болып табылады, ол адамның жеке басының басқа да қасиеттерімен тығыз байланысты, әсіресе балаларды ұстамдылыққа тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.

Мәдениетті қылық дағдысы мен әдетін тәрбиелеу. Саналы тәртіпке тәрбиелеу мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырумен тығыз байланысты. Тәртіпті оқушы адамға сезімталдықпен қарайды, қоғамдағы қабылданған моральдық нормаларды сақтайды. Сондықтан да оны мінез-құлық мәдениетіне үйрету оңай. Ерке де салдыр-салақ балаға оны үйрету қиын.

Балаларды жас кезінен-ақ жақсы әдет-қылыққа дағдыландыру оларды адамдарға жақсылық жасауға үйрету, үй тұрмысындағы жоғары мәдениетке деген сүйіспеншілік дарыту өте маңызды.

Мінез-құлық мәдениеті – ол өзін қоғамдық ортада ұстай білу және әдептілік ережелерін сақтай білу ғана емес. Ол баланы, үлкендерді сыйлаудан, жоғары адамгершіліктен, ұжымда өмір сүріп еңбек ете білуінен көрінеді. Кейде ұнамды қылықтар көрер көз үшін ғана жасалады. Сыртқы мәдениеті адамның мінез-құлық пенсыртқы бейнесінен көрінсе, ішкі мәдениеті адамның білімімен, нанымынан, жеке басының мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра біілуінен тұрады. Адамның қоғада сыйлы болуы және бағалануы ішкі мәдениетіне байланысты.

Сондықтан мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу адамның морльдық бейнесін қалыптастырумен бірге адаигершілік, азаматтық, ұжымшылдық, достық-жлдастық рухында тәрбиелеуге, тәртіпке және ұйымдастыруға үйретімен тығыз байланысты.

Мәдениетті мінез-құлық ережелерін түсіндіру.

Бастауыш сыныптардың өзінде-ақ мектептегі және үйдегі, көшедегі және қоғамдық орындардағы, мінез-құлық ережелерінің негізі үйретіле бастайды. Бірақ мінез-құлық мәдениеті жөніндегі білім бірте-бірте кеңейеді. Ересек оқушылар мінез-құлық мәдениетінің жаңа ережелерін меңгеріп, олардың қоғамдық өмірдегі мағынасын түсінеді, жүзеге асыруға үйретеді.

Мінез-құлық дағдысы мен әдетін қалыптастыруда сан түрлі жаттығулар аса қажет. Балалардың мінез-құлқына қатаң тәртіп орнату, мектеп пен отбасының талаптарының бір тұтас болуына байланысты. Мәдениетті мінез-құлық дағдысымен әдетін тәрбиелеуді қамтамасыз етеді. Мектеп пен отбасы алдына балаларға тек ұнамды дағдыны сіңіру ғана емекс, сонымен бірге олардың жаман әдеттерін жою міндеттері қойылады.

Жаман әдеттерді жоюда түсіндіру, талап қою, күн тәртібін орнату сияқты амалдар қолданылуы тиіс. Ұнамсыз әдетті түбірінен жою мұғалім мен ата-аналардан барлық амалдар жүйесін ұштастырып, дұрыс қолданылуын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет