Жүйелілік
Жүйелік принципі оқу элементтерінің арасындағы байланыстар мен қарым - қатынастар сипатында ашылады. Жүйеліліктің негізгі сипаты – оның бүтіндігі, реттілігі, салыстырмалы тұрақтылығы.
Көрнекілік
Көпжылғы тәжірибе мен арнайы педагогикалық - психологиялық
Зерттеулер көрсеткендей, оқытудың тиімділігі қабылдауға адамның барлық мүшелерінің қатысу деңгейіне байланысты. Материал неғұрлым қызғылықты болса, соғұрлым тез қабылданады. Бұл заңдылық Я.А.коменский, И.Г.Песталоций, К.Д.Ушинский,Л.В.Занков үлестерін қосқан дидактиканың көрнекілік принципінде сипатталған.
ҚР-да оқыту процессін автоматтандырушыэлектронды оқулықтар тарала бастады. Электрондық оқулықтар – интерактивті әдістерге негізделген білім беру процессінің субъектілерінің өзара қарым-қатынасының автоматтандырылған оқыту процессі. Қазіргі кездің білім берудің барлық деңгейінде 93 электрондық оқулық, оның 22-і мектеп оқушылары үшін 17 пәннен жасақталады.
Ашықтығы. Мобильдігі. Икемдігі.
Ашықтық, мобильділік, және икемділік принціпі модульды құрастыруда материалды жаңартуға, жаңа информациямен толықтырып отыруға мүмкіндік береді. Оқыту процессінің қайшылықтарын жеңуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқулықтарға қарағанда электрондық оқулықтар үнемі толықтырылып отырады.
Элекрондық оқытудың мазмұндық компоненті.
Гипермәтін – компьютер көмегімен сызықтық және паралель сілтемелер қолданылатын мәтідердің жиынтығы.
Электрондық оқулықта гипермәтін құрылымдандырылған мәліметтер қорын(білім, ақарат), терминдер, ұғымдар, кестелер, графиктер, диаграммаларды сипаттайды.
Гипермәтінмен жұмыс, бір жағынан – оқу танымдылығын арттыру болса, екінші жағынан – жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығының құрамдас бөлігі болып табылатын студенттерді танымдылық біліктіліктермен қаруландыру.
Иерархиялық
Иерархиялық принцип зерттелетін пәнді қалыптастыруда категорияландыру процессін жеделдетуші обьект туралы ақпаратты функционалдық – жүйелік ұйымдастыру.
Көрнекілік
Көрнекілік (визуалды) принципі гипермәтінде иллюстрциялық материалды тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл бір жағынан мәтінді “жандандырса”, екінші жағынан білім алушыларды танымал адамдардың бейнесуреттермен, қалалардың карталарымен, мұражай материалдарымен таныстырады.
Дистанциялық оқыту (алыстан білім беру), электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.
Оған әртүрлі субьектілер қатысады:
Дистанциялық мұғалім, тікелей білім беретін мұғалім, техникалық жобалаушы, үйлестіруші немесе дистанциялық оқытудың әкімшілігі, оқу материалының авторлары, т.б.
Дистанциялық оқытуға тән нәрсе жоғары мотивацияжәне оқушылардағы дамыған танымдық қызмет, тек осылай болғанда, оқушылар интерактивтік режимде істей алады. Дистанциялық мектептің оқушылары өз қалаулары бойыншаоқу материалдарымен, мұғаліммен жұмыстарын шамалап, өз сұрақтарына керекті жауап алады.
Оқушылар еңбек тәртібін сақтап, техникалық және басқа проблемаларды шеше алатындай, жазба және сызу жұмыстарын жүргізе алатындай болу керек.
Синхронық сыныптарда бір бағдарламалармен жұмыс істейді. Соңғы түрінде тәжірибелі оқушылар тәжірибесі аз оқушыларға көмектеседі.
Дистанциялық сабақ элементтері.
Оқу материалы. Мұғалім оқытудыңдиалогтық түрі басталғанға дейін оқушылардың барлығын олар сабаққа әзірлеуі үшін оқу материалымен қамтамасыз етеді. Оқушыға керекті материалдар мынадай тәсілдермен беріледі.
CD – ROM немесе дискета, аудиокассета, бейнекассета, “қағаз” құралдар (кейс-технология) пошта арқылы салынады.
Фаилмен электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Дистанциялық мекеменің білімдік сайтына орналастырылады.
Веб-беті түрінде, керекті материалға сілтеме жасалып, Интернет жүйесіне беріледі.
Оқушыға бір немесе бірнеше электрондық кітапханада жұмыс істеуге мүмкіндік жасалады.
Диагностикалық материал. Дистанциялық оқытушы мен оқушы электрондық пошта арқылы тесті, бақылау тапсырмалары, есептеу табельдерімен, бағалардың парақтарымен алмасады. Бұлардың бәрі білімдік серверде тұрады. Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын, оны қалай орындау керектігі туралы нұсқау береді.
Көрнекілік. Телекоммуникация арқылы оқытушы оқушыларға слайдтарды, т.б. көрсетеді. Интернет желісі бойынша экскурсия жүреді. Оқушылар бір – біріне көрнекіліктерін көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарын басқа оқушыға және мұғалімдер көру үшін серверге салып қойады. Осы процесстерді алыстан мұғалім басқарады.
Мұғалім оқушыларға сұрақ береді. Оқытушы электрондық конференция, бейнеконференция кезінде оқушыларға сұрақтар береді.
Материалды түсіндіру. Мұғалім оқушыларға өзінің бейнедәрістерінің жазбаларын жібереді. Кейде Интернет желісіндегі білім қорларына сіотеме жасап жіберген жақсы.
Мұғалім пікірталастарды басқарады.
Пікірталас, веб – форум, e – mail – конференция, чат – пікірталас тәртіптеріне өте алады.
Оқушылар мұғалімдерге сұрақ бере алады. Сұрақтар электронық хат арқылы, ұжымдық ram – сабақ кезінде жеке “терезе” арқылы, т.б. беріледі.
Оқушыға сұрақ береді.
Мұғалім оқушылардың реакциясын көреді, өзінікін білдіреді. Бейнекоференция режимінде мұғалім оқушының талқыланып отырған мәселеге қотынасын көреді. Мәтіндік электрондық тележелілерде клавиатура белгілерінің көмегімен жасалатын бет пішіндер бар: мысалы (:-) жымию, т.б. Кейбір телеқатынастық бағдарлама көңіл – күйді білдіру үшін қосымша құралдар ұсынады.
Мұғалім оқушыларды бағалайды. Дистанциялық оқытуда мұғалім оқушының жұмысын сабақ өткізгенде, ал үй тапсырмаларын, тестілерді, шығармашылық тапсырмаларды, зерттеулерді кез келген дистанциялық және телеқатынас құралдары көмегімен тексереді.
Дистанциялық оқыту құралдары.
Электрондық почта (e - mail);
Электрондық журналдардың, конференциялардың тізімі (тақырып бойынша);
Нақты уақыт тәртібінде хат жазысу;
Тез хабарласу жүйесі(Интернет - пейджер);
Интернет жүйесіндегі www. Web – сайт іщіндегелер, білімдік сайтқа тіркелгендер қаралады, on – line –дық виртуалдық кітапханаларға кіреді. Web – бетте басқа беттерге, қорларға сілтеме жасалады. Іздеу сервері арқылы желідегі кез келген ақпаратты табуға болады.
Web – сайдқа жазатын белсенді арналар.
FTP – серверлер және файлдік архивтер.
Интернеттің факсимильдік қызметі.
Интернеттегі телефон – LP.
Мобильдік телефон көмегімен интернетке шығу.
Сонымен дистанциялық оқытуға түрлі субьектілер қатысады.
Кластың синхрондық және асинхрондық деген түрлері бар. Дистанциялық оқыту телеқатынас құралдары арқылы жүзеге асады.
Дистанциялық оқыту тұтас дистанциялық курстың элементі (оқушылар мұғалімнен бөлек), немесе іштей оқу элементі (мұғалім Интернет қорлары мен технологиясын іштей оқу процесінде қолданады).
Дистанциялық курсты жобалауға дистанциялық жұмыстарды нақтылау, шолу енеді. Дистанциялық жұмыстар демонстрация түрлері, кіріспе сабақ, жеке жұмыс консультациялар, веб-жұмыс дистанциялық олимпиадалар.
Оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
Қазіргі оқыту жүйесінде не нәрсе негізгі рөл атқарады?
A) Дамыту, қалыптастыру.
B) Оқыту және оқу.
C) Тәрбиелеу және дамыту
D) Дұрыс жауабы жоқ.
Дәстүрлі оқытудың негізі:
A) Шығармашылық жұмыс.
B) Ғылымй – зерттеу жұмысы.
C) Сынып сабақ жүйесі.
D) Жеке жұмыс.
Дәстүрлі оқыту мақсаты:
A) Білім жүйесін қалыптастыру, негізгі ғылымды игеру.
B) Ақыл – ой қабілетін дамыту.
C) Арнаулы қабілетті дамыту.
D) Дұрыс жауабы жоқ.
Оқытудың қай түрінде оқушылардың білімді өздігінен алуына көңіл бөлінеді?
A) Мәселелі оқыту.
B) Бағдарламалық оқыту.
C) Догматикалық оқыту.
D) Репродуктивті оқыту.
Бағдарламалап оқыту мәнін қай анықтама толық көрсетеді?
A) Бағдарламаланған оқыту – бұл автоматтандырылған оқыту.
B) Бағдарламаланған оқыту – оқу бағдарламасына қатаң сай келетін оқыту.
C) Бағдарламаланған оқыту – бұл белгілі бір машинамен іске асырылатын оқыту.
D) Бағдарламаланған оқыту – Бұл программаланған оқыту құралдары, оқыту машиналары немесе екуімен қатар жүзеге асырылатын ерекше басқарылатын оқушылардың жеке жұмысы.
Бағдарламалық оқыту қандай ғылымдардың қиылысынан пайда болды?
A) Педагогика, психология, кибернетика.
B) Педагогика, физика, математика.
C) Педагогика, психология, физика.
D) Информатика, экономика, педогогикалық психология
Дидактиканың негізгі ұғымдары қайсысында орналасқан?
A) Білім беру, оқыту, тәрбиелеу.
B) Білім беру, оқыту, оқыту заңдылықтары мен принциптері.
C) Оқыту процесі және оның компоненттері.
D) Оқыту мақсаты, міндеттері, мазмұны, оқыту жүйелері мен әдістері.
Оқытуға қойылатын ең жоғары талап қайсы?
A) Сабаққа қойылатын гигиеналық талап.
B) Сабаққа қойылатын жалпы педагогикалық талап.
C) Сабаққа қойылатын дидактикалық талап.
D) Сабаққа қойылатын психологиялық талап.
Білім дегеніміз не?
A) Адамның орта мектепте оқу жылдарындағы алған білімдердің жиынтығы.
B) Адамның табиғат, қоғам және адам ойы жөніндегі ғылымның қорытылып жинақталған білімдер жүйесі
C) Білім, іскерлік, дағдылар жиынтығы.
D) Дұрыс жауабы жоқ.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері не болып табылады?
A) Оқушылардың өз біліміне деген жауапкершілігі.
B) Қоғамның мектеп біліміне қоятын талабы мен оқу процесінің мүмкіндіктері.
C) Оқушылардың жақсы оқуға деген қоғам алдындағы жауапкершілігі.
D) Дұрыс жауабы жоқ.
Мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен, іскерлікке қалай үйретеді?
A) Түсіндірмелі иллюстративті оқыту.
B) Мәселелік оқыту.
C) Бағдарлама бойынша оқыту.
D) Дұрыс жауабы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |