15
Инфарктке күдік туындаса, науқасты отырғызып, оны
тыныштандырып, киімінің түймесін ағыту қажет. Науқастың «қазір
бәрі жақсы болады» дегеніне қарамай жедел жәрдемді шұғыл
шақырту керек немесе ӛздігімен ауруханаға апару қажет. Егер
науқасқа нитроглицерин тағайындалса, онда оны тілдің астына
салған жӛн. Нитроглицеринді 2 реттен артық беруге болмайды.
Аспирин дәрісін шайнау қажет (аллергия болмаса), міндетті түрде
шайнау қажет, жұта салуға болмайды. Осы жағдайда дәрі тезірек
әсер кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: