Нарықтық экономиканың артықшылығы өндірушімен тұтынушының еркіндігі. Нарық инфрақұрылымы бұл
А) белгілі бір мезгілдегі өндіріс пен тұтыну жағдайларын сипаттайтын уақытша жағдай;
В) ерекше нарықтар шегінде қызмет ететін және олардың қалыпты қызмет жасау тәртібін қамтамасыз ету үшін анықталған міндеттерді атқаратын институттар жиынтығы;
Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;
кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;
экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.
Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.