Нарық инфрақұрылымы бұл ерекше нарықтар шегінде қызмет ететін және олардың қалыпты қызмет жасау тәртібін қамтамасыз ету үшін анықталған міндеттерді атқаратын институттар жиынтығы;
Нарықтық экономиканың экономикалық принциптеріне келесілердің қайсысы жатпайды әлеуметтік қорғау жүйесі;
Нарық шеше алмайтын мәселелер қатарына келесілердің қайсысы жатады өндірістің сыртқы әсерлері;
Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.