Түрткілер (мотивтер) — бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. де қажеттілік адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің нақты көрінуі болып табылады.
Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның түрткілерін дұрыс түсіну қажет. Түрткілер бір-бірінен онда іске асатын қажеттіліктердің түріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің түрткілері, оқу әрекетің түрткілері) байланысты ерекшеленеді.
Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетеді.
Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады.
Қызығу — бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы.Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, адамды терең білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді.
Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойыншасипатталады.
Мазмұны жағынан қызығулар бағытталған нысанына қарай анықталады (техникаға, химияға, спортқа, өнерге, суретке, шахматқа т.б. қызығу). Мазмұны жағынан әртүрлі қызығулар қоғамдық мәніне қарай: біреулері, егер де қоғамдық және жеке мүдделер дұрыс ұштасқанда жағымды бағаланады, басқалары жағымсыз бағаланады (өздерінің ұсақ сезімдік қажеттіліктерін қанағаттаңдыруға байланысты).
Жан-жаңты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады.
Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысанын терең пайымдамайды.
Тұрақтықызығулар (олар ұзақ сақталады, адамның өмірі мен іс-әрекетінде мәнді рөл атқарады, жеке тұлғаның салыстырмалы түрде бекітілген ерекшеліктері болып табылады) және тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде кысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады, тез сөніп қалады.
Адам тұрақсыз қызығулармен жеңіл әуестенеді және тез суып қалады.
Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденістер көздерін қанағатандыруға итермелейтін қызығуды айтады. Бейжай қызығулар — осындай іс-әрекеттің түрлеріне итермелейтін қызығуларды айтады.
Сонымен қатар тура және жанама қызығулар болады. Тура қызығулар білімнің немесе іс-әрекеттің белгілі бір саласында мазмұнымен пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |