Жоспар: Тұлға психологиясы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі. Тұлғаның мотивациялық-қажеттіліктік саласы. Мотивтерді тану мәселесі, оларды тану жолдары. Мотивтер түрлері. Негізгі әдебиеттер



бет4/15
Дата12.09.2023
өлшемі419 Kb.
#180881
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
3 дәрістер жинағы

Жанама қызығулар — нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ басқа нысанмен, адам қызығуымен (мәселен, мектеп оқушысы үшін математикаға қызығуы, оның сүйіп айналысатын авиамоделдеу ісімен) байланысты. Жеке тұлғаның қылығы моралдік түрткілермен, борыш сезімімен, қоғамдық тапсырмалармен реттеледі және анықталады. Адам қылығының моралдік түрткілері идеалдарда байқалады.
Моралдік немесе адамгершілік идеал — бұл адамның өз іс-әрекеті мен қылығының үлгісі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгі болатын адамдар аз болған жоқ. Қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық қайраткерлер ғылымда академик Қаныш Сатпаев,әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға тұрарлық. Жеке тұлғаның қылығының негізгі түрткісі сенімдер болып табылады.
Сенімдер— бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жеке тұлғаның мақсатты қажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түрінде байқалатын қажеттіліктер мазмұны — бұл қоршаған дүние табиғат пен қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бұл білімдер ішкі ұйымдасқан көзқарастар жүйесін құрайды (философиялық, эстетикалық, этикалық, ғылыми-жаратылыстану және т.б.), ол адам-дүниетанымы болып қарастырылады.
Ұмтылу— мінез-құлық түрткілері (мотивтер), онда қажеттілік түрінде аңғарылады, қазіргі жағдайда берілмеген, бірақ жеке тұлғаның арнайы ұйымдасқан іс-әрекетінің нәтижесі түрінде жасалуы мүмкін. Ұмтылу түрінде берілген қажеттілік ерекше ұйымдасқан іс-әрекет арқылы қанағаттандыра алмайды, бұл түрткілер категориясы ұзақ мерзімге жеке тұлғаның белсенділігін қолдауға қабілетті.
Мәселен, бір топ студент қайықпен серуенге шығу туралы жоспар жасап, пайда болған ұмтылу нәтижесінде жоспарды іске асыруда өзінің іс-әрекетінің белсенділігін арттырады, сол жоспарды орындауда студенттер әртүрлі даярлық жұмыстарын жүргізеді. Ұмтылу әртүрлі психологиялық түрде іске асады.
Барлық түрткілер туралы айтқанымызда (қызығу, сендіру, ұмтылу) ең алдымен олар саналы, мақсатты түрде сипатталады. Басқа сөзбен айтқанымызда, адамда ол пайда болғанда, өзіне-өзі есеп береді, іс-әрекетке итермелейді, оның қажеттілігінің мазмұны болып табылады. Сонымен қатар бұл категорияға түрткілердің барлығы кіре бермейді. Адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарының ерекше саласына саналы емес талпынулар жатады. Саналы емес талпынуларды психологияда зерттеу XX ғасырдың 20-30-жылдары қолға алынды.
Ұстаныммәселесі, ұстаным теориясының біздің елімізде негізінен грузин психолоғы Д.Н.Узнадзе және оның әріптестері негізін салған болатын.
Ұстаным дегеніміз қажеттілікті қанағаттандыруға белгілі дәрежеде даярлықты айтады.
Ұстаным— бұл белгілі бір (іс-әрекетке жеке тұлғаның саналы емес талпыну дайындығы, оның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруы мүмкін.
Д.Н.Узнадзе зерттеуі бойынша ұстаным орталық жүйке жүйесінде пайда болады және оның перифериялық бөлімінің қызметінің жемісі болып есептелмейді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының мұғаліміне ұстанымын жатқызуға болады: ұстаным мұғалімнің кез-келген тапсырмасын мүлтіксіз орындау даярлығы түрінде анғарылады. Қоғамдық өмірдің әртүрлі деректері бойынша ұстанымдар (оқиғаларға, адамдарға және т.б.) жағымды болуы да (ауру дәрігердің барлық айтқандарын дәл орындауы, оны емдеген доктордың ұстанымын басшылыққа алуы), жағымсыз болуы да мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет