Медицина тарихын зерттейтін және оқып үйренетін зерттеулердің негізгі көздері:
-мәдени ескерткіштердегі медицина мағынасы;
-халықтық эпостардың және фольклорлардың медицина мағынасы;
-жазылған мұралардан медицина мағынасы;
-мемлекеттік және қауымдық өмірдегі құжаттардан медицина мағынасы;
-дәрігерлердің щығармаларынан;
-әдеби шығармашылық жазылымдардан медицина мағынасы;
-көне-көз дәрігер қарттардың естеліктерінен медицина мағынасы;
- археологиялық табылымдардан медицина мағынасы;
-мұрағаттың құжаттардан медицина мағынасы;
-мемлекеттік медициналық статистикалық есептерден;
-нумизматикадан медицина мағынасы;
-фото-,кино-және видео-материалдарынан медицина мағынасы;
-атақты дәрігерлердің және дәрігер ғалымдарының ғылыми еңбектерінен,және олардың келешек мамандарға қалдырған мектептерінің мағынасын зерттеу арқылы және тағы басқа деректерден аламыз.
Қорытынды:
Медицина ол адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Медицина тарихы ғылым және пән ретінде,дәрігер мамандарын даярлауда өте маңызды орын алады,сонымен қатар келешектегі ғылыми даму прогресіне,әлеуметтік-саяси көзқарастарын дұрыс түсуінуіне,жалпы және арнайы мамандық тәрбиесіндегі дәрежелерін жетілдіруге үйретеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1)Мұхтар Әлиев.Қазақстан медицина тарихына қатысты маңызды деректер.
2)Бигалиева Р.К. Бүкіләлемдік медицина тарихы.-Алматы,2004.-390б.
3)Камалиева М.А.,Бигалиева Р.К.,Хабиева Т.Х. «Қазақстан халық медицинасы және қоғамдық денсаулық сақтау тарихы» .-Алматы,2009.-173б.