Медицина тарихының негізгі міндеттері: Оқушыларға тарихи зерттеу әдістерін және тарихи ойлануды үйретеді.Тарихи зерттеу ілімі-кең және біріккен төмендегі ғылыми түйіндегі түсінік болып табылады.
Медицинадағы материалдық және идеологиялық даму бағыттарын көрсетеді,сонымен қатар медицина теориясына талдау және қорытынды жасайды.
Дүниежүзілік медициналық даму тарихын оқыту арқылы халықаралық ынтымақтық түсінікті нығайтуға, әр елдердің дәрігерлерінің ғылыми және тәжірибелік жетістіктерін білу арқылы халықаралық медициналық тәжірибелік алмасуларды жақсартуға үйретеді.
Медицина тарихы мынадай мәселелерді зерттеуді алдына мақсат етіп қояды:
Медицинаның дамуындағы құбылыстардың заңдылығын көрсету, оның мирасқорлық екенін түсіндіру;
Медицина тарихында дәрігерлік салаларды жалғастыруын;
Дәрігерлік ілімнің дамуын жалпы қоғам дамуымен байланысты екенін көрсету арқылы ой-өрісті кеңейтіп, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Медицина тарихы зерттеу, іздену әдісіне үйретеді, емдеу дағдысына бағдарлайды. Ауру түрін анықтау, аның алдын алу, сонымен бірге осы айтылғандардың маңызын түсіне білу медицина тарихын оқып білу арқылы болады.
Қоғамның даму процесстерінің өндірістік күштердің, саяси ағымдардың медицинаны дамытуда, қандай әсерін тигізді, медицинаның құрамы өзгерді ме, нендей жаңалықтар болды, міне мұны да медицина тарихы үйретеді.
Өткен ғасырдың қыршынды жылдары проф.М.Н.Тихомировтың және кейінірек қайта қаралып нақты түрде профессор А.П.Пронштейн ұсынылған жіктеу бойынша барлық тарихи көздер жеті топқа бөлінеді:
Материалдық деректер: археологиялық қазбаларда табылған заттар мен түрлі деректер (палеантропологиялық т.б.),
Жазбаша деректері: ежелден бізге жеткен көне заманның графикалық белгілері, қолжазбалар немесе басылым құжат қағазға, папирусқа, қышқа түсірілген жазба айғақтарына жақын эпиграфиялық жазулар, олар тасқа, катты балшыққа, ағашқа, ағаш қыртысына немесе қабыққа (береста) т.б. қалдырған жазулар.
Этнографиялық деректер- бұл өткен заманнан адамзатқа мұра болып жеткен қоғамдық, мәдени өмірдің көріністері. Бұлар заман өзгеруіне сәйкес жаңа түрде өзгерілуі мүмкін. Мысалы: сенім, ұғым, дәстүр т.б.