№4 Дәріс тақырыбы: Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы
Жоспары: 1. Біртұтас педагогикалық үдеріс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде. 2. Біртұтас педагогикалық үдеріс белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары. 3. Қарама-қайшылық педагогикалық үдерістің қозғаушы күші.
Негізгі әдебиеттер: 1. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б. 2. Пидкасистый П.И. Педагогика. М.: 2001 3. Подласый И.П. Педагогика. Минск, 2006 4 Харламов И.Ф. Педагогика. Минск, 2002 5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002. Қосымша әдебиеттер: 1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с. 2. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.
Біртұтас педагогикалық үдеріс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде.
Педагогикалық үдеріс - бұл оқыту процесінде білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешудегі арнайы ұйымдастырылған мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушының өзара әрекеті болып табылады.
Тұтас педагогикалық үдеріс – бұл бірлік пен оның барлық компоненттерінің үйлесімді өзара әрекетіне тән болып табылатын, педагогкалық процестің жоғары деңгейде дамуы.
Кез келген мамандықтың кәсіби іс - әрекетінің объектісі болады, сол кәсіби іс - әрекеттің объектісінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір талаптар қойылады. Мұғалімнің кәсіби іс - әрекетінің объектісі біртұтас педагогикалық үдеріс болып табылады. (Оқыту мен тәрбиенің бірлігі П.В.Каптерев, М.А.Данилов).
Соның барысында мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - оқушыларға оқу пәндерінің мазмұнынан әлеуметтік тәжірибені алуға үйрету, адамзаттың жинақтаған рухани-мәдени құндылықтарын меңгерту. Бұл міндет қоғамның басты міндеттерінің бірі ретінде мұғалімнің кәсіби іс - әрекетімен тығыз байланысты қарастырылады. Барлық басқа да кәсіби іс-әрекеттер салалары секілді педагогикалық еңбекте мұғалім педагогикалық еңбектің субъектісі болады. Педагогикалық іс-әрекетте мұғалім - педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі болады. Осы орайда Н.В.Кузьмина мұғалімнің кәсіби еңбегінің ерекшелігіне былай сипаттама береді: «педагогикалық іс-әрекеттің объектісі сонымен бірге сол іс-әрекеттің субъектісі болады». Еңбек құралдары жағдайында мұғалімнің білімі, біліктілігі және тұлғалық қасиеттері, оның педагогикғалық құралдарына жатады. Дегенмен, адамның қандай-да бір іс-әрекетінің заттық саласы оның білімдер жүйесінен көрінеді. Біртұтас педагогикалық үдерісте «ұстаздар-оқушылар» жүйесін құрушы мұғалімдер мен оқушылар «субъект-субъект» ретінде белсенді әрекет етеді. Бұл жайында В.Е.Гурман: «Оқыту деген тар мағынада сабақ беру – оқуға басшылық ретінде түсіндіріледі. Ал кең мағынада – оқыту екі жақты үдеріс ретінде, оның құрамында оқу материалдарын меңгерушілердің, яғни оқушылардың іс-әрекеті (оқу), және оған басшылық процесі, яғни мұғалімнің іс-әрекеті (сабақ беру)» деп түсіндіреді.
Мектептегі мұғалім және оқушы іс-әрекеті педагогикалық процестің (оқыту-тәрбиелеу) субъектісі ретінде көзқарасқа қатысты еңбектер тек ХХ ғасырдың 1960 жылдары ғана жарық көрді. Мұғалімнің кәсіби даярлығына бағытталған бұндай зерттеулер қатарына жатады: