Наркоздан кейінгі ояну эфирдің өзгермеген түрінде шығуына байланысты. Дегенмен, бас миыдың қызметін толық қалыпты жағдайға келтіру үшін бірнеше сағат керек. Анальгезия ұзақ сақталады. Наркоздан кейінгі құсулар жиі байқалады. Эфирдің тыныс жолдарына тітіркендіргіш эсері операциядан кейінгі кезеңде бронхопневмонияның даму мүмкіндігінің себебі болады.
Газ тәрізді заттар
Газ тәрізді заттар
Бұл топқа азоттың шала тотығы, циклопропан, этилен жатады. Медициналық практикада кеңінен тараған бірінші препарат.
Азоттың шала тотығы: қолданылатын концентрациясы операция кезінде жанама әсер көрсетпейді. Тітіркендіргіш әсері жоқ. Паренхиматозды мүшелерге теріс әсер көрсетпейді. Азоттың шала тотығының негізгі жетіспеушілігі наркотикалық белсенділігінің төмендігі. Азоттың шала тотығы тыныс алатын ауада 94-95 % болғанда ғана наркоз шақырады. Мұндай концетрацияны қолдануға болмайды һйткені гипоксия басталады. Осыған байланысты анестезиологияда әдетте азоттың шала тотығының 80 % және оттегінің 20% қоспасы қолданылады. Бұл кезде анальгезия терең болады, бірақ қажетті наркоз тереңдігі дамымайды және қаңқа бұлшық еттерінің жеткілікті релаксациясын шақырмайды.