Ингаляциялық наркозды жүзеге асыру үшін, оңай буландыратын (ұшқыш ) сұйықтарды эфир, фторотан,метоксифлюран,хлороформ немесе газ тәрізді наркотикалық заттарды азот тотығын, циклопропанды қолданады
Ингаляциялық наркозды жүзеге асыру үшін, оңай буландыратын (ұшқыш ) сұйықтарды эфир, фторотан,метоксифлюран,хлороформ немесе газ тәрізді наркотикалық заттарды азот тотығын, циклопропанды қолданады.
Өкпені жасанды демалдыру аспаптары наркотикалық қоспаларды, оттегіні немесе белгілі бір көлемде және жиілікпен ауаны үрлеп жіберу үшін қолданылады.
Ингаляциялық наркозды жүргізу әдістері
Ингаляциялық наркозды жүргізу әдістері
Ашық әдіс: науқас анестетитикті ауамен қосып алады және оны қоршаған ауаға тынысымен шығарады ( маскалық наркоз)
Жартылай ашық әдіс: науқас оттегімен қосып,аспап арқылы наркотикалық затты тыныс алады және оны қоршаған ортаға тынысымен шығарады.
Жартылай жабық әдіс: науқас аспап арқылы наркотикалық қоспаны тыныс алады және оны жартылай аспапқа,жартылай қоршаған ортаға тынысымен шығарады. Аспапқа қайтадан түскен ауа адсорбер арқылы көмірқышқыл газынан босап өтеді де,наркотикалық қоспамен араласып қайтадан науқастың тыныс алу жолдарына түседі.
Жабық әдіс: тыныс алу және тыныс шығару аспаппен жүзеге асырылады.бұл әдісте наркотикалық қоспа қоршаған ортадан шектелген.