- Микроорганизмдерді зерттеу және практикада қолдану үшін, оларды жасанды қоректік ортада өсіре білу қажет. Бұл мақсатта өндірісте немесе лабораторияда қоректік орталар даярланады. Осындай арнайы даярланған орталар көмегімен микроорганизмдердің жеке түрлерін өсіріп алып зерттеуге мүмкіндік туады. Әдетте қоректік орталардың құрамы өсірілетін микроорганизмнің табиғатына сай болуы тиіс. Микробиологияда өте кең тараған қоректік орталардың бірі — ет сорпасынан жасалған орта. Бірақ кейбір микроорганизмдер (сүт қышқылы бактериялары) бұл ортада нашар көбейеді. Сондықтан оларға арнап сүттен, көкөніс және жемістен жасалған бірнеше қоректік орталар даярлайды. Микроорганизмдерді өсіру үшін қолайлы қолдан құрастырылған жасанды қоректік орталарды да пайдаланады. Мұндай орта сұйық және тығыз болуы да мүмкін. Сұйық ортаға ет-пептонды сорпа жатады. Ал тығыз орталарды алу үшін сұйық ортаға тез арада қататын теңіз балдырларынан алынған агар-агар полисахаридін қосады.
Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталар - Өсуге қажетті қосымша қоректік заттар. Микроорганизмдердін, басым көпшілігі белокты заттарды, май тектес заттарды (липидтер), нуклеин қышқылдарын, витаминдерді, углеводтарды және басқа да көптеген қосылыстарды өздері синтездей алады. Бірақ та кейбір гетеротрофтардың клетка қүрамына енетін қажетті заттарды түзетін қабілеті жоқ, сондықтан оларды өсіру үшін қоректік ортаға осы заттарды қолдан қосу қажет. Көбінесе бактериялар амин қышқылдарына, витаминдерге және басқа да өсуге қажетті қосымша заттарға мұқтаж болады. Оларға, көбінесе Ві — тиамин, В2—рибофлавин, холин, РР — никотин қышқылы, В6 — пиридоксин, Н — биотин, инозит, фоли қышқылы, пара-аминобензой қышқылы, Ві2 — кобаламин, К — витаминдері қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |