Жоспары жүрек қан тамыр жетіспеушілігі Жедел жүрек жеткіліксіздігінің этиологиясы Жедел жүрек жеткіліксіздігі себептері, патогенезі Жедел жүрек жетіспеушілігінің



бет1/8
Дата08.02.2022
өлшемі208,5 Kb.
#98515
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жүрек қан тамыр жетіспеушілігі реферат


ЖОСПАРЫ

  1. Жүрек қан тамыр жетіспеушілігі

  2. Жедел жүрек жеткіліксіздігінің этиологиясы

  3. Жедел жүрек жеткіліксіздігі себептері, патогенезі

  4. Жедел жүрек жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі

  5. Жүрек жетіспеушілігінің айырмашылықтары

  6. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі этиологиясы

  7. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің диагностикасы, емі


ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЭТИОЛОГИЯСЫ

Қан айналым жетіспеушілігі - жүрек-тамыр жүйесінің ағзалар мен тіндерге керекті қан мөлшерін жеткізе алмауы.


Қан айналым бұзылуы тек жүректің, не тек тамырдың зақымдануынан, не болмаса тұтас жүрек-тамыр жүйесінің зақымдануынан болады. Сондықтан қан айналысының жетіспеушілігін жүрек шамасыздығы, тамыр шамасыздығы және жүрек-тамыр шамасыздығы деп үш топқа бөлуге болады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетіні жүрек шамасыздығы.
Жүрек жетіспеушілігі деп ағзалар мен тіндердің дұрыс жұмыс атқаруына қажет затармен қамтамасыз ету және метоболизм өнімдерін шығаруға негізделген қанайналым аппаратының (соның ішінде жүрек өзінің жұмысын атқара алмауын), яғни жүректің жиырылу функциясының нашарлауын айтады. Себептері үш топқа бөлінеді.
Жүректің ішінде қан айналысы бұзылғаннан жүрекке күш түсу (көлемдік күш түсу):
а) митральды қақпақтың жетіспеушілігі;
б) қолқа қақпағының жетіспеушілігі
Қанды шығаруға кедергі болуынан жүрекке күш түсу гемодинамикалық) (қысымдық күш түсу):
а) артериялық гипертензия;
б) өкпе артериясының гипертониясы;
в) қолқа сағасының тарылуы.
Жүректің бұлшық етінің зақымдануы:
а) жүрек бұлшық етінің біріншілік зақымдануы (миокардиттер, кардиомиопатиялар, алкогольмен, наркотиктермен улану).
б) жүрек бұлшық етінің екіншілік зақымдануы (миокард инфарктынан кейінгі кардиосклероз, атеросклероз, эндокринді аурулар, токсикоаллергиялық аурулар, дәнекер тіннің жүйелі аурулары, анемиялар т.б.).
Даму механизмі: Аталған себептердің әсерінен организмде компенсаторлық факторлар іске қосылады – бұл жүрек функциясын сақтайтын факторлар.
Ол 2 топқа бөлінеді:

  • кардиальды реакциялар (жүрек жұмысында болатын реакциялар).

  • Экстракардиальды (жүректен тыс болатын) реакциялар.

Жүрек әлсіздігін екі вариантқа бөлуге болады:

  • Жедел жүрек жетіспеушілігі (ЖЖЖ).

  • Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ).

Жедел жүрек жеткіліксіздігінің этиологиялық себептері:

  • Жүректің қанмен немесе қысыммен зорығуы

  • Миокард жирылғыштығының бұзылысы

  • Жүректің дегенеративті өзгерістері мен жалпы массасының азаюы

  • Жаңа туылғандардың туа пайда болған жүрек ақаулары мен аномалиялары

  • Туа пайда болған бүйрекүсті безінің дисфункциясы

  • Туа пайда болған тыныс жеткіліксіздігі

Жаңа туылғандардың туа пайда болған ми қанайналым бұзылыстары: Ревматикалық емес жедел миокардиттер, перикардиттер, кардиомиопатиялар, жедел пневмониялар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет