Жедел жүрек жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі Жүрек шамасыздығының көрінісі сол қарыншалык және оң қарыншалық белгілерден құралады. Сол қарыншалық белгілер:
Өкпедегі іркіліс
Ентікпе,
Жүректік астма
Өкпенің ісінуі
Оң қарыншалық белгілер:
Веналық қысымның биіктеуі
Бауырдың ұлғаюы
Ісіну
Тамырлардың жалпы шеттік кедергісінің күшеюі
Сол қарынша жеткіліксіздігі белгілері Сол карынша шамасыздығының басты белгісі — ентікпе. Басында ентікпе тек күш түскенде болып, тыныш күйде жойылады. Кейде ентікпе дене қызметімен шүғылданбайтын сау адамдарда да бола береді, сондықтан ентікпеге алып келетін күштеменін деңгейі ескерілуі тиіс. Ентікпенің негізінде гипоксемия, өкпе тамырларындағы іркіліс, осыған байланысты өкпенін ісінуі және оның созылмалылығының төмендеуі жатады. Сондықтан тынысты камтамасыз ететін бұлшықет күштеніп жүмыс жасайды. Өкпеде қан іркілгенде науқас ентікпенің отырған қалыпта азаюын (ортопноэ) байқайды. Өйткені, отырған немесе тік калыпта қан дененің төменгі аймақтарында бөгеледі, онын оң жүрекшеге келуі азаяды, сондықтан кіші шеңбер жеңілденеді. Оң қарынша осалдана келе ортопноэ жойылады. Ұзаққа созылған іркілісте ентікпемен қатар, өкпенің төменгі аймақтарында ылғалды сырылдар мен крепитация естіледі. Жүректік астма — кіші шеңберде кан іркілісінің тез күшеюінен болатын ұстамалы ентікпе немесе ауа жетіспеуі. Оның негізінде өкпе капиллярларында гидростатикалық қысымның биіктеуінен канның сүйық заттарының тамырдың сыртына шығуы жатады. Осының салдарынан өкпенің интерстициялық тіні ісіне бастайды. Бірак лимфа ағымының кушеюі бүл процесті компенсациялап, ісінудің альвеолаларға дейін жетуіне жол бермейді. Жүректік астма, көбінесе түнгі мезгілде ұстауынан, кейде “түнгі пароксизмдік ентікпе” аталады. Ұстама қақырықты жөтелмен аяқталуы ықтимал. Ұстама кезінде өкпеде катаң тыныс және кейде ұсақ көпіршікті сырылдар естілуі мүмкін. Жүректік астма кезінде наукас жата алмай, төсегінен тұрып отырады. Өйткені горизонтальді қалыпта қысыла бастайды.