Жүктілер арасында ревматикалық ақаулар 6-10 пайызға дейін кездеседі, оның 80 пайызы ревматизм салдарынан. Ревматика ақауларымен ауыратын жүкті әйелдерде төменгі белгелерді анықтау қажет: Ревматизмнің кезеңін - белсенді немесе баяу; Белсенділігінің дәрежесін; үш сатыдан тұрады: 1-баяу сатысы, 2-орташа сатысы, 3-күшті сатысы. Ревматизмнің ағымын; бес ағымын ажыратады: жедел, жеделдеу, созылмалы, үздіксіз, қайталамалы, латентті (жасырын). Акаудың түрін; Басқа мүшелер мен жүйелердің күй-жағдайын. - Жүктілік кезіндегі қан айналым жетіспеушілігін анықтау үшін
Н.Д. Стражеско және В.Х. Василенко жіктелуін қолданады. I сатысы (жасырын): ентігу, жүрек соғу және шаршағыштық тек жұмыс бабында ғана болады. II А сатысы: қанның іркілуі тек кіші қан айналымы шеңберінде болады, ентігу отырған кезде өкпеде сырыл байқалады. II Б сатысы: қанның іркілуі кіші және үлкен қан айналымы шеңберінде; денеде ісіну пайда болады, көк бауыр үлкейеді. Ш сатысы (дистрофиялық): қанның іркілуі ең жоғары сатыда, осының салдарынан барлық мүшелер мен зат алмасуда патологиялық өзгерістер болады. Ревматизмнің өршуін анықтау үшін төменгі тәсілдерді қолданады: Ана организмінде инфекцияның созылмалы ошағын табу; - Дене қызуын анықтау;
- Лабораториялық зерттеу жүргізу
- Ревматизмнің өршуінде: дене ыстығы шамалы көтеріледі, СОЭ ұлғаяды, лейкоцитоз және қанның лейкоциттік қалпы солға жылжиды. Сонымен қатар, анемия, протеинурия, цилиндрурия байқалады. Жүктілікті созуға болмайтын көрсеткіштер: жүрек какпақшаларының жетіспеушілігінде (қанайналым жетіспеушілігі байқалса), ревматизм өршуінің белсенді фазасында; жыпылық артмиясында, өкпе гипертензиясында, декомпенсацияланған жүрек ақауында (қан айналым жетіспеушілігінен), ревматизмиің белсенді фазасымен бірлескенде.
- Жүректің тума ақаулары
- Бұл ақаулар ревматикалық ақауларға қарағанда сирек кездеседі, 0,5-8 пайыз аралығында, бірінші рет неонатологпен анықталады.
- Тума ақауларының түрлері:
- а) «Көк» кінарат:
- Фалло үштігі;
- Фалло бестігі;
- Эйзенменгер комплексі
- б) «Ақ» кінарат:
- ЖҚАҚ;
- ЖАК;
- Баталов өзегінің бітелмеуі;
- Аортаның тарылуы.
- Жүктілік тек толық компенсацияланған «ақ» кінаратты ақауларды ғана рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |