Біртізбекті антиденелер - олар иммундыглобулиндердің өзгергіш доменінің бөлiгi. Өзіндігі аффиндігі және блоктайтын касиет бар, бірак ықшамды көлемді имуногендігі жоқ. Бифункционалды антиденелердің спецификалығы әртүрлі антиген байланыстырушы орталығы болады, яғни, олар әр түрлі антигендік детерминанттарга бағытталған. Иммундытоксиндер иммундыглобулин мен токсиннің косындысы. Олар токсиннің молекуласын нысана-жасушаға жеткізіп жасушаның жойылуына, не зақымдалуына әсер етеді. Иммундытоксиндер мен бифункционалдық антиденелердің медицина саласында ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылуда зор болашағы бар.