Иммундыглобулиннің Е сыныбы. Оларды реагиндер деп те атайды. Қан сарысуындағы концентрациясы өте төмен, бip литр қандагы мөлшері 0,00025 грамм. IgE-нi анықтау үшін арнайы тәсілдер керек. Молекулалық салмағы 190 кДа. Басқа иммундыглобулиндермен салыстырганда оның қан сарсуындағы үлесі 0,002 пайыз. Адам бұл деңгейге 10-15 жас мөлшерінде жетеді. Көбінесе бронх, өкпе және ас қорыту жуйесінде жетілген лимфоциттер жэне плазматикалық жасушалармен синтезделеді. Комплементпен байланыспайды. Плацентаның кедергісінен өтпейді. Tiн жасушалары, базофилдермен өзара қатынасқа тусуге икемділігі өте жоғары. Жоғарғы сезімталдықтың жедел тұрінің дамыуына себепкер.