Имундыглобулиннің Д сыныбы. Иммундыглобулиндердің бұл түpi туралы мәлімет өте тапшы. Іс жүзінде олар тек қана қан сарысуында, иммундыглобулиндердің арасындағы пайызы 0,2. Қанның бip литріндегі мөлшері 0,03 грамм. Молекулалық салмағы 160 кДа, мономер. Комплементпен байланыспайды. Плацентаның кедергісінен өтпейді. Із ашар В лимфоциттердің рецепторлары болады.
Рецепторлық иммундыглобулиндер.Рецепторлық, не мембраналық иммундыглобулиндер В лимфоциттердің цитоплазмалық мембранасында орналасады. Антиген спецификалық рецепторлардың міндетін аткарады. Олар секреторлық иммундыглобулиндерге ұқсас, ал айырмашылығына құрамындағы ерекше М пептидінің болғаны жатады. Соның көмегімен В лимфоциттердің цитоплазмалық мембранасына жабысады.