Квинке ісінуінің аллергиялық және псевдоаллергиялық (тұқым қуалайтын) түрлерін ажыратады. Аллергиялық Квинке ісінуі көбінесе есекжеммен қатар келеді. Квинке ісінуі бар науқастарда басқа да аллергиялық аурулар түрі кездеседі: бронхиалды демікпе, поллиноз және т.б. Аллергиялық квинке ісінуі себептері мен даму механизмі аллергиялық есекжемдегідей. Ал псевдоаллергиялық түрінде комплемент жүйесінің белсенуінің , кинин тәрізді пептид түзілуінің генетикалық тұрғыдан бұзылуымен жүретін ісіну болады. Псевдоаллергиялық ісінудің себебі аздаған физикалық, термиялық немесе химиялық әсерлер болуы мүмкін.
Патогенезі;
20-25% жағдайда квинке ісігі тұкым куалаушылықпен жүреді,ол қан құрамындағы спецификалык С1ингибитор жетіспеушілігімен жүреді. Шамамен 30 % жағдайда, квинке ісігін идиопатикалык вариант ретінде атайды. Ол кезде аурудын себебін таба алмайды. Қалған жағдайда квинке ісігінің түрлері тағамдык аллергия, жәндіктер шағып алганда,карапайым гельменттер, кан аурулары, аутоиммундык аурулар жатады.
Клиникалық көрінісі;
Жедел басталуымен және спонтанды түрде өтуімен, терінің, тері асты қабатының және/немесе шырышты қабаттардың жергілікті ісінуімен сипатталады. Бет тінінің, білезік сыртқы бетінің және табанының ісінуі жиі байқалады. Ісіну аймағындағы тері әдетте боз немесе бозғылт-қызғылтым келеді, көп жағдайда қышу сезімі болмайды. Жергілікті өзгерістер бірнеше сағат немесе күн сақталады да кейін ізсіз кетіп қалады.
Ең қауіптісі болып көмекейдің ісінуі табылады. Бұл 20-25% жағдайда кездеседі. Науқаста кенеттен мазасыздық, бетінің бозаруы немесе көгеруі, тыныстың қиындауы дамиды, кейде қан қақыру болады. Ауыз қуысын қараған кезде жұмсақ таңдайдың, тілшіктің және таңдай бадамшаларының ісінуі көрінеді, ларингоскопия кезінде көмекей үсті және көмекейдің шырышты қабатының ісінуі тіркеледі. Осы жағдай 3-5 минуттан 20-30 минутқа дейін созылады және біртіндеп кетеді, ұзағырақ дауыс қарлығуы сақталады. Алайда ісінудің өсуі немесе кеңірдектің шырышты қабатына таралуы болуы мүмкін, осы кезде науқас жағдайы нашарлап асфиксиядан летальды нәтиже қаупі бар.